АлЭС қызметкері Дәулет Қарамолдаев «Аралас пирамида бойынша Қазақстан кубогы» беделді рейтингтік турнирінің жеңімпазы атанды. Ол дәлдік пен стратегиялық ойлау шеберлігін көрсете отырып, жарысты нық жеңіспен бастады.
Жартылай финалда және финалда Дәулет Қарамолдаев қарсыластарын 5:3 есебімен ойсырата ұтты. Осылайша ол аралас пирамида бойынша 2025 жылғы Қазақстан чемпионы атанды.
Дәулет өзінің еңбек жолын 1-ЖЭО-да релелік қорғаныс және автоматика аппаратурасын жөндеу бойынша электр монтері болып бастады. Қазір ол Батыс жылу кешені электр техникалық цехының бастығы.
Оның пікірінше, энергетик - перспективті, жауапты және сұранысқа ие мамандық.
«Менің мамандығымның әлеуметтік маңызы зор. Электр энергетикасы біздің өміріміздің маңызды бөлігі болып табылады», - дейді Дәулет Қарамолдаев.
Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл - еңбек пен жұмысшы мамандықтары өкілдерінің ел дамуына қосқан үлесін ерекше мойындаудың символы.
Энергетиктер елдің тіршілігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Олар өздерінің күнделікті қажырлы еңбегімен қазақстандықтардың үйлерінде жарық пен жылуды, ұйымдар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.
Біз энергетика саласының дамуына үлкен үлес қосатын мамандарымызды мақтан тұтамыз. Олардың тәжірибесі, білімі мен ісіне адалдығы елдің энергетикалық жүйесінің сенімділігі мен тұрақтылығының негізі болып табылады.
Экосән апталығын өткізудің мақсаты - әріптестерді күнделікті өмірдегі экологиялық өзгерістерге шабыттандыру, белсенді салауатты өмір салтын ұстану және бір жолғы қолданылатын полиэтилен пакеттерден, контейнерлерден және ыдыстардан бас тарту.
Компания қызметкерлеріне сәнді эко-шоперлер таратылды, олар сәнді аксессуар ғана емес, сонымен қатар қалдықтарды азайтуға да септігін тигізеді.
Экосән апталығы барысында қызметкерлердің балалары арасында «Тұтынылған заттарды кәдеге жаратыңыз!» ұранымен ең үздік қолдан жасалған бұйымдар конкурсы өткізілді.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған Экосән апталығы тұрақты және жасыл болашаққа қосылған маңызды үлес болып табылады!
Арматуралық-механикалық цех (АМЦ) – АлЭС бойынша өндірістік мақсаттағы негізгі құрылымдық бөлімшелердің бірі. Цех жоғары техникалық жағдайды сақтауда және бүкіл энергетикалық кешеннің жұмыс қарқынын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
1985 жылы құрылған арматуралық-механикалық цехте осы уақыт аралығында жоғары кәсіби команда құрылды.
Цех мамандарының бірі – Эдуард Баленский, электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі 6-разрядты электрослесарь. АМЦ - да ол 30 жылға жуық жұмыс істейді, шәкірт ретінде бастаған жас маман кәсіби слесарьға дейін шыңдалды.
«Мен үшін ұжыммен бір ырғақта жұмыс істеп, өз мамандығымның биігінен көріну өте маңызды. Өз жұмысымды мақтан тұтамын және балаларымның құрметіне ие болып, мені мақтан тұтатынына қуаныштымын. Соның нәтижесінде менің әрбір жұмыс күнім мәнді де мағыналы өтеді», - дейді Эдуард Баленский.
2024 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның қаржылық көрсеткіштері айтарлықтай жақсарды. Компанияның таза пайдасы алғаш рет 110 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылғы деңгейден 2,5 есе және 2022 жылғы таза пайдадан 3,7 есе жоғары.
Самұрық-Энерго қаржылық тұрақтылық бойынша жоғары деңгейді көрсетті, бұны халықаралық рейтингтік агенттіктер растады. Fitch Ratings «Самұрық-Энерго» АҚ-ның кредиттік рейтингтерін «BB+» деңгейінде растады, болжам -«Тұрақты».
2024 жылғы қаңтарда АХҚО биржасымен өтімділікті басқару бағдарламасы бойынша прелистингтік келісім жасалды, бұл «Самұрық-Энерго» АҚ тобының AIX-ке облигациялар шығаруды тез арада және жеңілдікті комиссиялармен жүргізуіне мүмкіндік береді.
2024 жылы АХҚО биржасында топтық бағдарлама шеңберінде алғашқы облигациялар, сондай-ақ I-REC жасыл сертификаттары шығарылды.
2024 жылдың мамыр айында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында кэш-пулинг іске қосылды, ол қолма-қол ақшаны басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
2024 жылғы шілдеде «Самұрық-Энерго» АҚ 2023 жыл үшін жалғыз акционердің пайдасына 20,6 млрд теңге мөлшерінде дивиденд төледі. Бұл сома Топ үшін рекордтық көрсеткішке жетті.
2024 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ қазақстандық 98 компанияның арасында 2023 жылғы жылдық есептерде ESG-ақпаратты ашу бойынша PwC Kazakhstan рейтингінде 1-орынға ие болды. Рейтинг басылымының тарихында алғаш рет рекордтық «А+» жоғары бағасы берілді, ол ең үздік халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.
ESG мәселелерін басқару деңгейінің жоғары екендігі Morningstar Sustainalitycs халықаралық рейтингтік агенттігінің «Самұрық-Энерго» АҚ ESG – 24,1 балл рейтингін беруі және осы рейтингтің үздік 20 энергетикалық компаниясының қатарына кіруі арқылы расталды.
2024 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ «Жария емес компанияның үздік жылдық есебі» аталымы бойынша жыл сайын өтетін ХХVII МОЕХ жылдық есептер конкурсында 2 орын алды.
2024 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында ЖЭК-тің электр энергиясын өндірудегі үлесі 8,3%-ға өсті.
2024 жылы Екібастұз 2-МАЭС, Алматы 1-ЖЭО және АлЭС БЖК-де атмосфераға шығарылатын шығарындыларға автоматтандырылған мониторингжүргізу жүйесі (АМЖ) енгізілді. АМЖ-нен деректер Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ақпараттық жүйесіне онлайн-режимде беріледі.
2024 жылғы деректер бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың үлестік шығарындылары 2023 жылмен салыстырғанда 13,8%-ға қысқарды.
2024 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында жалпы сомасы 14 млрд теңгеден астам табиғатты қорғау іс-шараларының кешенді бағдарламасы іске асырылды, оның ішінде кәсіпорындар аумағындағы жасыл желек алаңын ұлғайту, шаң-газ тазарту қондырғыларын жөндеу және т. б. бойынша жұмыстар жүргізілді.
Sustainable Fitch агенттігі 2024 жылы ESG рейтингін өткізу шеңберінде «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының биоәртүрлілікті қорғау жөніндегі белсенді жұмысын және соңғы 4 жылда парниктік газдар шығарындыларының (Scope 1) 18,9%-ға қысқарғанын атап өтті.
«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов China Energy International Group Co, Ltd Басқармасының Вице-төрағасы Сюе Даньфэнменкездесу өткізді. Келіссөз барысында тараптар жалпы қуаты 800 МВт жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы бірлескен жобаларды іске асырумәселелерін талқылады.
Осы бастамаларды іске асырудың құқықтық негізі 2024 жылғы 12 қарашада СОР 29 конференциясы алаңында қол қойылған Қазақстан Республикасының үкіметі мен Қытай Халық Республикасы үкіметі арасындағы келісім болды.
Жобалар Түркістан облысында қуаты 300 МВт күн электр станциясын және Қарағанды облысында қуаты 500 МВт жел электр станциясын салуды қамтиды. Бұл жобалар Қазақстандағы жасыл энергетиканың дамуына елеулі үлес қосады.
Кездесудің маңызды қорытындыларының бірі жобаларды іске асырудың негізгі кезеңдерін анықтау болды. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында негізгі жобалық құжаттарға қол қою жоспарланған. Сондай-ақ, осы жұмыс аясында тараптар бірлескен жобалық компания құру мәселесін талқылады.
Бұл қадамдар «Самұрық-Энерго» АҚ мен China Energy International Group компаниясының энергетика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және стратегиялық маңызды бастамаларды іске асыруға деген ұмтылысын көрсетеді.
2024 жылғы 18 қаңтарда Мемлекет басшысының қатысуымен өткен «Қазақстан-Италия» Инвестициялық дөңгелек үстелінің алаңдарында «Самұрық-Энерго» АҚ мен Ansaldo Energia арасында энергетикалық жобаларды, оның ішінде «Станция қуатын ұлғайта отырып, БГҚ базасында Алматы ЖЭО-3 нысанын қайта құру» жобасын іске асыру шеңберінде ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
2024 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Президенті «Total Eren арқылы энергия жинақтау жүйесі енгізілген қуаты 1 ГВт болатын ЖЭС салу» жобасы бойынша Үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы Жарлыққа қол қойды.
2024 жылғы 14 ақпанда ҚР Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ және Urbacon Concessions Investments WLL (UCC) арасында Қызылорда облысында бу-газ қондырғысы базасында қуаты шамамен 1100 МВт болатын электр станциясын салу жобасы бойынша Қағидаттар туралы келісімге қол қойылды.
20 наурызда Қазақстан Республикасы мен Катар мемлекетінің үкіметтері арасындағы басым салалардағы жобаларды дамыту үшін ұзақ мерзімді Стратегиялық әріптестік орнату туралы келісімге қол қойылды. Ірі инвестициялық жобалардың ішінде бу-газ қондырғысы базасында қуаты 1100 МВт болатын электр станциясы және 350 МВт Семей ГЭС нысандары бар.
2024 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Энергетика министрліктері арасында Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында ЖЭО салу жобалары бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
2024 жылғы маусымда Қазақстан-Корей бизнес-форумы аясында Самұрық-Энерго, Doosan Enerbility және KEPCO Plant Service and Engineering өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Тараптар ынтымақтастық орнату және Екібастұз ГРЭС-1, Екібастұз ГРЭС-2 және АлЭС-те түтін газдарын тазарту жөніндегі жобаларды бірлесіп іске асыру туралы ниеттерін білдірді.
2024 жылғы 2 шілдеде Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі аясында «Самұрық-Энерго» АҚ және China International Water & Electric Corp. (CWE) Қазақстанда алғашқы гидроаккумуляциялық электр станциясын (ГАЭС) салу жобасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
2024 жылғы 2 шілдеде Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі шеңберінде «Самұрық-Қазына» АҚ мен CNPC арасында PetroKazakhstan компаниясымен бірлесіп қуаты 400 МВт болатын ЖЭС салу жобасы бойынша Негіздемелік келісімге қол қойылды.
2024 жылғы 3 шілдеде «Самұрық-Энерго» АҚ мен China Energy арасында өзара түсіністік туралы меморандумға, 15 қазанда – қуаты 800 МВт болатын ЖЭК жобасын бірлесіп әзірлеу туралы келісімге қол қойылды.
2024 жылғы 26 шілдеде Шелек дәлізінде ЖЭК-ті 810 МВт-қа дейін кеңейту жобасы бойынша бірлесе жұмыс істеу туралы келісімге қол қойылды.
2024 жылғы 23 тамызда «Самұрық-Энерго» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ және PetroKazakhstan арасында «Қуаты 400 МВт-тық ЖЭС құрылысы» жобасы бойынша қағидаттар туралы келісімге қол қойылды.
2024 жылғы 28 тамызда Екібастұз ГРЭС-2 станциясы Ресей–Қазақстан консорциумымен 3-ші және 4-ші энергия блоктарын салу бойынша ЕРС-келісімшартына қол қойды.
2024 жылғы 29 тамызда Көкшетау қаласында ЖЭО құрылысы жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу шартына қол қойылды.
2024 жылғы қазан айында «Самұрық-Энерго» АҚ және China Power International Holding электр энергиясын жинақтау жүйесін орната отырып, қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу жөніндегі жобаны әзірлеу туралы келісім жасасты.
2024 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасының Заңымен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Катар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы басым салалардағы жобаларды дамыту үшін ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік орнату туралы келісім ратификацияланды.
2024 жылғы 12 қарашада COP 29 конференциясында ҚР және ҚХР Үкіметтері арасындағы келісімге, «Самұрық-Энерго» АҚ мен China Energy арасындағы 800 МВт ЖЭК жобасын бірлесе инвестициялау туралы келісімге қол қойылды. Жоба аясында Қарағанды облысында қуаттылығы 500 МВт болатын жел электр станциясын және Түркістан облысында қуаттылығы 300 МВт болатын күн электр станциясын салу жоспарланып отыр.
2024 жылғы 12 қарашада СОР 29 аясында MASDAR-мен бірлесіп энергия жинақтау жүйесі орнатылған 1 ГВт ЖЭС жобасы бойынша Инвестициялар туралы келісімге қол қойылды.
2024 жылғы 12 қарашада СОР 29 аясында China Power International Holding (CPIH) энергияны жинақтау жүйесімен 1 ГВт ЖЭС жобасы бойынша ҚР мен ҚХР арасындағы Үкіметаралық келісімге және Самұрық-Энерго мен China Energy арасындағы келісімге қол қойылды.
2024 жылғы қарашада Ресей Президентінің Қазақстанға сапары аясында Екібастұз ГРЭС-2 №3 және №4 энергия блоктарында ластаушы заттардың шығарындыларын азайту мәселелері бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ және «ОРГРЭС фирмасы» ЖШҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
2024 жылдың қараша айында «Самұрық-Қазына» және қытайлық SANY Renewable Energy басшылары Жамбыл облысында жел генераторларының компоненттерін шығаратын зауыт құрылысының басталуына жолдама берді.
2024 жылғы 15 қарашада СОР 29 аясында MASDAR-мен бірлесіп энергияны жинақтау жүйесімен 1 ГВт-тық ЖЭС жобасы бойынша электр энергиясын сатып алу шартына (PPA) қол қойылды.
2024 жылғы 4 желтоқсанда «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы және Power International Holding компаниялар тобының Президенті Қызылорда облысында бу-газ қондырғысы базасында электр станциясын салу жөніндегі жобаны бірлесіп іске асыру туралы келісімге қол қойды.
«№3 энергоблокты жаңғырту» жобасын іске асыру шеңберінде Жобаның ТЭН құжаттары әзірленді, 2024 жылғы желтоқсанда «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысы алынды.
2024 жылдың соңында «Алматы ЖЭО-2 жаңғырту» жобасы үшін газтурбиналық қондырғының 1 жиынтығын дайындау және қорытынды сынау аяқталды.
2024 жылғы 23 желтоқсанда Екібастұз ГРЭС-1-де №1 энергоблокты пайдалануға беру актісіне қол қойылды. Станция соңғы 30 жылда алғаш рет сегіз блокты режимде толық қуатымен жұмыс істей бастады.
2024 жылғы 23 желтоқсанда «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен инвестициялық жобалар портфелі бекітілді. Бұл портфель 34 жобадан тұрады және осы жобаларды іске асыру жалпы белгіленген қуатты 16,4 ГВт-қа арттыратын болады.
2024 жылғы 31 желтоқсанда Nebras Power компаниясымен Семей ГЭС нысаны жобасы бойынша бірлескен даму туралы келісімге қол қойылды.
Ауқымды жөндеу науқаны жүргізілді, 114 негізгі жабдық жөнделді.
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы 2024 жылы 39,8 млрд кВтсағ электр энергиясын өндірді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13% - ға артық.
2024 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ құрамына кіретін СЭС рекордтық деңгейде электр энергиясын өндірді. Су электр станциялары 5,6 млрд кВтсағ электр энергиясын өндірді. Жоспар 1,1 млрд кВтсағатқа асыра орындалды.
2024 жылы Мойнақ СЭС соңғы 5 жылда алғаш рет 1 млрд кВтсағаттан (1,07 млрд кВтсағ) астам электр энергиясын өндірді.
Өткен жылдың қазан айында Шардара, Мойнақ, Өскемен, Шүлбі СЭС-і жылдық электр энергиясын өндіру жоспарын мерзімінен бұрын орындады. Станциялар 4,5 млрд кВтсағ электр энергиясын өндірді.
2024 жылдың қорытындысы бойынша АлЭС, «Энергия Семиречья» ЖШС, «Samruk Green Energy» ЖШС электр энергиясын өндіру бойынша жылдық жоспарды 363 млн кВтсағатқа асыра орындап, жиынтығында 5,4 млрд кВтсағ электр энергиясын өндірді.
Abu Dhabi Sustainability Week 2025 форумы аясында Абу-Дабиде «Самұрық-Энерго» АҚ басшылығы мен жаңартылатын энергия көздері саласындағы жетекші халықаралық Masdar компаниясының кездесуі өтті. Тараптар Қазақстанның Жамбыл облысында энергия жинақтау жүйесі бар қуаты 1 ГВт жел электр станциясын (ЖЭС) салу жөніндегі ауқымды жобаны іске асыру мәселесін талқылады.
Кездесу барысында жобалау-іздестіру жұмыстарын, EPC-келісімшартқа қол қоюды және құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастауды қоса алғанда, жобаның2025 жылы іске асырылатын негізгі кезеңдері айқындалды. Жоба Қазақстанның ұлттық энергетикалық теңгерімдегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін ұлғайту және көміртегі шығарындыларын азайту жөніндегі стратегиясының бір бөлігі болып табылады.
Жел паркі шамамен 300 000 үйді қамтамасыз ететіндей жасыл энергия өндіреді және CO₂ шығарындыларын азайтады. Бұл оны ТМД-дағы ең ірі жел парктерінің біріне айналдырады.
Қазақстанның климаттық міндеттеріне сәйкес Жамбыл облысындағы жел электр станциясы елдің 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінен 15% энергия алу мақсатына жетуіне көмектеседі.
Еңбек ардагері Александра Иосифовна Стельмах 100 жасқа толды! Ардагерді мерейтойымен «Богатырь Көмір» ЖШС корпоративтік қоры мен кәсіподақ өкілдері құттықтады.
Александра Иосифовна соғыс жылдарында тылда еңбек етті, кейінгі өмірін Екібастұз көмір бассейнімен байланыстырды. Өз еңбек жолында жол бұрушыдан бастап станция кезекшісі қызметіне дейін еңбек етіп, көмір өнеркәсібін дамытуға үлкен үлес қосты.
Ардагер әріптестерінің құрметіне бөленіп, лайықты марапаттарға ие болды, «Еңбек ардагері» медалін және Жеңістің 65 жылдығы мен 70 жылдығына арналған мерейтойлық марапаттарды иеленді. Дегенімен, оның басты байлығы – өзінің үлкен отбасы: балалары, немерелері мен шөберелері.