«СамұрықЭнерго» басшысы X Спартакиада жүлдегерлеріне медальдарды табыс етті

«СамұрықЭнерго» басшысы X Спартакиада жүлдегерлеріне медальдарды табыс етті

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов компаниялар тобы қызметкерлері арасындағы X мерейтойлық Спартакиаданың жүлдегерлерін қабылдады. Ол энергетик спортшыларды жеңісімен құттықтап, оларға медальдар табыстады.

– Міне, он жыл қатарынан «Самұрық-Энерго» өткізіп келе жатқан Спартакиада Корпоративтік орталық пен барлық еншілес ұйымдардың қызметкерлерін біріктіріп келеді. Бұл жай ғана жарыс емес, бұл - біздің корпоративтік мәдениетіміз бен командалық рухымыздың символы. Өткен Спартакиадада сіздер тамаша спорттық нәтижелер көрсетіп, нағыз табандылық пен жеңіске деген жігерді көрсете білдіңіздер, – деді Қайрат Мақсұтов жеңімпаздарға арнаған сөзінде.

«Самұрық-Энерго» басшысы үздік спортшылардың «Самұрық-Қазына» АҚ-ның X Спартакиадасында компания атынан қатысатынын атап өтіп, олардың жоғары нәтижелерге және жаңа жеңістерге қол жеткізуіне тілектестік білдірді.