«Самұрық-Энерго» АҚ ұжымы – Қоғам алдында тұрған стратегиялық міндеттерге қол жеткізудегі негізгі буын және маңызды ресурс, табыс негізі әрі оның болашақтағы орнықты дамуының негізгі кепілі болып табылатын кәсібилер командасы.
Қоғам қызметкерлердің кәсіби дамуына мүмкіндіктер ұсына отырып, көптеген оқу бағдарламалары, мансаптық өсу және әлеуметтік қолдау арқылы персоналды басқару жүйесін жетілдіруге айрықша көңіл бөледі.
Қоғамда персоналдың сапасын қамтамасыз ету үшін үміткерлерді бос орындарға конкурстық іріктеу рәсімдері іске асырылады, ол конкурстық іріктеуге қатысатын барлық үміткерлерге тең мүмкіндіктерді қарастырады.
Қызметкерлерді конкурстық іріктеу рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін, қоғамның бос орындары SAMRUK QYZMET бос орындарының бірыңғай платформасында орналастырылған.