Жедел байланыс желісі
«Самұрық-Энерго» АҚ «Жедел желі» – заңды және/немесе Әдеп кодексін күдікті бұзушылықтар, алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, құпия және инсайдерлік ақпаратты рұқсатсыз жария ету жағдайлары туралы хабарлауға арналған арна екенін хабарлайды. Өнімдер мен қызметтерге қатысты сұрақтар бойынша, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының басшылығына ресми сауалдар алу үшін тұтынушыларды қолдау қызметтерін және компаниялардың корпоративтік веб-сайттарында берілген байланыс ақпаратын пайдаланыңыз. Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, конкурстық комиссияның, сараптамалық комиссияның немесе «Самұрық-Қазына» тобы компанияларының электрондық сатып алу ақпараттық жүйесінің операторының әрекеттері мен шешімдеріне шағымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес zakup.sk.kz сатып алу веб-порталы арқылы берілуі тиіс.

Комплаенс
Табысты компаниялардың қызметі сенімге негізделген. Компанияның адал әрі ашық бизнес жүргізуі – инвесторлар үшін маңызды. Сол себепті «Самұрық-Қазына» АҚ өз жұмысын сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік комплаенс тәжірибелеріне сәйкес жүргізеді. Самұрық-Қазына» АҚ-ның Комплаенс қызметі туралы ережеге сәйкес, комплаенс қызметі тікелей «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесіне бағынатын және есеп беретін тәуелсіз құрылымдық бөлімше болып табылады. Қызметтің негізгі мақсаты – Комплаенс бағдарламасын енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты айқындау, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ мен оның еншілес және тәуелді компанияларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалауды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың іске асырылуын бақылау.
Қордың негізін құраушы құндылықтар