Спорт әлеуеті: Самұрық-Энергоның Х Спартакиадасы

Спорт әлеуеті: Самұрық-Энергоның Х Спартакиадасы

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің арасында мерейтойлық Х Спартакиада өтті. Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімінде «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Аппаратының басшысы Ерген Шалин бірлік пен командалық рухтың символына айналған ауқымды спорттық іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, спортшыларға сәттілік пен жарқын жеңістер тіледі.
 
Жарысқа Корпоративтік орталық пен еншілес ұйымдардың 500-ден астам қызметкері қатысты. Олар спорттың 13 түрінен жарысты, олардың ішінде футбол, волейбол, шахмат, жүзу, арқан тарту, асық ату және басқалары бар. Спартакиадаға қатысушылар физикалық дайындығы бабында екенін, ұйымшылдығын және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті.
 
Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 1-орынды «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ командасы, 2-орынды – «Алматы электр станциялары» АҚ командасы, 3-орынды «Богатырь Көмір» ЖШС құрама командасы иеленді.