«Самұрық-Энерго» АҚ қызметінің 2024 жылғы негізгі оқиғалары

  • Екібастұз ГРЭС-1 станциясында №1 энергоблок пайдалануға берілді, соның нәтижесінде станция 30 жылда алғаш рет толық қуатымен жұмыс істей бастады.
  • Екібастұз ГРЭС-2 станциясы 3-ші және 4-ші энергия блоктарын салуға ЕРС-шартына қол қойды.
  • Көкшетауда салынатын ЖЭО жобасы үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу шартына қол қойылды.
  • Еншілес ұйымдарда ауқымды жөндеу науқаны жүргізілді.
  • Самұрық - Энерго 2023 жылы 98 қазақстандық компания арасында ESG-ақпаратты ашу бойынша PwC Kazakhstan рейтингінде 1 орын алды. Рейтинг басылымының бүкіл тарихында алғаш рет рекордтық «А+» жоғары бағасы берілді.
  • Самұрық-Энергоның 2023 жылғы жылдық есебі халықаралық ұйымдар нұсқасы бойынша үздіктердің бірі болып танылды.
  • Fitch Ratings халықаралық рейтингі «Тұрақты» болжамымен «BB+» деңгейінде расталды.
  • АХҚО биржасында топтық бағдарлама шеңберінде алғашқы облигациялар, сондай-ақ I-REC жасыл сертификаттары шығарылды.
  • «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2024-2033 жылдарға арналған жаңа Даму стратегиясы бекітілді.
  • Алғаш рет нақты уақыт режимінде өндірістік объектілерден келіп түсетін деректерді жедел бақылау және талдау үшін Ақпараттық мониторинг орталығы құрылды. 
  • «Самұрық-Энерго»  АҚ әйелдер клубы құрылып, компаниялар тобының алғашқы әйелдер форумы өткізілді.
  • «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының III Жастар форумы өтті​.

 

Өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі кеңес

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша кезекті кеңес өткізді. Ол биыл осы бағытта елеулі жұмыстардың атқарылғанын атап өтті. 

Мамандар NEBOSH және IOSH халықаралық бағдарламалары бойынша оқудан өтті, «Қауіпсіз өндіріс» автоматтандырылған жүйесі іске асырылды, «Стоп-карталар» тетігі, медициналық тексерулердің электрондық жүйесі (МТЭЖ), жедел персоналға арналған бейне-жетондар мен камералары бар бас киімдер енгізілді.

Самұрық-Энерго басшысы алдағы жылы станция қызметкерлері арасында жарақаттануды тұрақты түрде төмендету бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын атап өтіп, өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету шығындарын ұлғайту қажеттігі туралы айтты. Сондай-ақ жауапты құрылымдық бөлімшелерге өндірісте жарақат алуды нөлдік деңгейге жеткізу бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.

Екібастұз 1-МАЭС-те №1 энергия блогы пайдалануға берілді

Екібастұз 1-МАЭС-те №1 энергия блогын пайдалануға беру актісіне қол қойылды. Энергетика саласындағы маңызды оқиғаға ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов қатысты.

№1 энергия блогын қалпына келтіру жобасын іске асыру Екібастұз 1-МАЭС-тің соңғы 30 жылда алғаш рет сегіз блокты режимде толық қуатпен жұмыс істеуіне мүмкіндік берді. Осылайша станцияның қуаты 4000 МВт-ға дейін өсті.

Жоба шеңберінде 1-МАЭС-те энергия тиімділігі бойынша жақсартылған көрсеткіштері бар қуаты 540 МВт жаңғыртылған энергия блогы, жаңа қазандық, турбиналық жабдық, ластаушы заттар шығарындыларын азайтуға арналған электр сүзгілері және технологиялық процестерді басқарудың заманауи автоматтандырылған жүйесі орнатылды.

№1 энергия блогын пайдалануға беру жаңа жұмыс орындарын ашады, қосымша 400-ге жуық маман тарту жоспарлануда. Сондай-ақ, электр станциясының қуатын арттыру экономиканың басқа салаларын дамытуға мультипликативті әсерін тигізеді.

Жобаны іске асыру тұтынушыларды, өнеркәсіптік кәсіпорындарды тұрақты және сенімді энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ электр энергиясының тапшылығын жабады және елдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам болмақ.

Самұрық-Энергода ақпараттық мониторинг орталығы ашылды

«Самұрық-Энерго» АҚ-да Ақпараттық мониторинг орталығының ашылу рәсімі өтті. Бұл шараға «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов, ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, «KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасы Нәби Айтжанов қатысты. 

Орталық өндірістік көрсеткіштердің, жөндеу жұмыстарының динамикасын, сондай-ақ қажетті басқару шешімдерін жедел қабылдап, станциялардың негізгі жабдықтары мен электр желілері жұмысының ағымдағы жай-күйін қадағалау және талдау мақсатында құрылған. Қажетті деректер 70-тен астам өндірістік көрсеткіш бойынша орталыққа Самұрық-Энерго еншілес кәсіпорындарынан нақты уақыт режимінде келіп түсетін болады. 

Енгізілген ақпараттық жүйенің маңызды басымдылығы жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын бағалау және әртүрлі есептілік деректерін жедел қалыптастыру мүмкіндігі болып табылады.

Еншілес компаниялардан жабдықтың жай-күйі, өндіріс көлемі туралы өзекті ақпаратты уақтылы алу станцияларды, электр желілерін басқаруды, олардың жұмысын бақылауды жедел әрі тиімді жүзеге асыруға және олардың қызметіне қажетті түзетулерді уақтылы енгізуге мүмкіндік бермек. 

 

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті

«Самұрық-Энерго» АҚ-да Энергетик күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов компаниялар тобының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға қажырлы еңбегі мен өз ісіне адалдығы үшін алғысын білдірді.

Іс-шараға «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов, ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, «Kazenergy» қауымдастығының Бас директоры Жандос Нұрмағамбетов, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Талғат Темірханов қатысты. Олар елдің энергетика саласын дамытуда Самұрық-Энергоның маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, компанияның үздік энергетиктеріне ведомстволық наградаларды, құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті.

Энергетика күніне орай Самұрық-Энерго компаниялар тобының 250-ден астам қызметкері марапатталды. Олардың 32-сінің энергетика саласында 30-40 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.

Самұрық-Энерго басшысы Қайрат Мақсұтов компанияның еншілес ұйымдары  өндірістік қызметкерлері арасында алғаш рет өткізілген «Үздік өндіріс маманы» байқауының жеңімпаздарына дипломдар мен сертификаттарды табыс етті.

Салтанатты іс-шара әртістер мен компаниялар тобының талантты қызметкерлерінің қатысуымен өткен концертпен аяқталды.

 

Самұрық-Энерго PwC Kazakhstan рейтингінде бірінші орынды иеленді

«Самұрық-Энерго» АҚ 2023 жылы 98 қазақстандық компания арасында ESG-ақпаратты ашу бойынша PwC Kazakhstan рейтингінде 1 орынға ие болды. Рейтинг басылымының бүкіл тарихында алғаш рет үздік халықаралық стандарттарға сәйкес келетін «А+» рекордтық жоғары баға берілді.

148 критерий негізінде дайындалған рейтинг бес негізгі блок бойынша ақпаратты ашу сапасын бағалайды: тұрақты даму стратегиясы, корпоративтік басқару, қоғам, экология, есеп беру тәжірибесі. Қосымша ұпайлар ақпаратты ұсынудың анықтығы, уақтылығы және сапасы үшін беріледі.

Сондай-ақ, Самұрық-Энерго рейтингтің мынадай қосымша аталымдарында да жеңімпаз атанды:

·         Корпоративтік басқару мәселелерін жан-жақты ашу;

·         Тұрақты даму стратегиясын жақсы ашу;

·         Энергетика саласындағы ESG ақпаратын жан-жақты ашу.

Мұндай жетістікке компанияның экология, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару саласындағы деректерді ашудың ашықтығы мен сапасын арттыру жөніндегі жұмысының нәтижесінде қол жеткізілді. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның PwC Kazakhstan рейтингіндегі көшбасшылық позициясы компанияның тұрақты дамудың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізудегі рөлін растайды.

Біз Қазақстан болашағының тұрақтылығына өз үлесімізді қосамыз!

Рейтинг бойынша есепті толығырақ мына сілтеме бойынша оқи аласыз: https://www.pwc.com/kz/en/publications/esg/esg-top-50-december-2024-rus.pdf

 

 

Самұрық-Энерго мен Катардың Power International Holding тобы бірлескен жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойды

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов пен Power International Holding (PIH) тобының президенті Рамез Әл-Хаят бу-газ қондырғысы негізінде жұмыс істейтін электр станциясын салу жобасын бірлесіп іске асыру туралы келісімге қол қойды. 

Қызылорда облысында қуаты 1100 МВт энергетикалық нысан салу жоспарлануда. Жобаны іске асыру Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің тұрақтылығына оң әсер етеді. Сондай-ақ, жоба елдің энергия жүйесінің экологиялық тұрақтылығын арттыруға ықпал етіп, оны барынша таза әрі тиімді етеді.

Қол қою рәсімі барысында тараптар өзара құрмет пен сенім негізінде құрылған ұзақ мерзімді серіктестікті дамытудағы жетістіктерді атап өтті. Сондай-ақ, осы энергетикалық жобаны бірлесіп іске асырудың келесі қадамдары талқыланды.

Power International Holding — экономиканың түрлі секторларында жұмыс істейтін Катар конгломераты. Компания бүкіл әлем бойынша мыңға жуық жобаны ойдағыдай іске асырды.

Самұрық-Энерго басшысы компания тобының Жастар форумына қатысты

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов компания қызметкерлерінің III жастар форумын ашты. Форум қатысушыларына арнаған сөзінде компания басшысы жас таланттарды қолдау мен дамыту «Самұрық-Энерго» АҚ-ның басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті. 

«Біздің компанияда меритократия қағидаты қолданылады. Компаниядағы басшылық лауазымдарды тәжірибесіне, біліміне және іскерлік қасиеттеріне байланысты ортақ іс үшін адал және табандылықпен еңбек ететін жас қызметкерлер атқарады. Сіздерді жұмысқа бар ынта-жігерлеріңізді салуға шақырамын, сонда еңбектеріңіз әрқашан лайықты бағаланады», - деді Қайрат Мақсұтов.

Компания басшысы қатысушыларға қызықты пікірталас, жемісті жұмыс, жаңа идеялар мен жетістіктер тіледі. Айта кетейік, Жастар форумы өзекті мәселелер талқыланатын, қатысушылардың тәжірибе мен идея амастыратын алаңына айналды.  Аталған іс-шараға Самұрық-Энерго корпоративтік орталығы мен еншілес ұйымдарының 100 жас қызметкері қатысты. Форумды «Адам ресурстарын басқару» департаменті ұйымдастырды.

Самұрық-Энерго мен Urbacon Қазақстанда БГҚ негізінде электр станциясын салады

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов пен Urbacon Concessions Investment (UCC) бас директоры Мехмет Ариф Озозан Қызылорда облысында қуаты 1100 МВт бу-газ станциясын салу жөніндегі жобаның ағымдағы жай-күйін талқылады. 

Жобаны Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Оңтүстік аймағында жаңа маневрлік қуаттарды енгізу мақсатында іске асыру жоспарлануда. Жоба аясында инфрақұрылымды дамытуға үлес қосатын жаңа электр беру желілерін салу көзделеді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен Катар мемлекеті үкіметтері арасындағы жобаларды дамыту үшін ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік орнату туралы Келісім шеңберінде іске асырылатын жобаның негізгі аспектілерін қарастырды.

 

Самұрық-Энерго жылдық есептер рейтингінде 5 жұлдызға ие болды

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның жылдық есебі (2023 ж.) RAEX рейтингінде ең жоғары баға – 5 жұлдызға және «Ең үздік сападағы жылдық есеп» мәртебесіне ие болды. Конкурсқа 300-ден астам компания қатысты. Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік, тұрақты даму саласындағы жетекші мамандардан тұратын тәуелсіз комиссия жылдық есептерді мынадай өлшемшарттар бойынша бағалады:

- компанияның даму стратегиясын іске асыру;

- ақпараттың ашықтығы және сапасы;

- дизайн және ақпаратты жеткізу. 

Тәуелсіз сарапшылар Самұрық-Энергоның корпоративтік есептілігін ондағы ақпараттың ашық әрі толық көрсетілгені үшін жоғары бағалады. Жылдық есеп сапасының үздік болып танылуы – компанияның корпоративтік басқару саласындағы көшбасшылық ұстанымын растайды және мүдделі тараптармен диалогты одан әрі дамытып, нығайтуға ынталандырады.

 

Самұрық-Энерго құрамасы 2024 жылғы Спартакиаданың қола жүлдегері атанды

«Самұрық-Энерго» АҚ құрама командасының спортшылары «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының IX Спартакиадасында табысты ойын  көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша Самұрық-Энерго құрамасы жалпы командалық есепте үшінші орынға ие болды. 

Спортшыларымыз Ульяна Хатаева (жүзу), Индира Байжанова (армрестлинг), АЖК құрамасы (арқан тарту) және Сымбат Тұрсынбек (тоғызқұмалақ) алтын медаль иегерлері атанды. Жанат Сыдықбаев, Думан Жұматаев және Күлшім Әбдіқалықова (асық ату) үшінші орынды жеңіп алды.

Айбол Айтқұл (тоғызқұмалақ), Еркін Құрманбаев және Динара Көбегенова (шахмат) қола жүлдегерлері атанды.

Спорттық ойындардың қорытындысы бойынша Индира Байжанова «Самұрық-Қазына» АҚ қызметкерлері арасындағы Спартакиаданың бес дүркін чемпионы атанды. Өмеков Данияр арқан тартудан «Үздік якорь» (арқан тарту) аталымының жеңімпазы болды.