Мемлекет басшысының экологиялық мәдениетті дамыту және табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыру жөніндегі бастамасын қолдау мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы Екібастұзда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында қаланы көгалдандыруға өз үлестерін қосты.
«Самұрық-Энерго» АҚ–ның - Екібастұз 1-МАЭС, 2-МАЭС, Екібастұз ЖЭО және «Богатырь Көмір» ЖШС еншілес компанияларының 500-ден астам қызметкері 4000-нан астам ағаш көшетін екті. Энергетиктердің бірлескен жұмысы корпоративтік ынтымақтастық пен туған қаланың болашағы үшін жеке жауапкершіліктің жарқын үлгісі болды.
«Самұрық-Энерго» АҚ өңірлерді көгалдандыруға, абаттандыруға және экологиялық тұрақтылығын арттыруға бағытталған бастамаларды дәстүрлі түрде қолдайды. Мұндай акциялар экологиялық мәдениетті нығайтуға және Екібастұз тұрғындары үшін қолайлы қалалық ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.