«Самұрық-Энерго» АҚ-да әйелдердің кәсіби және жеке дамуын қолдау мақсатында 2024 жылы құрылған «Самұрық-Энерг» АҚ әйелдер клубының ұйымдастыруымен корпоративтік орталық пен еншілес компаниялардың әйелдеріне арналған форум-тренинг өтті.
Форумды «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов ашты. Ол іс-шараға қатысушыларды ұлттық мереке - Республика күнімен құттықтап, еліміздің өркендеуіне тілектестігін білдіріп, барша қазақстандықтарға амандық-саулық, ырыс-береке және табыс тіледі.
Компаниялар тобының әйелдеріне арнаған сөзінде Қайрат Мақсұтов энергетика саласындағы әйелдер көшбасшылығының ерекше маңыздылығына тоқталып, әйелдердің кәсіби және жеке дамуын қолдау компанияның маңызды басымдығы болып табылатынын атап өтті.
ҚР ҰЭМ кеңесшісі, Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы Түркі елдерінің кәсіпкер әйелдері кеңесінің төрағасы Ләззат Рамазанова, «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Ләззат Ахмурзина, журналист, тележүргізуші және медиаменеджер Майя Бекбаева форумның арнайы қонақтары болды. Олар өздерінің жетістіктері туралы әңгімелерімен бөлісті, көшбасшылық жолындағы сын-қатерлер туралы айтты және қатысушыларды жаңа жетістіктерге шабыттандырды.
Бағдарламаның негізгі өзегі - қазақстандық психолог, жаттықтырушы Вахтанг Жапаридзенің қарқынды оқыту сессиялары болды.








