Самұрық-Энерго мен Energy China Қазақстанда ірі күн электр станциясын салуға кірісті

«Самұрық-Энерго» АҚ Қытайдың Energy China компаниясымен серіктестікте Түркістан облысында энергия жинақтау жүйесі бар қуаты 300 МВт күн электр станциясын салуға кірісті.

Бүгін салтанатты рәсім аясында болашақ станция құрылысының басталуын білдіретін уақыт капсуласы салынды. Бұл Компанияның ұлттық энергия секторын жаңғыртуға және елдің оңтүстік өңірлерін энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыруға бағытталған жаңартылатын энергетика саласындағы негізгі жобаларының бірі.

Іс-шараға «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов, Energy China басшылары, ҚХР-ның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Хань Чуньлин, сондай-ақ Түркістан облысының басшылығы қатысты.

Тікелей алаңда құрылысты «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов, China Energy Overseas Investment Company Директорлар кеңесінің төрағасы Лин Сяо Дань және Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ресми түрде бастады.

Жоба компанияның «жасыл» генерация портфелін дамыту жөніндегі ауқымды бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Құрылыс кезінде мынадай инновациялық шешімдер қолданылады: күнді бақылау механизмі бар жаңа буынның фотоэлектрлік панельдері, сондай-ақ генерацияның тұрақтылығын қамтамасыз ететін және электр энергиясын желіге беру тиімділігін арттыратын энергияны жинақтау жүйелері орнатылады.

Жобаны іске асыру қосымша жұмыс орындарын ашады, өңірге инвестициялар ағынын қамтамасыз етеді және инфрақұрылымды дамытуға ынталандырады. Станция еліміздің күн объектілері арасындағы ең ірі қуаттардың біріне ие болады, бұл оңтүстік облыстардың энергия теңгерімін едәуір нығайтады.

«Самұрық-Энерго үшін бұл станцияны салу инвестициялық жоба ғана емес, сонымен қатар еліміздің ұзақ мерзімді орнықты дамуына қосқан үлесі болып табылады. Біз серіктестерімізбен бірлесе отырып, объектіні ең жоғары сапа мен сенімділік стандарттарына сәйкес іске асыра алатынымызға сенімдіміз», - деп атап өтті «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов.

 

«Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік басқару және орнықты даму жөніндегі мамандармен кездесу өткізді

«Самұрық-Энерго» АҚ-да компаниялар тобының корпоративтік басқару, орнықты даму және ESG мамандарының жыл сайынғы стратегиялық кездесуі өтті.

Іс-шара 2025 жылдың қорытындысын шығару және 2026 жылға арналған басымдықтарды айқындау үшін негізгі кәсіби алаңға айналды.

Кездесуді аша отырып, Құқықтық қамтамасыз ету және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор Нұрлан Жапарханов «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы ішіндегі жүйелі өзара іс-қимылдың, тәжірибелер алмасудың және басқару процестерінің сапасын арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу аясында келесі жылға жалпы бағдарлар қалыптастырылып, компаниялар тобының адал басқару және орнықты өсу қағидаттарына бейілділігі расталды.

Талқылау барысында қатысушылар еңбек қауіпсіздігі, кадр әлеуетін дамыту, экологиялық жауапкершілікті арттыру және корпоративтік процестерді одан әрі жетілдіру мәселелеріне назар аударды.

Кездесу соңында мамандар қызметтің тұрақтылығын арттыруға, компаниялар арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге және басқаруда заманауи тәсілдерді енгізуге бағытталған 2026 жылға арналған бірлескен бастамаларды белгіледі.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы корпоративтік басқарудың тұрақты және тиімді моделін қалыптастыра отырып, ашық диалог пен кәсіби практикалармен алмасу мәдениетін дамытуды жалғастырады.

 

«Самұрық-Энерго» АҚ жылдық есебі үшін Marcom Awards 2025 халықаралық сыйлығының алтын мүсіншесіне ие болды

«Самұрық-Энерго» АҚ 2024 жылғы жылдық есебі үшін Рublications | Annual Report | Government санатындағы беделді Marcom Awards 2025 халықаралық конкурсында алтын мүсіншеге лайық деп танылды. Марапат әлемдік деңгейде танылған корпоративтік коммуникациялардың, ашықтықтың және ашылатын ақпараттың деңгейінің жоғары екенін растайды.

Маркетинг және коммуникация кәсіпқойларының қауымдастығы (Association of Marketing and Communication Professionals, AMCP) өткізетін Marcom Awards халықаралық конкурсы маркетинг және коммуникация материалдары саласындағы ең маңызды конкурс болып табылады. 2004 жылы құрылғаннан бері ол жобалардың креативтілігін, стратегиясын, мазмұнын және визуалды іске асырылуын бағалай отырып, ондаған елдерден жыл сайын мыңдаған жұмыстарды тартады.

Бұл халықаралық марапат «Самұрық-Энерго» АҚ есептілігінің жоғары сапа стандарттарына, инновациялық мазмұнына және негізгі деректердің тиімді таныстырылымына сәйкестігін растайды. Ол компанияның ашықтық деңгейін арттыруға, стейкхолдерлердің сенімін нығайтуға және корпоративтік коммуникациялардың жаһандық аренасында позицияларды нығайтуға деген ұмтылысын атап көрсетеді. 

 

«Самұрық-Энерго» АҚ RAEX жылдық есептерінің беделді рейтингінде 5 жұлдызға ие болды

«Самұрық-Энерго» АҚ RAEX халықаралық рейтингтік агенттігі жариялаған 2025 жылғы коммерциялық ұйымдардың жылдық есептері рейтингінде ең жоғары баға — 5 жұлдызды иеленді.

Бұл жоғары баға ақпаратты ашу және ашықтық сапасының деңгейі мейлінше жоғары ашылған есептерге беріледі, бұл Компанияның корпоративтік басқару және ашықтық деңгейінің жоғары екенін растайды. 393 ұйым қатысқан конкурста барлық есептерді RAEX стратегиялық мазмұны, ашықтық деңгейі және материалдарды ұсыну сапасы секілді негізгі факторлар бойынша бағалады.

«Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік есептіліктің сапасын нығайта, ESG-ашуды кеңейте және орнықты дамудың үздік халықаралық тәжірибелеріне сәйкес ашықтықты арттыра отырып, жүйелі дамуды жалғастырады. Компания экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық жауапкершілікті өзінің ұзақ мерзімді стратегиясының негізі ретінде қарастыра отырып, ESG принциптеріне адалдығын үнемі көрсетеді.

 

Өндірістегі электр қауіпсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы

«Самұрық-Энерго» АҚ «Еңбекті қорғау» департаменті еншілес және тәуелді ұйымдардың электр қондырғыларын пайдалануға жауапты цехтарының басшыларымен өндірістік объектілердегі электр қауіпсіздігі деңгейін арттыру мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өткізді.

Жиын барысында электр қауіпсіздігі талаптарын сақтау қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғаудың негізгі элементі болып табылатыны атап өтілді. 

«Біз қауіпсіздіктің немқұрайлы қаралуына жол бере алмаймыз. Әрбір бұзушылық қызметкерлердің өміріне тікелей қауіп төндіреді. Біз талаптарды күшейтіп, жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін жеке жауапкершілік пен қосымша бақылау шараларын енгіземіз», - деп атап өтті «Еңбекті қорғау» департаментінің директоры Дүйсенбек Шардарбеков.

Қатысушылар ток соғу салдарынан болатын жарақат алу жағдайларының негізгі себептерін қарастырып, олардың алдын алу шараларын талқылады. Ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар үшін басшылардың жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ өндірістік жарақат алудың алдын алуға бағытталған проактивті тәсілдерді енгізуге ерекше назар аударылды.

Қызметкерлердің қауіпсіздігіне «Самұрық-Энерго» АҚ ерекше басымдық беретіні сөзсіз. Компания кәсіпорындарда ток соғу салдарынан болатын жарақат алу жағдайларын одан әрі азайту үшін қорғау шараларын жетілдіруді жалғастырады. 

 

«AI Leaders»: Жасанды интеллектіні қолдану бойынша стратегиялық сессия

Самұрық-Энерго «AI Leaders» бағдарламасы аясында еншілес компанияларға жасанды интеллектіні енгізу бойынша стратегиялық сессия өткізді. 

Іс-шара «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтовтың қатысуымен өтті. Сессия Қоғамның компаниялар тобының басшыларын жинап, энергетика саласындағы жасанды интеллектінің рөлін талқылау үшін негізгі алаңға айналды. 

Іс-шараның басты мақсаты - жасанды интеллект саласындағы жобаларды дамытудың бірыңғай векторын қалыптастыру, басым бағыттарды айқындау және «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы ішінде цифрлық шешімдерді масштабтау үшін практикалық қадамдарды әзірлеу.

 

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі комитетінің мүшелері таланттар пулы қатысушыларымен кездесті

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының 2023-2031 жылдарға арналған кадр саясатын енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитетінің (ТСК) мүшелерімен және Қоғамның сабақтастық жоспары мен таланттар пулына енгізілген қызметкерлермен жыл сайынғы кездесу өтті.

Кездесудің негізгі тақырыбы «Стратегиялық ойлауды дамыту» туралы болды, бұл әсіресе қарқынды дамып келе жатқан және бәсекеге қабілетті энергетика саласында жұмыс істейтін мамандар үшін маңызды. Тұрақты энергия көздеріне көшуді, цифрландыруды және климаттық өзгерістерге қарсы күресті қоса алғанда, энергетика секторындағы жаһандық өзгерістер жағдайында ұзақ мерзімді стратегияларды әзірлеу мен енгізу мүмкіндігі табыстың ажырамас элементіне айналады.

Іс-шара барысында қатысушылар стратегиялық ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған практикалық тапсырмаларға, ойындарға және кейстерді талдауға белсенді қатысты. Талқылаулар тез өзгеретін технологиялар, энергетикалық нарықтар контексінде дұрыс шешімдердің қаншалықты маңызды екеніне назар аударды.

Қатысушылар энергетика саласының болашағына жоғары қызығушылық танытып, компанияның тұрақты дамуы үшін стратегиялық тәсілдің маңыздылығын атап өтті.

Кездесуде ТСК мүшелері сөз алып, өздерінің құнды тәжірибелерімен және стратегиялық көзқарастарымен бөлісті, сондай-ақ одан әрі кәсіби тұрғыда өсу үшін пайдалы ұсынымдар берді. Олар таланттар пулы әлеуетінің жоғары екеніне сенім білдіріп, қатысушыларға инновациялық тәсіл мен жаһандық сын-қатерлерге бейімделу қабілетін талап ететін энергетика секторында көшбасшы болуға табыс тіледі.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар теориялық білім ғана емес, сонымен қатар кәсіби қызметтегі стратегиялық тәсілдерді де жақсартуға ықпал ететін практикалық әдістермен танысты.

 

Самұрық-Энерго отандық өндірушілерді қолдау бойынша жұмысты күшейтуде

«Самұрық-Энерго» АҚ Қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры Асқар Балтабаев еншілес және тәуелді ұйымдардың ағымдағы жылдың 10 айындағы сатып алу қызметінің қорытындыларына арналған жұмыс кеңесін өткізді. 

Кездесу шеңберінде жылдық жоспардың орындалуын, отандық тауар өндірушілермен өзара іс-қимыл деңгейін, елішілік құндылық үлесін, сондай-ақ тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу рәсімдерінің тиімділігін қоса алғанда, компаниялар тобы бойынша сатып алудың негізгі көрсеткіштері егжей-тегжейлі қаралды. Импорт алмастыруды дамытуға және ұлттық өндірушілерді қолдаудың негізгі құралы ретінде офтейк-келісімшарттарды қолдануды кеңейтуге ерекше назар аударылды. 

2025 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ тобы бойынша елішілік құндылық үлесін 74%-ға жеткізе отырып, 199,5 млрд теңге сомаға тауарларды жеткізуге шарттар жасасу болжанып отыр. Бұл көрсеткіштер отандық кәсіпорындардың сатып алу рәсімдеріне қатысуын арттырудағы оң динамиканы көрсетеді. 

Кеңес қорытындысы бойынша еншілес және тәуелді ұйымдарға «Самұрық-Қазына» АҚ Сатып алуды жүзеге асыру тәртібін қатаң сақтауды қамтамасыз ету, рәсімдерді жүргізу кезінде отандық өндірушілердің басымдығын сақтау, сондай-ақ елішілік құндылық үлесін ұлғайту жөніндегі жұмысты күшейту тапсырылды. 

Самұрық-Энерго отандық өндірушілерді қолдау, сатып алулардың ашықтығын арттыру және энергетика саласында тұрақты жеткізу тізбегін дамыту жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастырады. 

 

Самұрық-Энерго әлеуметтік тұрақтылық көрсеткіштерін жақсартты

Samruk Research Services (SRS) зерттеуінің нәтижелері бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобындағы әлеуметтік тұрақтылық индексі 2025 жылы 77% -ды құрады, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 8% - ға жоғары.

SRS қорытынды индексі үш құрамдас негізінде қалыптасады:

• қатысу индексі;

• әлеуметтік әл-ауқат индексі;

• әлеуметтік тыныштық индексі.

Бұл нәтиже “Самұрық-Энерго” АҚ компаниялары тобындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарының оң динамикасын көрсетеді. Индекстің жоғарылауы қабылданып жатқан шаралардың, компанияның әлеуметтік саясат пен корпоративтік мәдениетті жетілдіру жөніндегі жұмысының тиімділігін растайды.

 

Самұрық-Энерго басшысы мен Түркістан облысының әкімі ЖЭК жобасын іске асыру мәселесін талқылады

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуде Түркістан облысының Сауран ауданында қуаты 300 МВт күн электр станциясын салу жобасын іске асырудың мәселелері мен ағымдағы мәртебесі қаралды.

Жоба 2024 жылғы қарашада COP29 конференциясы алаңында қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Үкіметтері арасындағы «Жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру туралы» Келісім шеңберінде іске асырылуда.

Тараптар ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталуы жоспарланып отырған ЕРС-келісімшартын дайындау және оған қол қою бойынша ілгерілеуді, сондай-ақ алаңдағы дайындық іс-шараларының ағымдағы барысын талқылады.

Жобаның аймақ үшін стратегиялық маңыздылығы, оның жаңартылатын энергия көздерінің үлесін ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға қосқан үлесі атап өтілді.

 

Самұрық-Энерго басшысы жұмыс сапарымен Екібастұзға барды

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов Екібастұзға жұмыс сапары барысында қала әкімі Аян Бейсекинмен кездесті. Тараптар ағымдағы жылу беру маусымының өту барысын және «Самұрық-Энерго» АҚ-ның қаланың әлеуметтік жобаларына қатысуы мәселесін талқылады.

Содан кейін Самұрық-Энерго басшысы компанияның Павлодар облысында орналасқан энергетикалық нысандарын аралады. Қайрат Мақсұтов «Богатырь Көмір» ЖШС басшылығының алдына еліміздің электр станцияларына көмірді тұрақты әрі сенімді жеткізуді тапсырды. Компания жаңа өндіруші қуаттарды енгізуді ескере отырып, кәсіпорынды дамыту мен өндірістік қуатты ұлғайтудың кешенді бағдарламасын ұсынды.

Екібастұз 2-МАЭС-те Самұрық-Энерго басшысы №3 энергия блогын салу жобасының іске асырылуын тексеріп, мердігерлердің құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалу барысы туралы ақпаратын тыңдады.

Келесі нысанға - Б.Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС-ке барып, Қайрат Мақсұтов жұмыс кеңесін өткізді. Станция басшылығы жөндеу бағдарламасының аяқталғаны, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарды өткізгені, сондай-ақ отын беруді қайта құру және жаңғырту, жаңа түтін құбырын салу бойынша іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар туралы баяндады.