«Самұрық-Энерго» АҚ-ның өндірістік көрсеткіштері тарихи ең жоғары деңгейге жетті

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның өндірістік көрсеткіштері тарихи ең жоғары деңгейге жетті

2025 жылғы қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес кәсіпорындарының электр энергиясын жиынтық өндіру көлемі 40,4 млрд кВт•сағатты құрады. Бұл көрсеткіш 2024 жылғы деңгейден 2%-ға артық және соңғы 20 жылдағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады.

Компания Қазақстанның электр энергиясы нарығында көшбасшылық позициясын нық сақтап келеді: «Самұрық-Энерго» АҚ-ның үлесі шамамен 33%-ды құрайды.

Есепті кезеңде жылу энергиясын өндіру 7,2 млн Гкал құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6%-ға артық.

Көмірді өндіру мен сату да тұрақты өсуді көрсетті. «Богатырь Көмір» ЖШС көмір өндіру көлемін 2024 жылмен салыстырғанда 6%-ға арттырып, көрсеткішті 45,3 млн тоннаға жеткізді. Көмір сату 44,3 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-ға жоғары.

«АЖК» АҚ электр энергиясын беру көлемі 9,9 млрд кВт·сағ жетті, бұл 2024 жылғы деңгейге қарағанда 7%-ға өсімді көрсетті. «Энергосбыт» АЖК филиалының электр энергиясын өткізу көлемі 10%-ға ұлғайып, 9,6 млрд кВт·сағ құрады.