Энергия тиімділігі және инновациялар: 2025 жылдың қорытындылары

Энергия тиімділігі және инновациялар: 2025 жылдың қорытындылары

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның компаниялар тобында энергия тиімділігі мен орнықты дамуына бағытталған бастамалар дәйекті түрде іске асырылуда.

Энергия тиімділігі 

Жедел деректер бойынша 2025 жылы 65 іс-шара асырылып, оның нәтижесінде 207 мың тоннадан астам шартты отын үнемделді. Бұл шаралардың қаржылық әсері 2 млрд теңгеден астам (жоспарлы көрсеткіш 1,5 млрд теңге) соманы құрады.

Рационализаторлық ұсыныстар 

2025 жылы жиынтық экономикалық әсері 466,4 млн теңгені құрайтын 31 рационализаторлық ұсыныс мақұлданды. Екібастұз ГРЭС-2-ның қызметкері Дмитрий Мартыненко «Самұрық – Қазына» АҚ-ның «Үздік инновациялық компания – 2025» байқауының «Үздік инноватор-2025» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Ең үздің қолжетімді технологиялар 

Энергетикалық нысандардың экологиялық тиімділігін арттыру үшін, Екібастұз 1-МАЭС, 2-МАЭС және «АлЭС» АҚ-ның кәсіпорындарында ең үздік қолжетімді технологияларды енгізу бойынша жол карталары әзірленді.

Бұл бастамалардың іске асырылуы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның энергия тиімділігі, инновациялық даму және экологиялық жауапкершілік қағидаттарына бейілділігін растайды.