«Орталық Азия-Қытай» индустриялық – инвестициялық ынтымақтастық форумы аясында «Самұрық-Энерго» АҚ мен Қытай халықаралық су шаруашылығы және энергетика корпорациясы (ҚХСШЭК) арасында Қазақстан Республикасында гидроаккумуляциялық электр станциясын (ГАЭС) салу жобасы бойынша бірлескен қызмет туралы келісімге қол қойылды.
Жобаның Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін теңгерімдеу үшін маневрлік генерацияның қосымша резервтерін құруда стратегиялық маңызы зор. Қол қойылған Келісім келесі кезеңге - жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге дайындық форматын айқындайды. Құжат тараптардың елдің тұрақты дамуы үшін негізгі мәнге ие жобаны одан әрі уақтылы іске асыруға өзара мүдделілігін растайды.
Өткен жылдың шілде айында «Самұрық-Энерго» АҚ мен ҚХСШЭК арасында жобаны іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Осы келісімнің шеңберінде техникалық-экономикалық зерттеу жүргізілді және ГАЭС салуға Алматы облысынан екі басым алаң айқындалды.