«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

IMG 7338

Бүгін, 06.10.2022 г. күні «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімімен Серік Түйтебаев «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

«Самұрық-Энерго» АҚ жаңа басшысын ұжымға  «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев таныстырды.

Түйтебаев Серік Сүйінбекұлы 1958 жылы Алма-Ата қаласында дүниеге келген.  

Алма-Ата энергетикалық институтында «Жылу электр станциялары», Алматы энергетика және байланыс институтында «ЖЭК кәсіпорындарындағы  экономика және менеджмент» мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1981 жылы ОртаАзЭнергоМонтаж компаниясында  іске қосу және ретке келтіру басқармасы шеберінің көмекшісі қызметінен бастаған.  

Содан кейін Алматы Энергетикалық университетінің еңбек және қоршаған ортаны қорғау кафедрасының инженері болып қызмет істеген.

АЖЭО-2 турбиналық цехінің турбиналық жабдығы бойынша аралап өтуші машинистінен бас инженер, одан әрі басқарушы директоры лауазымына дейін еңбек жолын өткерген.

Сонымен қатар, «Алматы электр станциялары» АҚ-ның басқарушы директоры орынбасары, Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Басқарма Төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

 2014 жылдың қаңтар айынан бастап – «Самұрық-Энерго» АҚ «Генерация» дивизионының басқарушысы, одан әрі Қоғамның Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры.  

2022 жылдың маусымынан бастап «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы қызметін атқарды.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі.

 

«Самұрық-Энерго» АҚ - акциялары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға 100% тиесілі Қазақстандағы ірі электр энергетикалық холдинг. 2007 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары кіреді, оның ішінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 Станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Мойнақ ГЭС» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және басқалары бар.

______­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­_____________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Баспасөз қызметі

Тел: 8(7172) 55-30-62; 8 (7172) 55-30-66

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.  

Самұрық-Энерго қызметкерлері «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларының жекешелендіру бағдарламасымен және IPO-мен танысты

«Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік орталығында «Самұрық-Қазын» АҚ портфельдік компанияларының жекешелендіру және IPO мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде компания қызметкерлерімен кездесу өтті. Қордың, «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, қазақстандық AIX және KASE қор биржаларының және брокерлік-дилерлік ұйымдардың өкілдері спикерлер ретінде сөз сөйледі.

 MG 7785

 MG 7791

Сарапшылар бағалы қағаздарды сатып алу тетіктері, олардың кірістілігі, акциялар саудасына байланысты ықтимал тәуекелдер, процеске қатысатын компаниялар туралы мәліметтерді қоса алғанда, IPO бағдарламасын іске асырудың ерекшеліктерін егжей-тегжейлі баяндап берді. Кездесудің соңғы бөлігінде іс-шараға қатысушылар бағалы қағаздарға инвестиция салуға қатысты өздерін қызықтыратын сұрақтардың барлығын қоюға мүмкіндік алды.

«Биржаның қатысуымен, инвестициялық банктердің, брокерлердің қатысуымен өтетін мұндай кездесулер біздің қызметкерлеріміздің қаржылық сауаттылығын дамыту үшін өте пайдалы, қызметкерлеріміздің Қорды дамытуға, елдің дамытуға, оның ішінде өзінің де әл-ауқатын жақсартуға қатысуын арттырады. Сондықтан, біз Самұрық-Энергоның қаржы блогы ретінде корпоративтік орталық қызметкерлерінің де, еншілес ұйымдар қызметкерлерінің де қатысуын қолдаймыз» - деп атап өтті кездесуге қатысушы «Самұрық-Энерго» АҚ «Қазынашылық және корпоративтік қаржы» департаментінің бас сарапшысы Сұлтан Мұқаев.

 MG 7793

 MG 7793

Ағымдағы жылдың жазында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ны 2022 жылдың соңына дейін IPO-ға шығаратынын хабарлағанын естеріңізге сала кетейік. Қор елдің жетекші мұнай-газ ұлттық компаниясының IPO-сын Қазақстанның барлық тұрғындары үшін қолжетімді етуді, сондай-ақ бөлшек және институционалдық инвесторларды барынша көп қамтуды жоспарлап отыр.

 

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің арасында өткен VII Спартакиада аяқталды

24-25 қыркүйекте «Самұрық-Қазына» АҚ қызметкерлерінің арасында VII Спартакиада Суперфиналының қорытынды ойындары өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен ең мықты спортшылар жиналған спорт аренасындағы құштарлықтың қызуы жанкүйерлерді соңғы секундқа дейін ширықтыра ұстап тұрды.

«Самұрық-Энерго» АҚ энергетиктері туының астында жеті құрама команда  өнер көрсетті, олар: «Самұрық-Энерго» орталық офисінің, Екібастұз ГРЭС-1, ГРЭС-2, «Богатырь-Көмір» ЖШС, «АлЭС» АҚ, «Мойнақ ГЭС» АҚ және «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметкерлері.

Жарыс қорытындылары бойынша мыналар жүлделі орындарға ие болды:

Кристина Гринченко, 65 кг дейінгі салмақта армрестлингтен әйелдер арасында 3-орын. («Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ)

Евгения Ваганова, 80 кг дейінгі салмақта армрестлингтен әйелдер арасында 3-орын. («Богатырь Көмір» ЖШС)

Магинур Латыпова, тоғызқұмалақтан әйелдер арасында 1-орын («Богатырь Көмір» ЖШС)

Динара Көбегенова, шахматтан әйелдер арасында 3-орын (АО «Алатау Жарық Компаниясы»)

Индира Байжанова, 65 кг артық салмақта армрестлингтен әйелдер арасында 1-орын. («Алатау Жарық Компаниясы» АҚ)

Сонымен қатар, «АЖК» АҚ қоржынына волейболдан бір қола, Арқан тартудан 1 күміс түсті.

Спартакиаданың бас жүлдесі – Суперкубокты «ҚазМұнайГаз» ҰК құрама командасы жеңіп алды.

Спортшылар жарысты дайындап, өткізуге қолдау және жан-жақты көмек көрсеткені үшін «Самұрық-Қазына» қорынан жарысты ұйымдастырушыларға, «Самұрық-Энерго» АҚ мен оның еншілес ұйымдарының басшылығына,  «Самұрық-Энерго» жергілікті кәсіподағына алғыс білдіреді.

Бүгін, 2022 жылғы 25 қыркүйекте "Самұрық-Энерго" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Рүстем Ғалымұлы Садықов мезгілсіз қайтыс болды

news 25 09 1

Бүгін, 2022 жылғы 25 қыркүйекте "Самұрық-Энерго" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Рүстем Ғалымұлы Садықов мезгілсіз қайтыс болды.

Компания басшылығы мен "Самұрық-Энерго" АҚ ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына орны толмас ауыр қазаға ортақтасып, қайғырып көңіл айтады.

Самұрық-Энерго ЕҚДБ және Дүниежүзілік банкімен «жасыл» жобаларды талқылады

«Самұрық-Энерго» АҚ-да халықаралық қаржылық даму институттарының өкілдерімен кездесу өтті. Ортаға салынған тақырып – Самұрық-Энерго компаниялар тобында көміртекті бейтараптылыққа қол жеткізу және осы бағытта жобаларды қаржыландырып, іске асыру болды. 

Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесуде «Самұрық-Энерго» АҚ Председателі қызметін атқарушы Серік Түйтебаев энергетика саласында «жасыл» энергия бағытында жобаларды іске асыру аясындағы экономикалық мәселелер туралы айтты.

Делегация басшысы – Дүниежүзілік банктің энергетика саласы бойынша жетекші маманы  Мануэль Берленджиеро ұйымның «жасыл» энергияға көшу бағдарламасын жүзеге асыруға ат салысып, жобаларды қаржыландыру мәселелерін ҚР Үкіметімен талқылап, барынша қолдауға дайын екендігін жеткізді.

Одан өзге, кездесуде Дүниежүзілік банк және Қазақстанның Қаржы министрлігі мен Энергетика министрлігі өкілдерімен бірге жүргізілетін іс-шаралар да талқыланды.

Сонымен қатар,  өз кезегінде Дүниежүзілік банк «АлЭС» АҚ-на қарасты Каскад ГЭС-ін қайта құру және жаңғырту бойынша техникалық-экономикалық негіздемесін жасауды қаржыландыруға грант бөлуге дайын екендігін мәлімдеді. 

Еуропалық қайта құру және даму банкінің Вице-президенті Алан Пию ұйымның 2022 жыл бойынша Қазақстандағы қызметі мен инвестициялық жоспарлары туралы ақпарат берді. 

Жиында халықаралық қаржы мекемесі мен «Самұрық-Энерго» АҚ арасындағы  келешекке жоспарланатын ынтымақтастық бағыттары туралы да сөз қозғалды.  Атап айтсақ, Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту жобасы бойынша, станцияны газға көшіруді қаржыландыру аясындағы маңызды іс-шаралар туралы айтылды.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның өкілдері компанияның Алматы қаласы және облысының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында жасалып жатқан жұмыстарымен таныстырды. 

Компанияның аталған бағыттағы сәтті жұмыстарына дәлел ретінде Алматы облысындағы Шелек дәлізінде құрылған 60 МВт жел электр станциясының іске қосылуы мен оның қуатын арттыру жобасының шеңберіндегі жасалған келісім туралы айтылды.

 ЕҚДБ Вице-президенті қазақстандық энергетикалық холдингтің көміртекті бейтараптылық жолындағы жұмыстарына жоғары баға беріп, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Алматы ЖЭО нысандарын жаңғырту жұмыстарымен ғана шектелмейтін, «жасыл» энергияны дамытудағы жүйелі әрекеттеріне қолдау көрсетуге ниет білдірді.

«Самұрық-Энерго» АҚ жаңа жел электрстанциясын іске қосты

Қазақстанда қуаты 60 МВт-ны құрайтын жаңа жел электр станциясы (ЖЭС) пайдалануға берілді. Жобаны «Самұрық-Энерго» АҚ қазақстандық электр энергетикалық холдингі «Power China» қытай корпорациясымен серіктестікте іске асырды.

Жобаның жалпы құны - 37,4 млрд теңге. Жаңа станция әрбір номинал қуаты 2,5 МВт болатын 24 жел энергетикалық қондырғысынан тұрады. Бұдан бөлек, оған қосалқы станция, соған сәйкес инфрақұрылым салынып, сондай-ақ әуе электр жеткізу желілері тартылды. Станция әлемдік жел турбиналарын өндіруші жетекші компаниялардың бірі – «GoldWind» компаниясының жабдығын пайдалана отырып салынды.

Жаңа ЖЭС жылына 225,7 млн. кВтс электр энергиясын өндіретін болады. Өндірістік сипаттамаларынан бөлек, жоба өзінің экологиялық құрылымы тұрғысынан өңір үшін маңызды. Электр станциясын салу және оны іске қосу парниктік газдар шығарындыларын 206 мың тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ жылына шамамен 89 мың тонна дәстүрлі отынның орнына жүретін болады.

«Самұрық-Энерго» АҚ жаңа жел электрстанциясын іске қосты

Қазақстанда қуаты 60 МВт-ны құрайтын жаңа жел электр станциясы (ЖЭС) пайдалануға берілді. Жобаны «Самұрық-Энерго» АҚ қазақстандық электр энергетикалық холдингі «Power China» қытай корпорациясымен серіктестікте іске асырды.

Жобаның жалпы құны - 37,4 млрд теңге. Жаңа станция әрбір номинал қуаты 2,5 МВт болатын 24 жел энергетикалық қондырғысынан тұрады. Бұдан бөлек, оған қосалқы станция, соған сәйкес инфрақұрылым салынып, сондай-ақ әуе электр жеткізу желілері тартылды. Станция әлемдік жел турбиналарын өндіруші жетекші компаниялардың бірі – «GoldWind» компаниясының жабдығын пайдалана отырып салынды.

Жаңа ЖЭС жылына 225,7 млн. кВтс электр энергиясын өндіретін болады. Өндірістік сипаттамаларынан бөлек, жоба өзінің экологиялық құрылымы тұрғысынан өңір үшін маңызды. Электр станциясын салу және оны іске қосу парниктік газдар шығарындыларын 206 мың тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ жылына шамамен 89 мың тонна дәстүрлі отынның орнына жүретін болады.

Қазақстанда жаңа жел электр станциясы іске қосылды

Қуаты 60 МВт құрайтын жаңа жел электр станциясы (ЖЭС) Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек дәлізінде салынып, пайдалануға берілді.

Жаңа станция әрбір номинал қуаты 2,5 МВт болатын 24 жел энергетикалық қондырғысынан тұрады. Бұдан бөлек, оған қосалқы станция, соған сәйкес инфрақұрылым салынып, сондай-ақ  әуе электр жеткізу желілері тартылды.  Станцияның құрылысына әлемдік жел турбиналарын өндіруші жетекші компаниялардың бірі – «GoldWind» компаниясының жабдығы пайдаланылған.

Жаңа ЖЭС жылына 225,7 млн. кВтс электр энергиясын өндіретін болады. Өндірістік сипаттамаларынан бөлек, жоба өзінің экологиялық құрылымы тұрғысынан өңір үшін маңызды. Электр станциясын салу және оны іске қосу парниктік газдар шығарындыларын 206 мың тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ жылына шамамен 89 мың тонна дәстүрлі отынның орнына жүретін болады.

Жаңа жел электр станциясын іске қосу рәсімі ҚР Энергетика министрі, Алматы облысы әкімі, "Самұрық-Қазына" қорының басшысы, ҚР-дағы ҚХР Бас консулдығы, "Power China" корпорациясы, "Самұрық-Энерго" АҚ, "Энергия Семиречья" ЖШС өкілдерінің қатысуымен өтті. Шараға ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов пен "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев телекөпір арқылы on-line форматында қосылды.

ЖЭС-ті іске қосуға арналған іс-шара аясында «Самұрық-Қазына» АҚ мен Power Construction Corporation of China Ltd арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат станцияны кеңейту және оның қуатын 300 МВт-қа дейін арттыру арқылы жобаның екінші кезеңін іске асыруды көздейді.

Жаңа энергетикалық нысанды салу кезінде 300 адам жұмыспен қамтылды. Станцияны одан әрі пайдалану үшін 14 маман даярланып, жұмысқа орналастырылды.

Самұрық-Энерго сарапшыларының айтуынша, Алматы қаласы мен Алматы облысында бүгінгі күні жұмыс істеп тұрған энергетикалық қуаттар -  Алматы ЖЭО, Қапшағай және Алматы ГЭС Каскады, Жамбыл ГРЭС, сондай - ақ Есік, Мойнақ, Қаратал, Талдықорған ГЭС-теріне қарамастан, бұл өңірде энергия тапшылығы бар әрі өзінің отын ресурстары жеткілікті деңгейде емес. Өндіруші қуаттардың жетіспеушілігінен облыстың электр энергиясына деген мұқтаждығын облыстың энергия көздері тек 50%-ға өтейді. Тапшылық сыртқы энергия өндірушілер (республиканың солтүстік облыстарынан, Жамбыл ГРЭС-і және Қырғызстаннан) есебінен жабылады. 

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Серік Түйтебаевтың айтуынша, Компания жаңартылатын энергетиканы дамытуға ерекше көңіл бөледі. Энергетикалық холдингте бүгінде 5 ЖЭК нысаны жұмыс істейді – күн, жел электр станциялары, шағын СЭС-тер. Осы ЖЭК нысандарының электр энергиясын өндіруі 2022 жылғы қаңтар-шілдеде 206,6 млн.кВтс құрады, бұл 2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 8,9% - ға жоғары.

«Алматы облысында «жасыл» электр энергиясын өндіру үшін көптеген табиғи мүмкіндіктер бар. Күн мен желдің әлеуетінен басқа, Самұрық-Энерго гидроэнергетиканы дамытуға ерекше көңіл бөледі, бұған Мойнақ ГЭС-ін салу және Шардара ГЭС-ін жаңғырту жөніндегі аяқталған жобалар дәлел бола алады. Компанияның портфелінде жаңа су электр станцияларын салу бойынша бірқатар жобалар бар. Атап айтқанда, Іле өзенінде Қапшағай ГЭС-інің апта сайынғы біркелкі емес тәуліктік су жіберулерін теңестіруге және станцияны барлық қолда бар қуатты пайдалана отырып, ең жоғары жүктемелерді жабу режиміне ауыстыруға мүмкіндік беретін қуаты 40 МВт Кербұлақ СЭС-ін контрреттегішін салу.

Сондай-ақ, Компания Алматы облысының тапшы энергия жүйесіне жеткізу үшін электр энергиясының көзін құру мақсатында Шелек өзенінде ГЭС-29-ды салу бойынша жобалау алдындағы жұмыстарды жүргізуде. Ұзақ мерзімді перспективада Алматы облысындағы АлЭС ГЭС каскадын қайта құру және жаңғырту жөніндегі жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Жоба қайта құрылатын ГЭС-1 және ГЭС-2 - де электр энергиясын өндіруді арттыру арқылы Үлкен Алматы өзенінің гидротехникалық ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді»,-деп атап өтті «Самұрық-Энерго» АҚ басшысы.

ҚР Энергетика министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда 2022 жылғы шілдедегі жағдай бойынша барлығы 142 ЖЭК нысан жұмыс істейді. Жыл басынан бері Қазақстанда жалпы қуаты 322 МВт болатын 8 нысан пайдалануға берілді. 2022 жылдың соңына дейін жалпы қуаты 153 МВт болатын 13 нысанды іске қосу жоспарлануда.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жұмыстарының қорытындысы

Бүгін «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының м.а. С.Түйтебаевтың басқаруымен қауіпсіздік пен еңбекті қорғау тақырыбы аясында 2022 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды жиналыс өтті. Жиынға еншілес компаниялардың басшылары да қатысты.

Жиналыс барысында «Еңбекті қорғау» департаментінің директоры Т.Максилов аталған мерзімде жасалған жұмыс жөнінде есеп беріп, туындаған  мәселелер мен оларды шешу жолдарын атап өтті. Атап айтқанда, қызметкерлердің ревакцинациялану көрсеткіші, іске асырылып жатқан жобалар және жарақат алу профилактикасындағы бірінші басшылардың рөлі туралы кеңінен тарқатты.    

Сонымен қатар жиналыста еншілес компаниялардың басшылары да есеп берді. Соның негізінде Серік Түйтебаевтың тарапынан жұмыс уақытында қызметкерлердің денсаулығына нұқсан келтіру фактілерін азайту, мердігер компаниялардың үстінен  бақылауды күшейту және жобаларды іске асыруды тездету сынды тапсырмалар берілді.

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының м.а. Түйтебаев жиналысты түйіндей келе, еншілес компаниялар қызметкерлерінің қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыруды басшылардың еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне етене араласуы арқылы шешу қажеттілігін, инженер техник мамандарын жүйелі түрде оқытып отыру және қауіпсіздік пен еңбекті қорғау аясындағы жобаларды іске асырудың маңыздылығын алға тартты.     

«Самұрық-Қазына» Қорының тапсырмасы шеңберінде, бүгінгі жиын холдинг кәсіпорындары басшыларының 7 алтын қағидаттан тұратын Health&Safety тақырыбы аясындағы жеке міндеттемелерін айқындайтын құжатқа қол қоюмен аяқталды.

news 18 08 2022 4

«Самұрық-Энерго» IRONMAN-дары

Өткен жексенбі күні Нұр-Сұлтан қаласында триатлон әуесқойлары күткен BI GROUP IRONMAN 70.3 ASTANA және BI GROUP IRONMAN KAZAKHSTAN атты халықаралық турнир өтті. «Темір адамдар» додасына Самұрық-Энерго мен оның еншілес компаниялары қызметкерлері де қатысты.

40-44 жас аралығындағы категория бойынша сынға түскен «Экономика және қаржы» жөніндегі Басқарушы директор Айдар Рысқұлов 4 жылдан аса әуесқой жүгірумен айналысып, биыл IRONMAN-ге алғаш рет қатысып отыр. Мәреге 6:41:07 уақыт көрсеткішімен жетіп, тамаша қорытынды көрсетті.   

50-54 жас аралығындағы категорияда жарысқан «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС-нің  Бас директоры Рашид Есхожин аталған шараның 5 жыл бойы тұрақты қатысушысы. Ол биылғы  IRONMAN 70.3 ASTANA жарысын 6:36:48 уақыт көрсеткішімен аяқтады.

35-39 жас шамасындағы қатысушылар арасында «Нарықты дамыту мен сату» департаментінің менеджері Ерлан Бақтияр да бар. Ол бұл жарысқа  бұған дейін 30 рет қатысқан тәжірибесі үлкен спортшы. Биыл да мәреге 5:57:47 жоғары  көрсеткішімен пен жетті.

Энергетиктер қатысқан IRONMAN 70.3 сериялық сайысы үш кезеңнен тұрады: жүзу – 1,9 км, велосипед жарысы – 90 км және жүгіру – 21,1 км. Біздің спортшылар берілген сынақтан мүдірмей өтіп, лайықты «Темір Адам» ресми  атағына ие болды! Марапат құтты болсын!  

2022 жылдың алғашқы 6 айы бойынша Қазақстанның электр энергиясы мен көмір нарығына талдау

Елімізде көмір өндірісінің көлемі 6,1% өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығында 55 341,8 мың тонна көмір өндірілген. Бұл туралы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның «Нарықты дамыту және сату» департаменті әзірлеген «Қазақстанның қаңтар-маусым аралығындағы электр энергиясы мен көмір нарығына талдамалық шолуда» айтылған.

Жүйелік оператордың деректеріне сүйенсек, аталған мерзім ішінде Қазақстанның энергия өндіруші ұйымдарының күшімен 56 383 млн.кВтсағ электр қуаты өндірілген, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштерден 942,4 млн. кВтсағ немесе 1,6%-ға кем. 

 «Самұрық-Энерго» АҚ қуат өндіруші компанияларының 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында өндірген электр энергиясының көлемі 17,2 млрд. кВтсағ, ал бұл еліміздегі энергетика нарығының 30%-дан астам бөлігін құрайды.   

Аналитикалық деректер нәтижесіне сүйенсек, Қазақстандағы индустриялық өндіріс индексі 103,5%.  Республикамыздың 17 аймағында өндіріс көлемінің өсуі байқалса, Жетісу, Қызылорда және Павлодар облыстарында керісінше азайған.  

Биылғы жылдың қаңтар-маусым аралығында электр энергиясын тұтыну көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштермен салыстырғанда 280,9 млн. кВтсағ немесе 0,5% кеміген. 

Жыл басынан бері Қазақстанда жалпы қуаты 269,9 МВт құрайтын 3 күн және 3 жел электр станциялары іске қосылды.  ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, бүгінгі күні елімізде 140 ЖЭК (жаңартылған энергия көздері) нысандары жұмыс істейді.

2022 жылдың алғашқы жартыжылдығында ЖЭК нысандары өндірген қуат көлемі 2 392,5 млн. кВтсағ құрады.  Бұл былтырғы сәйкес кезеңдегі көрсеткіштерден 2 011,9 млн. кВтсағ немесе 18,9% артық.

Биылғы жылдың алғашқы 6 айы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭК нысандары өндірген электр энергиясының көлемі 173,7 млн. кВтсағ, бұл жалпы ел бойынша ЖЭК-мен өндірілген электр энергиясының 7,3% құрайды. Аталған  көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен (156,9 млн. кВтсағ) салыстырғанда 10,7%-ға артық. 

2021 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығындағы Қазақстанның электр энергиясы мен көмір нарығына талдаумен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.samruk-energy.kz/kz/press-center/analytical-review