2022 жылы «Богатырь» көмір кесігінің қуаты артатын болады

«Богатырь Көмір» ЖШС-ның өндірістік қуатын жылына қазіргі 42 млн.тоннадан 50 млн. тоннаға дейін ұлғайту мақсатында қолға алынған ауқымды жоба шеңберінде Екібастұз көмір бассейнін технологиялық жабдықпен қамту 100% орындалды. Бұл жерде «Богатырь» кесігінде көмір өндірудің циклдық-ағындық технологиясы» жобасы туралы сөз болып отыр, жобаны толықтай іске асыру осы жылдың төртінші тоқсанына жоспарланып отыр.

«Самұрық-Энерго» АҚ сарапшыларының айтуынша, «Богатырь» кенішінде өндіру технологиясын түбегейлі өзгерту қажеттілігі тау-кен жұмыстарының тереңдігіне қол жеткізумен байланысты, бұл ретте көмір тасымалдауда қолданыстағы темір жол схемасы тиімсіздігін көрсетіп отыр, ал негізгі тау-кен көлік жабдығы жаңартуды талап етеді. Жоба бойынша 2019-2022 жылдар аралығында екі конвейер желісін салу көзделген болатын. 

Мамандардың айтуынша, ЦАТ жобасы өнімнің сапалық сипаттамаларын жақсартады, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттырып, көмір өндірудің өзіндік құнының өсуін баяулатады.  Теміржол көлігі мен сол саладағы тиісті инфрақұрылымды пайдалана отырып, 250 м-ден астам тереңдікте жұмыс жүргізу жоғары өндірістік шығыстармен, өндіріс тиімділігінің төмендегімен және қызмет көрсету құнының қымбаттығымен сипатталады.  Көмірді өндірудің, ұсақтаудың, орташаландырудың және тасымалдаудың циклдық-ағындық технологиясына көшу осы проблемалардың барлығын күн тәртібінен алып тастамақ.

«Богатырь Көмір» ЖШС Екібастұз көмір бассейнінің екі кесігінде — «Богатырь» және «Северный» нысандарында көмірді ашық тәсілмен өндіреді. Кәсіпорынның өндірістік қуаты - жылына 42 млн.тонна көмір, оның ішінде «Богатырь» кесігі бойынша - 32 миллион тонна (ЦАТ іске қосылғаннан кейін – 40 млн. тонна), «Северный» кесігі бойынша - 10 миллион тонна.

«Богатырь Көмір» ЖШС жоба шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстары кезеңінде 170 жұмыс орны ашылғанын, пайдалануға берілгеннен кейін кәсіпорынның жұмыс істеп тұрған қызметкерлерін қайта оқыту жоспарланғанын атап өтті. Жобаға тартылған қызметкерлер саны барлығы - 496 адам; оның ішінде I іске қосу кешені – 288 адам; II іске қосу кешені - 208 адам.

«Богатырь Көмір» ЖШС үлесіне Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін барлық көмірдің 60 пайызы және Қазақстан Республикасындағы көмір өндірудің жалпы көлемінің 40 пайызы тиесілі. Компания «Самұрық-Энерго» АҚ және «РусАл» ресейлік БК тарапынан тепе-тең негізде басқарылады. Негізгі тұтынушылар қатарында -қазақстандық «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, Алматы және Степногорск ЖЭО-лары, «Қарағанды Энергоорталық» ЖШС (ЖЭО-1, ЖЭО-3), «СевКазЭнерго» АҚ, «Астана-Энергия» АҚ (ЖЭО-1, ЖЭО-2), «Көкшетаужылу» МКК, «Павлодарэнерго» АҚ, «Bassel Group LLS» ЖШС (қ. Теміртау), сондай-ақ ресейлік Рефтинск МАЭС. Кәсіпорында 6,5 мыңға жуық адам еңбек етеді.

«Самұрық-Энерго» АҚ - акциялары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға 100% тиесілі Қазақстандағы ірі электр энергетикалық холдинг. 2007 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары кіреді, оның ішінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 Станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Мойнақ ГЭС» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және басқалары бар.

2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы жағдай бойынша Қазақстандағы электр энергиясы мен көмір нарығын талдау

«Самұрық-Энерго» АҚ Энергия өндіруші ұйымдарының өткен жылы электр энергиясын өндіру көлемі 2020 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткіштерімен салыстырғанда 13,5 пайызға артып, 35 609,3 млн.кВтс құрады. Бұл туралы Компанияның сайтында жарияланған 2021 жылғы қаңтар – желтоқсан кезеңінде Қазақстанда өндірілген электр энергиясы мен көмір нарығының талдауы туралы есепте айтылды.

Жалпы, талдауға сәйкес, Жүйелік оператордың деректері бойынша, ҚР-ның барлық электр станциялары 2021 жылы 114 447,9 млн. кВтс электр энергиясын өндірді, бұл 2020 жылғы ұқсас кезеңнен 5,8% - ға артық. Қазақстанның Бірыңғай энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) барлық аймақтарында өндірудің өсуі байқалды.

Сонымен қатар, 2021 жылы 2020 жылғы қаңтар-желтоқсан көрсеткіштерімен салыстырғанда республиканың электр энергиясын тұтыну динамикасында 6% - ға өсу байқалды. Мәселен, республиканың солтүстік аймағында тұтыну 5% - ға, оңтүстігінде 9% - ға және батысында 7% - ға өсті.

2021 жылы 111 742,4 мың тонна тас көмір өндірілді, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (109 227,6 мың тонна) 2,3% - ға артық.

Осы кезеңде «Самұрық-Энерго» электр энергетикалық холдингінің құрылымындағы көмір өндіруші компания «Богатырь Көмір» ЖШС, 44 632 мың тонна көмір өндірді, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5% - ға артық (44 436 мың тонна). Бұл үстіне 2021 жылы «Богатырь Көмір» ЖШС 44 848 мың тонна көмір сатты, оның ішінде ішкі нарыққа 34 939 мың тонна босатылды, экспортқа (РФ) - 9 802 мың тонна жіберілді. 2021 жылы көрсеткіштері бойынша, 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда «Самұрық-Энерго» АҚ-да көмір сатудың 2,5% - ға өскені байқалады.

Нарықты талдауға сәйкес, ҚР ЖЭК-ті (КЭС, ЖЭС, БГС, шағын ГЭС) пайдалану объектілерінің электр энергиясын өндіру көлемі 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда 4 220,3 млн.кВтс құрады. 2020 жылғы қаңтар-желтоқсан кезеңімен салыстырғанда өсім 30,1% - ды құрады.

«Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭК объектілерінің (КЭС, ЖЭС, шағын СЭС) электр энергиясын өндіруі 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда 325,3 млн.кВтс немесе ҚР-да ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясы көлемінің 7,7% - ын құрады.

2021 жылғы қаңтар – желтоқсан аралығындағы Қазақстандағы электр энергиясы мен көмір нарығын талдау туралы толық ақпаратпен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.samruk-energy.kz/ru/press-center/analytical-review#2021

2022 жыл – Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы

«Самұрық-Энерго» АҚ-да компанияның Басқарма төрағасы С.Қ.Есімхановтың басшылығымен 2021 жылғы еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласында атқарылған жұмыс қорытындылары бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.

Кеңесті ашқан С.Қ.Есімханов «Самұрық-Қазына» Қорының Басқарма төрағасы А.М.Сәтқалиевтің тапсырмасына сәйкес, 2022 жыл «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы» деп жарияланғанын атап өтті.

Басқарма Төрағасы өз сөзінде қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін қорғау  басымдығын, Қор тарапынан қабылданған шешімдердің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Кеңеске Қоғамның Басқарма мүшелері, еншілес және тәуелді ұйымдардың бірінші басшылары, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне жауапты тұлғалар қатысты.

  «Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау» департаментінің директоры Т.М.Максилов Қоғамның компаниялар тобындағы еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің жай-күйі, 2021 жылы атқарылған жұмыстар мен 2022 жылға арналған жоспарлар туралы баяндады. Сондай-ақ, коронавирус инфекциясының алдын алу, атап айтқанда аурулардың динамикасы, қызметкерлердің ревакцинация процесі және т. б. туралы хабардар етті.

  Бірқатар ЕТҰ-лардың бірінші басшыларының баяндамалары тыңдалып, кәсіпорындар бойынша негізгі дамыту бағыттары атап өтілді.

  Өткізілген кеңес барысында «Everyco» компаниясы «Қауіпсіздік мәдениетін құрудағы басшының рөлі» тақырыбында ақпараттық сессия өткізді, ЕТҰ арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласы бойынша үздік ролик байқауының жеңімпаздары жарияланды.

  Кеңес барысында С.Қ.Есімханов жоғары буын басшыларын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне тартудың маңыздылығын, жобаларды іске асыруды белсенді жалғастыру қажеттігін, сондай-ақ әлемдік тәжірибені зерделеу және озық компаниялармен тәжірибе алмасу практикасын жандандыруды атап өтті.

  Кеңес нәтижесі бойынша еншілес ұйымдарға бақылау-қадағалау және алдын алу шараларын күшейту, жарақаттану деңгейін төмендету, оның ішінде өндіріспен байланысты емес шараларды да ескеру қажеттігіне қатысты бірқатар хаттамалық тапсырмалар берілді.

        Тапсырмалар шеңберінде қызметкерлердің белсенділігін арттыру, тәуекелге бағдарлау, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» Қорының үміт-болжамдарын кезең-кезеңімен іске асыру мәселелері жоспарланғанын атап өткен жөн.

Самұрық-Энерго сатып алу рәсімдерін өзгертеді

Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг саналатын «Самұрық-Энерго» АҚ өзінің еншілес ұйымдарында өндіріске тартылған мамандар жалақысын 2021 жылғы деңгейге қарағанда орта есеппен 24%-ға арттыратын болады.

Бұған дейін өндірістегі қызметкерлердің еңбекақысы өткен жылы көбейтілген болатын. Сол кезде компания өзіне қарасты энергия өндіруші компаниялардағы жұмыскерлер жалақысын 2020 жылғы деңгеймен салыстырғанда 15%-ға, тарату компаниясы жұмыскерлерінің жалақысын 30%-ға және көмір компаниясы жұмыскерлерінің жалақысын 10% - ға көтерді.

Бұған қоса, 2022 жылғы 1 шілдеге дейін реттелетін коммуналдық қызметтердің тарифтерін арттыруға мораторий енгізілуіне байланысты «Самұрық-Энерго» АҚ өз шығыстарын оңтайландыруды, сондай-ақ жобалар портфелін жаңарта отырып, өзінің инвестициялық бағдарламасындағы басымдықтарды қайта қарауды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, компания «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның жаңа талаптарына сәйкес сатып алу рәсімдеріне өзгерістер енгізуді көздеп отыр.

«Самұрық-Энерго» АҚ тарапынан атқарылатын осы іс-шаралар кешені ҚР Президентінің «Самұрық-Қазына» Қорын реформалауға байланысты тапсырмаларын орындауға байланысты бекітілген жоспар шеңберінде, сондай-ақ компанияның еншілес және тәуелді ұйымдары арасында әлеуметтік тұрақтылық бойынша тұрақты түрде жүргізіліп отырған мониторинг негізінде іске асырылатын болады.

       «Самұрық-Энерго» АҚ қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Компания 2007 жылы құрылған. Холдинг құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары кіреді, оның ішінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д.Қантаев атындағы Мойнақ су электр станциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. бар.  

Қазақстанның оңтүстігінде электр энергиясының ажыратылуы туралы

Бүгін, сағат 11:59-да Алматы қаласы мен Алматы энергия торабы осы өңірді біртұтас энергия жүйесінің солтүстік және оңтүстік бөліктерімен байланыстыратын жоғары вольтты электр жеткізу желілерінің авариялық ажырауы салдарынан оқшауланған жұмыс істеу режиміне ауысты. Оқиға  себептері анықталуда.

Орын алған жайтқа байланысты «Самұрық-Энерго» АҚ  «АлЭС» АҚ және Мойнақ ГЭС электр станциялары тарапынан жүктеме сақталып отырғанын және қазіргі уақытта Жүйелік оператордың командалары бойынша қуатты ұлғайтып жатқанын хабарлайды.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Солтүстік энергия көздері саналатын - Екібастұз ГРЭС нысандары берілген жүктемені еш кедергісіз атқаруда. Екібастұз МАЭС-1-де 6 энергоблок жұмыс істеуде, ағымдағы жүктемесі 2930 МВт, Екібастұз МАЭС-2-де екі энергоблок та жұмыс істеп тұр, жүктемесі 950 МВт.

«Шардара ГЭС»  АҚ сыртқы байланыс желілерінің ажырауы салдарынан жүктемені 30 МВт-тан 0 МВт-қа дейін төмендетті.

Самұрық-Энерго электр станциялары штаттық режимде жұмыс істеуде

«Самұрық Энерго» қазақстандық электр энергетикалық холдингінің Алматы және Екібастұз қалаларындағы энергетикалық кешендері, барлық энергетикалық нысандар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр және одан әрі жұмыс істемей бермек.

Ағымдағы жылғы 10 қаңтардағы жағдай бойынша Алматы қаласында «АлЭС» АҚ электр станциялары (ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3, Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС) жалпы жүктемені шамамен 700 МВт деңгейінде қамтамасыз етіп отыр Отын қоры жылыту маусымын табысты өткізуге және тұтынушыларды қажетті көлемде электр энергиясымен, жылумен, ыстық жэне суық сумен қамтамасыз етуүшін жеткілікті мөлшерде. «Алатау Жарық Комапниясы» АҚ электржелілік шаруашылығы штаттық режимде жұмыс істейді және қызмет көрсетуде.

Екібастұз ГРЭС-1-де осы қазіргі уақытта 2320 МВт жүктемесі бар 5 энергия блогы жұмыс істеуде. Екібастұз ГРЭС-2 920 МВт   жүктемесімен екі блокты режимде жұмыс істеуде. Барлық станцияларда лөмір мен мазуттың қажеті резервтері жеткілікті.

Мойнақ СЭС және Шардара СЭС нысандарында электр энергиясын өндіру жоспарлы жүзеге асырылуда.

 «Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы акцияларының 100% «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі аса ірі электр энергетикалық  холдинг. 2007 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдинг құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары кіреді, оның ішінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д.Қантаев атындағы Мойнақ су электр станциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. бар. 

Самұрық-Энерго Екібастұз ГРЭС нысандары рекорд орнатты

DSC 1378

Самұрық-Энерго Екібастұз ГРЭС нысандары рекорд орнатты

Бүгін, 2021 жылғы 27 желтоқсанда Екібастұз ГРЭС-1 станциясында электр энергиясын өндірудің рекордтық көлемі тіркелді. 1980 жылы станция пайдалануға берілген уақыттан бастап алғаш рет жылдық өндіру деңгейі 22,435 млрд. кВтс-қа жетті. 2021 жылдың соңына дейінгі төрт күнде өндірісті 22,700 млрд. кВтс-қа жеткізу жоспарланып отыр. Станция кеңестік кезеңде белгіленген ең жоғарғы көрсеткіштен асып түсті. 1987 жылы өндіру көлемі 22,4 млрд.кВтс құраған болатын. 

Электр энергиясын өндірудің жылдық көлемі бойынша Екібастұз ГРЭС-2 нысанында да жаңа жетістік байқалды. 2021 жылғы 27 желтоқсанда өндіру көлемі 6,324 млн.кВтсағ құрады, бұл электр станциясының жұмыс істеу кезіндегі абсолюттік рекорд болып табылады. Осыған дейін 6,280 млн.кВтс. мөлшеріндегі  ең жоғары көрсеткіш 2013 жылы тіркелген болатын.

Осы Екібастұз ГРЭС нысандары құрамына енетін «Самұрық-Энерго» АҚ-да атап өткендей, аталған электр станциялары қызметінің құрылған күнінен бастағандағы барлық кезеңіне шолу жасағанда, нақ ағымдағы жылы барынша көп өнім өндіруге қол жеткізді. Қазақстанның ірі электр энергетикалық холдингінің электр станциялары бұрын-соңды мұндай өндіріс көрсеткіштеріне қол жеткізбеген болатын. Мамандардың айтуынша, рекордтық көрсеткіштерге Жамбыл ГРЭС-і мен Ақтөбе ЖЭО-ның қатысуынсыз қол жеткізілді, олар 2015 және 2018 жылдары холдинг құрамынан шығарылып, бәсекелес ортаға берілген болатын.

Тұтастай алғанда, «Самұрық-Энерго» АҚ энергетиктерінің болжамы бойынша компанияның барлық өндіруші станциялары бойынша электр энергиясын өндіру көлемі 2021 жылдың соңына қарай 35 525 млрд.кВтс жетіп, 111% - ды құрамақ.

Алматы ЖЭО-2 шығарындылары 15 есе қысқаратын болады. Станцияны жаңғыртуға қатысты қоғамдық тыңдаулар

Бұрын хабарлағанымыздай, осы уақытта Алматыда қоғамдық тыңдаулар өтіп жатыр, мұнда қала тұрғындарымен Алматы ЖЭО-2 нысанын жаңғырту жобасын іске асыру кезіндегі қоршаған ортаға әсерді азайту мәселелері талқылануда.

Общественные слушания

Төменде жобаны іске асыруға және станцияны газға ауыстыруға байланысты негізгі аспектілер туралы тезис берілген:

- ЖЭО-2 газға ауыстырылғаннан кейін атмосфераға шығатын зиянды заттар қаншалықты төмендемек? Қазіргі уақытта ЖЭО-2 түтін құбырларынан тарайтын зиянды шығарындылар есептік деректер бойынша жылына 36,7 мың тоннаны құрайды екен, жаңғыртудан кейін олар жылына 2,3 мың тонна болмақ. Яғни, қала атмосферасындағы ЖЭО-2 шығарындылары 15 еседен астам шамаға қысқаратын болады.

- ЖЭО-2 алаңында жаңа электр станциясын салу үшін қолданыстағы өнеркәсіптік алаңының 17,5 га (жалпы ауданы - 91 га) пайдаланылатын болады.

Отын ретінде табиғи газды пайдаланған жағдайда  ЖЭО-ның көмір қоймасы, отын беру және көмірді түсіру жүйесі сияқты көп аумақты алатын құрылыс жайлары қажетсіз болып қалмақ.

Бұған қоса, сумен жабдықтау, жылу мен электр энергиясын тарату үшін қолданыстағы инфрақұрылым пайдаланылатын болады, әсіресе мегаполистің қазіргі тығыз қалыптасқан құрылымын ескерген жағдайда ЖЭО-2-нің өз алаңында электр станциясын салу өте маңызды шешім деуге болады.

-ТЭН құжаттарының негізгі техникалық шешімдеріне сәйкес жобаны іске асырғаннан кейін ЖЭО-2-нің қолданыстағы құрғақ күл үйіндісін қайта қажетке жаратуға болады. Егер тұтынушы болса, күлді қолдануға болады.  Ескі станция жабдықтары да сақталады.

Жария тыңдаулар ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес ұйымдастырылды, шара жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне (ТЭН) Тапсырыс беруші – «АлЭС» АҚ, ТЭН құжатын әзірлеуші – «ҚазЭнергоӨнеркәсіптікҒЗЖІ» институты» АҚ қатысуымен және Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы өкілінің төрағалығымен өтуде.

Алматыда ЖЭО-2 нысанын газға ауыстыруға қатысты қоғамдық тыңдаулар өтіп жатыр

Қазіргі уақытта Алматыда ЖЭО-2 нысанын жаңғырту жобасын іске асыру кезінде қоршаған ортаға әсерді азайту мәселелері қоғамдық тыңдауда қала тұрғындарымен бірге талқылануда.

Общественные слушания

Жария тыңдаулар ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес ұйымдастырылып отыр, шара жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне (ТЭН) Тапсырыс беруші – «АлЭС» АҚ, ТЭН құжатын әзірлеуші – «ҚазЭнергоӨнеркәсіптікҒЗЖІ» институты» АҚ қатысуымен және Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы өкілінің төрағалығымен өтуде.

Төменде жобаны іске асыруға және станцияны газға ауыстыруға байланысты негізгі аспектілер тезис ретінде беріліп отыр:

- 2022 жылдың наурыз-сәуір айларында кестеге сәйкес ескі ЖЭО-2 алаңында жаңа станция құрылысын бастау жоспарлануда. Станцияның бірінші блогын көгілдір отынға қосу 2023 жылдың соңына жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жобаның ТЭН құжаттары кешендік ведомстводан тыс сараптамадан өтуде. Қорытынды шешім шартта көрсетілген мерзімге сәйкес 2021 жылғы желтоқсан айының соңында берілмек.

- Жаңа станция жобасы белгіленген электр қуатының 600 МВт дейінгі мөлшерде болуын, ал жылу қуатының  957 Гкал/сағ. болуын көздейді. Электр станциясы когенерация қағидатын пайдалана отырып, яғни жылу мен электр энергиясын бірлесіп өндіруге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы бу-газ технологиялары негізінде салынған экологиялық таза отынмен - табиғи газбен жұмыс істейтін болады. Жобаны әзірлеушілердің айтуынша, мұнда дәстүрлі бу турбиналық цикл технологиясына қарағанда табиғи газды тиімдірек жағуға мүмкіндік беретін ең озық қолжетімді технологияларды пайдалану көзделіп отыр.

- ТЭН әзірлеу барысында газ турбиналық жабдықтарды дайындаушы зауыттардың техникалық-коммерциялық ұсыныстары қаралды. Мұқият талдаудан кейін түпкілікті таңдау әлемнің жетекші 3 өндірушісін саралады: General Electric, Siemens, Mitsui, олардың жабдықтарының қолданыстағы жағдайларға сәйкес келетіндігі ескерілді. Аталған өндірушілердің ұсынысы ТЭН-де қаралды.

Станцияның әрқайсысы 200 МВт-тық блогының пайдалануға берілуіне қарай жаңа жабдық қолданыстағыларды консервациялауға шығаруды кезең-кезеңімен алмастыратын болады. Электр энергиясы мен жылу өндіру тоқтатылмайды.

- Негізгі технологиялық жабдықтар: газ турбиналары, бу турбинасы және қажетті қазандықтар Қазақстанда өндірілмейтін болғандықтан сырттан (импорт) әкелінеді. Басқа жабдықтар (трансформаторлар, кабель өнімдері, сорғылар және т.б.) жергілікті өндіріс өнімдері. Отандық өндірісті қамтудың мәні шамамен 64%-ды құрап отыр.

Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг «Самұрық-Энерго» дебюттік жасыл облигацияларын шығарды

«Самұрық-Энерго» АҚ Жасыл қаржы орталығының көмегімен «Астана» Халықаралық қаржы орталығы қор биржасының - Astana International Exchange сауда жүйесінде жылдық 11,4% купондық мөлшерлемесімен 6,5 жыл мерзіміндегі жасыл облигацияларды дебюттік орналастыруға шығарды.

Орналастырудан түскен қаражат Халықаралық капитал нарықтары қауымдастығының (ICMA) жасыл облигациялар қағидаттарына (GBP) сәйкес тиімді жасыл жобаларды қаржыландыруға жұмсалатын болады.

Компанияның жасыл облигацияларын шығару және орналастыру жөніндегі Лид-менеджері болып «Қазақстан Халық Банкі» АҚ  еншілес ұйымы  - «Halyk Finance» АҚ белгіленді.

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Сұңғат Есімханов Компанияның жаңа даму стратегиясында көзделген жасыл энергияға қатысты жоспарларды іске асыруда жасыл энергетикаға инвестициялаудың зор маңызын алға тартады.

«Қазақстан, бүкіл әлем сияқты, жаңартылатын энергия көздерін кеңінен пайдаланудың 4-ші энергетикалық көшу кезеңіне аяқ басты, табиғи қуат көздері уақыт өте келе қазбалы отын түрлерін — мұнай мен көмірді ығыстырып шығарады. Осыған байланысты «жасыл экономикаға» көшудің жаһандық трендтері, стейкхолдерлердің ESG-талаптары Самұрық-Энерго үшін жаңа сын-тегеуріндерге айналып отыр. Осындай кезеңде Компания өзінің Даму стратегиясында «жасыл» экономикаға көшу бағытын белгілеп, оған қол жеткізуде нық қадамдар жасауда. Біз Жасыл қаржы орталығына, «Halyk Finance» және АХҚО қор биржасына үйлесімді жұмыстары үшін алғысымызды білдіреміз», - деп атап өтті «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Сұңғат Есімханов.

Жасыл облигациялардың дебюттік шығарылымы Жасыл қаржы орталығының қолдауымен жүзеге асып отыр, орталық қажетті консультациялық қолдау көрсетіп, Екінші пікір форматында (Second Party Opinion) тәуелсіз қорытынды берді.

«Біз «Самұрық-Энерго» АҚ сынды ел экономикасы үшін маңызы зор ірі компаниялардың  «жасыл рельстер» жолына түсуіне өте қуаныштымыз, жүргізіліп жатқан осындай игі шаралар біздің жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты тұрақты дамудың қаржылық құралдарын енгізумен айналысатын даму институты ретіндегі жұмысымыздың басты көрсеткіші болып табылады», – деп атап өтті Жасыл қаржы орталығының Бас директоры Айдар Қазыбаев.

Қоғам облигациялары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ портфельдік компаниясы Эмитент болған және АХҚО биржасының жасыл қағидаттарына сәйкес шығарылған алғашқы бағалы қағаздар болды. Қоғам үшін экологиялық және әлеуметтік пайдасы бар инвестициялық жобаларды қолдау АХҚО-ны дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Ірі электр энергетикалық холдингтің АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруы Қазақстандағы ESG инвестициялаудың дамуына, сондай-ақ экономиканың «қоңыр» секторларындағы компанияларды іске қосуға жаңа серпін беретін маңызды оқиға болып табылады.

СЭС Капшагай

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы акцияларының 100% «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі аса ірі электр энергетикалық  холдинг. 2007 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдинг құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары кіреді, оның ішінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д.Қантаев атындағы Мойнақ су электр станциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. бар.  

АХҚО. «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. «АХҚО туралы» Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты - халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО  міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға ықпал ету, қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта қалыптастыру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

«AIFC Green Finance Centre Ltd.» жеке компаниясы» - «Астана» Халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығы бойынша құрылған компания, Қазақстанда және Орталық Азияда «жасыл» қаржы құралдарын енгізу, АХҚО-ны «жасыл» қаржы орталығы ретінде дамыту, сондай-ақ Қазақстанға жасыл инвестициялар тарту мақсатында құрылған. Компания туралы толық ақпарат ұйымның корпоративтік интернет-ресурсында орналастырылған www.gfc.aifc.kz.

Екібастұз ГРЭС-1 станциясында жөндеу жұмыстары аяқталды

Екібастұз ГРЭС-1 станциясында жөндеу жұмыстары аяқталды                        

Екібастұз ГРЭС-1 станциясындағы жөндеу науқаны, №7 энергия блогын желіге қосу  және оны кешенді сынақтардан өткізу жұмыстары сәтті аяқталды. 

Қазіргі уақытта Қазақстандағы аталған ең ірі жылу электр станциясы 7 блоктық режимде жұмыс істеуде. Белгіленген қуаты 3 500 МВт және қолда бар қуаты 3 447 МВт-ты құрайтын Екібастұз ГРЭС-1 тәулігіне 3 400 - 3 450 МВт мөлшеріндегі орташа жүктемені көтеріп келеді.

 Станция электр энергиясын өндіру көлемі бойынша жылдық жоспарды орындады. 15.11.2021 ж. күнгі мәлімет бойынша электр қуатының жоспарланған мөлшері 19,2 млрд. кВт/сағ болса, қазір  ГРЭС-1  19,4 млрд. кВт/сағ. өндіріп отыр. Өндірістің болжамды көлемі жыл қорытындысы бойынша шамамен 22 млрд.кВтс құрауы мүмкін.

Екібастұз ГРЭС-2-де қазіргі уақыттағы ақпарат бойынша өндірілген электр энергиясының көлемі 5,7 млрд.кВтс немесе 2021 жылға арналған жоспардағы мөлшердің 98% құрап отыр.  Бүгінгі таңда ГРЭС-2 460 МВт болатын ағымдағы жүктемемен бір блокты режимде жұмыс істеуде.

Естеріңізге сала кетейік, «Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстандағы ірі электр энергетикалық холдинг ретінде ел энергетикасындағы маңызды инвестициялық жобаларды іске асыруда. Олардың қатарында Екібастұз ГРЭС-1 нысанындағы номиналды қуаты 540 МВт болатын №1 энергия блогын қалпына келтіру және Екібастұз ГРЭС-2-де қуаты 636 МВт құрайтын жаңа үшінші энергия блогын салу жұмыстары бар. Жоспар бойынша Самұрық-Энерго жобалары Екібастұз ГРЭС станцияларының қуатын 1176 МВт-қа арттырмақ.

    Компания сарапшылары Қазақстан бойынша электр энергиясын тұтыну өсімінің қалыптасқан жоғары қарқыны жағдайында аталған жобаларды сәтті іске асыру – электр қуатының резервін құрып, тұтынушыларды энергиямен жабдықтау сенімділігін едәуір арттыратын болады деп есептейді.  

«Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС – Қазақстандағы белгіленген қуаты 4000 МВт және қолдағы бар қуаты 3500 МВт құрайтын ірі конденсациялық электр станциясы.  Ол әрқайсысы 500 МВт болатын 8 энергоблокпен жабдықталған.

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ - белгіленген қуаты 1000 МВт болатын жылу электр станциясы, құрамында 500 МВт-тық екі энергия блогы бар.

         «Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы акцияларының 100% «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі аса ірі электр энергетикалық  холдинг. 2007 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдинг құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары кіреді, оның ішінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д.Қантаев атындағы Мойнақ су электр станциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. бар.  

Ремонт энергоблока на Экибастузской ГРЭС 1

Энергоблок Экибастузской ГРЭС 2