Алматы ЖЭО-3-ті қайта құруға арналған ESG облигациялар

Алматы ЖЭО-3-ті қайта құруға арналған ESG облигациялар

news se 301123 2

Бүгін «Алматы электр станциялары» АҚ (АлЭС) мен Еуразия Даму Банкі (ЕАДБ) арасында Алматы ЖЭО-3-ті қайта құру жобасын бірлесіп іске асыру туралы келісімге қол қойылды.

news se 301123 2

ЕАДБ Алматы ЖЭО-3-ті қайта құру жөніндегі жобаны іске асыру мақсатымен АлЭС (Sustainability-Linked Bond/SLB - экологиялық және әлеуметтік жобаларды қаржыландыру үшін борыштық бағалы қағаздар) шығаратын орнықты даму облигацияларын (ESD) сатып алуды жоспарлап отыр.

news se 301123 2

Келісімге қол қоюға байланысты салтанатты іс-шара Астанада Astana International Exchange (AIX) алаңында өтті. Алматы ЖЭО-3-ті қайта құру жобасын қарыздық қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатымен «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында жалпы номиналды көлемі 236,8 млрд.теңгеге дейінгі тұрақты дамуға байланысты АлЭС-тің алғашқы облигациялық бағдарламасы тіркелді.

news se 301123 2

«Самұрық-Энерго» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Алмасби Камаловтың айтуынша,  жобаны қаржыландыруды ұйымдастыру үшін көп жұмыс жүргізілді, оның ішінде халықаралық стандарттар бойынша қоршаған ортаға тигізетін әсерді бағалау және әлемдік тәжірибелерді ескере отырып, қолданылатын технологияларды бағалау. «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Самұрық-Энерго» АҚ Алматы агломерациясын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Алматы ЖЭО-3-ті жаңғыртудан басқа, Алматы энергия торабында өңірдің энергетикалық әлеуетін күшейтіп, маневрлік қуат тапшылығын азайтып қана қоймай, қаланың экологиясын жақсартатын бірқатар маңызды жобалар іске асырылуда», - деп атап өтті «Самұрық-Энерго» АҚ өкілі.

news se 301123 2

«Еуразия Даму Банкі Алматы ЖЭО-3-ті қайта құру сияқты мега жобаларды іске асыруға бағыт ұстап отыр, осы тұрғыда біз бірнеше маңызды аспектілерді бөліп көрсетеміз. Біріншіден, өз ресурсын сарқып тауысқан тозығы жеткен көмір энергетикалық қазандықтардың орнына табиғи газбен жанатын заманауи, экологиялық таза бу-газ қондырғыларын орнату Қазақстанның аса ірі қаласындағы экологиялық жағдайды айтарлықтай жақсартады. Бұл Банк ұстанатын орнықты даму қағидаттарына толық сәйкес келеді. Екіншіден, Орталық Азиядағы су-энергетикалық кешенді дамыту жөніндегі біздің ірі инвестициялық жобамызды іске асыру барысында Еуразия Даму Банкі елдерге энергетикалық қауіпсіздікке қол жеткізуге белсенді жәрдемдесіп, қаржыландырып, жобалау алдындағы жұмыстарға гранттар бөледі. Сонымен, біз капитал тартудың жаңа тетіктерін әзірлеуге белсенді түрде атсалысамыз және - Sustainability-Linked Bond орнықты даму облигацияларын шығаруға қуана қатысамыз», - деп атап өтті ЕАДБ Басқарма төрағасының орынбасары Руслан Дәленов.

news se 301123 2

АлЭС орнықты даму облигацияларының дебюттік шығарылымы қажетті консультациялық сүйемелдеу шараларын атқарған АХҚО Жасыл қаржы орталығының қолдауымен іске асырылды, ол облигациялардың орнықты даму облигациялары қағидаттарына (Second Party Opinion) сәйкестігі туралы тәуелсіз қорытынды берді.

АХҚО Жасыл қаржы орталығы Директорлар кеңесінің төрағасы Данияр Келбетов: «АХҚО экологиялық орнықты жобаларға инвестициялар тартуға мүмкіндік беретін инновациялық қаржы құралдарын енгізуге бейілді. Осындай жаңа қаржылық өнімдердің бірі - орнықты дамуға байланысты облигациялар (Sustainability-linked bonds). Біз бүгін Қазақстанның Орталық Азияда көміртегі ізін төмендету жөніндегі жаһандық мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететін осы облигациялар нарығын бірінші болып іске қосқанына қуаныштымыз».

ЕАДБ-дан бөлек, басқа даму институттары мен екінші деңгейдегі банктер жобаның әлеуетті инвесторлары бола алады. Облигациялық бағдарламаны шығару және орналастыру бойынша қаржылық кеңесші және андеррайтер - «Sky Bridge Invest» АҚ.

news se 301123 2

АХҚО ақпаратына сәйкес, АлЭС SLB облигациялары Орталық Азиядағы орнықты даму облигацияларының ең ірі шығарылымы болады.

«Соңғы жылдары бүкіл әлемдегі инвесторлар инвестициялық шешімдер қабылдау кезінде ESG өлшемшарттарының маңыздылығын көбірек түсінуде. Нәтижесінде көптеген компаниялар ESG-ді өз қызметіне және бизнес стратегияларына енгізе бастады. AIX қолжетімді өнімдер желісі арқылы орнықты дамуға инвестиция салуға мүмкіндік бере отырып, осы трендке сай бола алғанына қуанышты», – деп атап өтті AIX Басқарма төрағасы Әсел Мұқажанова.

«Қуаты 500 МВт бу-газ қондырғысы базасында Алматы ЖЭО-3-ті қайта құру» инвестициялық жобасын «Самұрық-Энерго» АҚ өзінің еншілес ұйымы - АлЭС арқылы іске асыруда. Жоба электр станциясының қуаты мен маневрлік мүмкіндіктерін арттыра отырып, оны түбегейлі жаңартуды көздейді. Жаңа ЖЭО электр және жылу энергиясын аралас өндіретін болады. Жобаның негізгі аспектілерінің бірі - станцияда ескірген және тозған шаң-көмір жабдықтарының орнына табиғи газбен жұмыс істейтін заманауи экологиялық таза бу-газ энергия блоктарын орнату.