«Самұрық-Энерго» АҚ компанияларында денсаулық пен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басшының рөлі

«Самұрық-Энерго» АҚ компанияларында денсаулық пен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басшының рөлі

 

news se 011123 2

«Самұрық-Энерго» АҚ-да «Ұйымда денсаулық пен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басшының рөлі» тақырыбында ақпараттық сессия өтті. Компанияның Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтовтың басшылығымен өткен іс-шараға барлық еншілес ұйымдардың бірінші басшылары мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне жауапты мамандар қатысты.

news se 011123 2

Ақпараттық сессияда талқылаудың негізгі мәні кәсіпорындарда еңбекті қорғауды тиімді қамтамасыз ету және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру ісіндегі компаниялардың бірінші басшыларының жауапкершілігі мәселелері болды. Сондай-ақ, өндірісте әр қызметкердің жеке бастамасының маңыздылығы, оның өмірі мен денсаулығы үшін ғана емес, әріптестерінің игілігі үшін де жауапкершіліктің қажет екенін саналы түрде түсінудің маңыздылығы атап өтілді.

news se 011123 2

Сессия қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы барлық қызметкерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету компанияның өзі үшін де, оның еншілес ұйымдары үшін де басты міндеттердің бірі болып табылатынын атап өтті. Ол сондай-ақ бұл мәселеде бірінші басшылардың рөлін асыра бағалаудың мүмкін еместігін, өйткені олардың өндірістегі қауіпсіздікке қосқан үлесі маңызды болып табылатынын атап өтті.

news se 011123 2

Сессия барысында Қайрат Мақсұтов «Мүлдем жарақат алмау» тұжырымдамасының «7 алтын ережесін» орындау бойынша басшылықтың жеке міндеттемелеріне қол қойды, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес ұйымдарының бірінші басшыларына осы міндеттемелерді қабылдап, оған қол қоюды тапсырды.

news se 011123 2

Бұл ақпараттық сессия ірі электр энергетикалық холдингтің барлық қызметкерлері үшін қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды барынша қамтамасыз етуге ұмтылысын көрсетеді. Компания өз кәсіпорындарында мүлдем жарақат алмау және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жүйесін жақсарту мақсатына жету үшін белсенді жұмыс істеуді жалғастыруда.

news se 011123 2