Электр станцияларында кешенді қауіпсіздікті басқарудың жаңа моделін енгізу жалғасуда

Трансформациялау бағдарламасы жобасының мақсаты - өндірістегі жарақаттану көрсеткішін 30%-ға азайту

6 мыңнан астам адам жұмыс істейтін «Алматы электр станциялары» АҚ (АлЭС), «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ (АЖК) және «Samruk Green Energy» ЖШС (SGE) «Самұрық-Энерго» АҚ Трансформациялау бағдарламасының кешенді қауіпсіздігін басқарудың жаңа моделін ендіру жобасының үшінші толқынының периметріне кірді. Жаңа тәсілдер қауіпсіздік мәдениетін көтеруге және оқыс оқиғаларды болдырмау арқылы жұмыс орындарындағы жарақаттануды азайтуға бағытталған.

«Кешенді қауіпсіздікті басқарудың жаңа моделін ендіру» жобасын іске асыруды бастау туралы «Самұрық-Энерго» АҚ ЕТҰ энергетикалық холдингінің еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне жауап беретін топ-менеджерлері мен желілік басшыларының қатысуымен өткен старттық онлайн-отырыста жарияланды.

«Мен еңбек қауіпсіздігі мәселелерінің басымдығын атап өткім келеді. Бұл жоба «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің ерекше бақылауында. «Самұрық-Энерго» АҚ жобасының демеушісі сонымен қатар бірінші басшы - Басқарма Төрағасы Бақытжан Жоламанов », - деді Жобаның тең демеушісі, Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директор Еділ Көпенов.

Жоба электр станцияларының қызметкерлеріне қауіпсіздік ережелерін сақтауға деген көзқарасты өзгертуге, сана деңгейін көтеруге және ескірген көзқарастарды өзгертуге көмектесетін жаңа стандарттар мен практикалық құралдарды енгізуді қамтиды.

Тәжірибе көрсеткендей, тәуекелдердің алдын алу бойынша жұмыс өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша 6 жазатайым оқиға тіркелді. Егер 2019 жылдың дәл осы кезеңінде кәсіпорындарда 7 қайғылы оқиға орын алған болса, оның 1-еуі өлімге әкеліп соқтырған жағдай еді. 2019 жылдан бастап оқиғаларды тіркеудің ашық жүйесі енгізілді, оның аясында жарақаттануға әкеп соқпаған ықтимал қауіпті оқиғалар тіркеліп, тексерілуде. Сонымен қатар жазатайым оқиғаларды жасырғаны үшін жауапкершілік күшейтілді, ал ықтимал қауіпті жағдайларды хабарлағаны үшін ақшалай ынталандыру қарастырылды. 2020 жылдың 1 жартыжылдығында 16 ықтимал қауіпті оқиға тіркеліп, тексерілді. Өткен жылдың дәл осы кезеңінде 23 оқиға тіркелді.

123

2020 жылдың І жартыжылдығындағы оқиғалар

2019 жылдың І жартыжылдығы

2020 жылдың І жартыжылдығы

Оқиғалар      Жазатайым оқиғалар Өлімге әкеп соқтырған жағдайлар

Жоба жетекшісі, «Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау» департаментінің директоры Төлеген Максиловтің айтуынша, жоба жүзеге асырылғаннан кейінгі үш жылдың ішінде кәсіпорындардағы жарақаттану деңгейін 30 %-ға азайту жоспарланып отыр.

«Өндірістегі ықтимал қауіп-қатерлерге сапалы талдау жасау қажет. Жұмыста бюрократиялық көзқарас болмауы керек. Есеп берудің ашық жүйесін енгізу, өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне белсенді көзқарас – жобаны іске асырудағы маңызды міндеттер», - деді Төлеген Максилов.

2019 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ Корпоративтік орталығында, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-да, «Мойнақ ГЭС» АҚ-да, «Шардара ГЭС» АҚ-да кешенді қауіпсіздікті басқарудың жаңа моделін енгізу бойынша жобаның бірінші толқыны аяқталды. 2020 жылдың соңына дейін бұл жобаның екінші кезеңі «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС мен «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-да жүзеге асырылады.

Қазанама

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ және  «Самұрық-Энерго» АҚ ұжымы  «АЖК» АҚ-ның Режимдер және теңгерімдер жөніндегі атқарушы   директоры Абдрахманов Алтай Аймұхаметұлының қайтыс болуына байланысты туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Біздің құрметті әріптесіміз, ұстаз және тәлімгер Абдрахманов Алтай Аймухаметұлы 63 жасында осы әлемді тастап кете барды. Оның қазасы - бүкіл компания үшін орны толмас өкініш екені анық.

Алтай Аймұхаметұлы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-да 40 жылдан астам уақыт еңбек етті.

Еңбек жолын 1978 жылы Жамбыл тарату тораптары кәсіпорнының электр монтері қызметінен бастаған.

1980 жылдан бастап 2001 жылға дейін релелік қорғау және автоматтандыру қызметінің инженері, кезекші инженер, жедел-диспетчерлік қызмет бастығының орынбасары және кейін сол қызметтің бастығы болып жұмыс істеді.

2001 жылдан 2003 жылға дейін  «АПК» АҚ-да жедел жұмыс жөніндегі менеджер болып қызмет атқарды.

2003-2012 жылдар аралығында компанияның басқарушы құрамында басшылық қызметтерде болды және 2014 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін  «АЖК» АҚ-ның  Режимдер мен теңгерімдер жөніндегі атқарушы директоры лауазымында еңбек етіп жүрді.

Алтай Аймұхаметұлы еңбек жолын электр монтері лауазмынан бастап Компанияның атқарушы директоры лауазымына дейін қажырлы еңбегі мен өз ісіне деген адалдығы арқасында жетті. Ол бір өңірдің ғана емес, жалпы еліміздің электр энергетикасының дамуына зор үлесін қосты.

А.А.Абдрахманов жаңадан салынған және қайта құрылымданған 35кВ және одан жоғары қосалқы станцияларды, «Қоянкөз», «Ерменсай», «Бесағаш»  220кВ-ҚС-ны, «Медеу-Новая», «Шымбұлақ», «Южная», «Геологострой», «КазГУ-Новая» және т.б. 110кВ-ҚС-ны ("АЖК" АҚ-ның 32-ден астам қосалқы станцияларын) пайдалануға беру кезіндегі жұмыстарға белсене қатысты. Сондай-ақ, ол Ресей мен Орта Азия елдерінің мемлекетаралық электр энергиясының ағындарын реттеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі болатын. Осы жұмыстың нәтижесі ретінде 2012 жылы қабылданған, жиілік пен қуатты реттеу жөніндегі мемлекетаралық келісімді айтуға болады, бұл Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік берген еді.

Елеулі табыстары үшін жоғары мемлекеттік наградалармен лайықты марапатталды: «Құрмет» ордені, «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі, Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасы берілді. «ТМД еңбек сіңірген энергетигі», «ҚЭҚ еңбек сіңірген энергетигі», «2017 жылдың үздік инженері» құрметті атақтарын беру – оныың энергетика саласын дамытуға қосқан қомақты үлесін мойындау болып табылады. Сондай-ақ, 2018 жылы оның есімі «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның Құрмет кітабына енгізілді.

Алтай Аймухаметұлының айрықша ерекшелігі – оның еңбекқорлығы мен кәсібилігінде еді. Ол өзі жаны жайсаң, мейірімді және елгезек жан еді, әрқашан әріптестеріне ерекше ықыласын білдіретін, ал жас қызметкерлер үшін құрметті тәлімгер болатын.

Осындай ауыр қазаға байланысты оның отбасына және туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.

«Самұрық-Энерго» Қазақстанның 2020 жылғы 5 айдағы электр энергиясы мен көмір нарығы туралы.

Жүйелік оператордың деректері бойынша ҚР электр станциялары 2020 жылғы қаңтар-мамыр аралығында 45 577,5 млн.кВтсағ. электр энергиясын  өндірген, бұл 2019 жылдың дәл осындай кезеңінен 3,3%-ке көп. Артығымен өндіру Қазақстан БЭЖ-інің барлық зоналарында байқалды. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның ресми сайтында орналастырылған, Қазақстанның   2020 жылғы қаңтар-мамыр аралығындағы электр энергиясы мен көмірінің нарығына жасалған талдау-есепте осы туралы айтылған.

2020 жылғы бес айда генерациямен байланыстырылған электр энергиясын өндіру 22,5 млрд. кВтсағатты құрады, бұл 2019 жылдың осындай кезеңімен барабар (22,8 млрд. кВтс). Сонымен бірге, 2019 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда байланыстырылған генерацияның үлесі кіші-гірім өсіп, ҚР-да өндірілген электр энергиясының жалпы көлемінің  49,6%-тін  құрады.

Угольный разрез Богатырь ТОО Богатырь Комир

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның энергия өндіретін ұйымдары 2020 жылғы қаңтар-мамырда өндірген электр энергиясының көлемі 12 225,7 млн. кВтсағатты құрады немесе     2019 жылғы осындай кезеңнің көрсеткіштерімен салыстырғанда 7%-ке ұлғайды.  

Жүйелік оператордың деректерінше, өткен жылғы осындай кезеңнің көрсеткіштерімен салыстырғанда 2020 жылғы қаңтар-мамырда республиканың электр энергиясын пайдалану динамикасында 2% өсім байқалды. Мәселен, республиканың солтүстік зонасында тұтыну 2%-ке, батыс зонасында 5%-ке және оңтүстік зонасында 1%-ке өскен.

ҚР ҰЭМ Статистика жөніндегі комитетінің ақпаратынша, 2020 жылғы қаңтар-мамыр аралығында Қазақстанда 44 951,9 мың тонна тас көмір өндірілген, бұл 2019 жылғы осындай кезеңнен 2%-ке жоғары (43 874,7 мың тонна).

«Самұрық-Энерго» АҚ мен ресейлік «РусАЛ» БК тең негізде басқаратын, көмір өндіруші «Богатырь Көмір» ЖШС 2020 жылғы қаңтар-мамырда 19 428 мың тонна көмір өндірді, бұл  2019 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 6%-ке көп (18 328 мың тонна). Осы кезең ішінде 19 498 мың тонна көмір сатылды, соның ішінде:

- ҚР-ның ішкі нарығына 15 151 мың тонна, бұл 2019 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 8,8%-ке көп (13 923 мың тонна);

- экспортқа (РФ) – 4 346 мың тонна, бұл 2019 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 1,8%-ке көп (4 271 мың тонна).

ЖЭК-терді пайдаланатын нысандар (КЭС, ЖЭС, БГС, шағын СЭС-тер) 2020 жылғы қаңтар-мамырда өндірген электр энергиясының көлемі  1 170,2 млн. кВтсағатты құрады.     2019 жылдың 5 айымен салыстырғанда (643,5 млн. кВтсағ.) өсім 81,8%-ті құрады.

Ағымдағы жылдың бес айында БГҚ-лардың және шағын СЭС-тердің электр энергиясын өндіруі төмендегені байқалады, ал ЖЭС және КЭС нысандарының электр энергиясын өндіруі артқан.  

 «Самұрық-Энерго» АҚ-ның жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) нысандары (КЭС, ЖЭС, шағын СЭС-тер) 2020 жылғы қаңтар-мамырда өндірген электр энергиясының көлемі 143,5 млн. кВтсағатты немесе ЖЭК нысандары өндірген электр энергиясының жалпы көлемінің 12,3%-ін құрады, бұл 2019 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 9,1%-ке жоғары («Самұрық-Энерго» холдингіне қарасты компаниялардың 2019 жылғы қаңтар-мамырда өндірген ЖЭК көлемі 131,5 млн. кВтсағатты, ал холдингтің ЖЭК-тегі үлесі 20,4%-ті құрады).

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның ЖЭК нысандарында электр энегиясын өндірудің төмендеуіне себеп – ҚР ЖЭК-тің жаңа қуат көздерін іске қосу. 

                 Қазақстанның 2020 жылғы қаңтар-мамыр аралығындағы электр энергиясы мен көмір нарығы жөніндегі Есеп туралы толығырақ ақпаратпен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның сайтында                                                            мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.samruk-energy.kz/ru/press-center/analytical-review

Анықтама:

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.   

_____________________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі 

Тел: (7172) 55-30-62; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. 

Fitch Ratings Халықаралық рейтингтік агенттігі «Самұрық-Энерго» АҚ-ның бірқатар рейтингтерін жоғарылатып, растады

Fitch Ratings агенттігі Самұрық-Энергоның шетелдік және отандық валютадағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «BB» деңгейінде растады, сондай-ақ Самұрық-Энергоның кредитті өз бетінше төлеу қабілетін «B» -ден «B+» -ке дейін және қамтамасыз етілмеген кредиттер бойынша рейтингін  «BB-» -тен «BB» -ге дейін жоғарылатты. Болжам «Тұрақты».

Қаржыны анағұрлым тиімді пайдалана отырып, кредиттік көрсеткіштерді жақсартудың және Компанияның валюталық тәуекелдерін азайтудың арқасында кредитті өз бетінше төлеу қабілеті артты.

Мойнақ СЭС-інің АҚШ долларындағы несиесін Компанияның холдинг деңгейінде жергілікті валютада қайта қаржыландырып, АҚШ долларындағы несиені жергілікті валютаға конвертациялағаннан кейін, валюта бағамының құбылмалылығына ұшырау анағұрлым қысқарды. Бұл рейтингтердің расталуына ықпал етті. 2016 жылғы 60%-пен салыстырғанда, 2019 жылдың соңына қарай шетел валютасындағы қарыз небәрі 2%-ті құрады. Сол арқылы, Агенттіктің атап өтуінше, Компаниялар тобы қаржылық икемділігін және валюталық қатерлерге төтеп беру қабілеттілігін арттырды.

Расталған рейтингке қоса, Шардара СЭС-інің, Мойнақ СЭС-інің және Алматы электр станциясының жаңа энергия блоктары үшін Компаниялар тобының 2024-2028 жылдарға қуатқа жекелеген тарифтер алуы туралы Агенттіктің пікірі де берілген.

Агенттік, тұтас алғанда Компанияның табысы өсуімен қатар, қарызының едәуір азайғанын және соның арқасында қаржылық көрсеткіштерінің жақсарғанын атап өтті. Одан тыс, Компанияның кредиттік портфелінің құрамында халықаралық қаржылық институттардың үлесі 30%-тен 42%-ке ұлғайғаны атап өтілді, бұл қарыздар портфелінің сапасы жоғары екенін білдіреді және Компаниялар тобының қаржылық көрсеткіштерін бағалауға айтарлықтай әсер етеді. Компания бұл орайда халықаралық кредиторлармен әрі қарай тығыз ынтымақтасуды жоспарлап отыр.

Компания 100 процент мемлекет меншігіне қарасты. Елімізде 2019 жылы генерацияланған электр энергиясының шамамен 30%-і және жалпы өндірілген көмірдің шамамен 40%-і Самұрық-Энергоның үлесінде. Самұрық-Энерго дефолтқа ұшырай қалса, оның әлеуметтік-экономикалық салдарын Агенттік орташа деп бағалап, аналық компания өз міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда, еншілес құрылымдардың операциялық қызметінің басым бөлігі жалғаса береді деп пікір білдірді.

Сонымен бірге, Самұрық-Энерго жеткілікті деңгейдегі өтімділікке және өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін толық өтеу үшін қаражатқа ие, деп атап өтті Агенттік.

Анықтама:

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.   

____________________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі 

Тел: (7172) 55-30-62; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. 

«1 млрд-тан астам қаржылық пайда". "Самұрық-Энерго " АҚ "Біріктірілген жоспарлау жүйесі" жобасы бірінші толқынының қорытындысын жариялады»

Біріктірілген жоспарлау жүйесі шығындардың негізгі ауыспалы баптарын оңтайландыру арқылы энергохолдинг кәсіпорындарын дамытудың тиімді сценарийін әзірлеуге мүмкіндік береді.

Цифрлық трансформация бағдарламасын іске асыру барысында "Самұрық-Энерго" АҚ "Біріктірілген жоспарлау жүйесі"  (БЖЖ) жобасын табысты енгізді. Ол шығындардың негізгі ауыспалы баптарын оңтайландыру арқылы электр станцияларын дамытудың тиімді сценарийлерін әзірлеуге мүмкіндік береді.

IMG 5911

Жоба периметріне бірінші кезеңде холдингтің екі еншілес ұйымы кірді: "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС және "Мойнақ СЭС"АҚ. Қоғам басшылығы жаңа жобаны әзірлеу және енгізу жөніндегі команда мүшелерін қол жеткізген алғашқы нәтижелерімен құттықтады. "Самұрық-Энерго" АҚ-ның Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Еділ Көпенов қызметкерлердің - электр станцияларының жұмыс топтары мен Корпоративтік орталықтың 9 құрылымдық бөлімше мамандарының жобаны дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

"Самұрық-Энерго" АҚ-ның БЖЖ жобасы 2017 жылдан бастап бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясында іске асырылуда. 3 жыл бойы демеуші рөлін Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор Серік Түйтебаев атқарып келді.

IMG 5969 resized 20200617 115913622

"Барлық әріптестерімді жобаның алғашқы толқынының сәтті аяқталуымен құттықтаймын. Менің өзіме БЖЖ-ның табысты болатындығы айқын еді, өйткені бұл жүйе компания қызметін сценарийлік жоспарлауды айтарлықтай жеңілдетпек, ал әзірленетін графикалық модельдер қателіктерді мейлінше азайта отырып, іс-әрекеттердің ең тиімді деген жолдарын көрсететін болады. Осының барлығы Компания шығындарын айтарлықтай оңтайландыруға, сонымен қатар қосымша пайда алуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Серік Түйтебаев

Жобаны енгізу барысында жүйеге түзету енгізіліп, қаржылық көрсеткіштердің бір бөлігі алынып тасталды. Мамандардың айтуынша, БЖЖ - компания үшін тиімді жұмыс құралы. 2019 жылы бекітілген жылдық жоспарда - 977 млн. теңге мөлшерінде көрсетілген қаржылық пайда 1 365 млн теңгені құрады. Бұл көрсеткіш станция энергия блоктарының БЖЖ-да есептелген оңтайлы режиміндегі жұмысы нәтижесінде мүмкін болды.

Кеңесте "Біріктірілген жоспарлау жүйесі" жобасының жетекшісі Руслан Құсайынов жобаның екінші толқыны Екібастұз ГРЭС-2-де басталғанын атап өтті. Станциядағы жаңа құралдың көмегімен 2024 жылға дейін  шамамен 1 млрд теңге көлеміндегі шығынды оңтайландыру жоспарланып отыр.

"Самұрық-Қазына" АҚ Цифрлық трансформация офисінің Жобалар портфелін басқару жөніндегі директоры Индира Қыйлыбаева  БЖЖ енгізілген Қордың барлық портфелдік компанияларының арасында "Самұрық-Энерго" АҚ жоғары қаржылық пайданы көрсетіп отырғанын атап өтті. 

IMG 5964 resized 20200617 115136528

Жаңа құралды сәтті енгізгені үшін Жоба демеушісі мен командасы, электр станцияларының және Корпоративтік орталықтың қызметкерлері грамоталармен марапатталды.

Қазақстан энергетиктері сын-тегеуріннен сүрінбей өтті

Елімізде төтенше жағдайды енгізу Республиканың жылу-электр станцияларындағы  жылумен қамтамасыз ету науқанының аяқталуымен және жөндеу жұмыстарының басталуымен тұспа-тұс келді. Энергетиктердің жоғары кәсіби шеберлігі, қажыр-қайраты мен өзара көмекке қабілеті арқасында қалалар мен  елді мекендердегі халықтың тіршілігін қамтамасыз етудің стратегиялық  нысандарында апатты жағдайлар мен тоқтап қалудың бірден-бір оқиғасына жол берілмеді. Бүгінгі фильм осы жылғы көктемнің елеусіз батырлары – энергетиктерге арналады.

 

 

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.   

_____________________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі 

Тел: (7172) 55-30-62; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. 

Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерін жекешелендіру мәселелерін қарастырды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерін жекешелендіру мәселелері қаралды.

Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның 167 активі енгізілген, олардың ішінде қазіргі уақытта 138 актив бойынша тармақтар орындалды. 21 компанияда өткізу және тарату/қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Халықаралық капитал нарықтарындағы жоғары құбылмалылыққа, энергия тасығыштарға бағалардың төмендеуіне және әлемдік экономиканың өсу қарқынының бәсеңдеуіне байланысты «ҚазМұнайГаз», «Air Astana», «Тау-Кен Самұрық», «Qazaq Air», «Самұрық-Энерго», «Қазақстан темір жолы» және т. б. бірқатар стратегиялық активтерді бәсекелі ортаға беру мерзімін 2021-2023 жылдарға ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Мақаланың түпнұсқасы: Pm.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті

«Самұрық-Энерго» АҚ өзінің шығыстарын қысқартады

«Самұрық-Энерго» АҚ 2020 жылы өзінің шығыстарын 18,5 млрд. теңгеге қысқартады.  Бұл жерде сөз ағымдағы шығыстарды да, күрделі сипаттағы шығыстарды да оңтайландыру туралы болып отыр. Қысқарту жөніндегі іc-шаралар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтің «Самұрық-Қазына» АҚ-ның жедел штабы отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында іске асырылуда.

Ағымдағы жылғы наурызда Қордың топ-менеджменті мен портфельдік компаниялардың басшылары қалыптасқан  күрделі халықаралық жағдайды ескере отырып, іске асырылған және болуы ықтимал тәуекелдерді назарға алу механизмдерін талқылағаны белгілі. Отырыс қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазынаның» құрамына кіретін компаниялардың алдына кең ауқымды міндеттер қойылып, нақты тапсырмалар берілген болатын, солардың қатарында – өздерінің өндірістік қызметіне тікелей әсер етпейтін шығыстарды қысқарту.

Операциялық шығыстармен қатар, компания күрделі сипаттағы шығыстарын да қайта қарады, бұлар бойынша оңтайландыру 15,8 млрд. теңгені, немесе жалпы инвестициялық шығыстардың 13%-ін құрайды.  Мыналар оңтайландырылды:

- Инвестициялық жобалар, сомасы 9,3 млрд. теңге;

- Өндірістік активтерді жұмыс бабында ұстауға кететін шығыстар – 2,3 млрд. теңге, әкімшілік активтерді ұстауға кететін шығыстар – 36 млн. теңге;

- Өзге де күрделі шығыстар 4,2 млрд. теңге мөлшерінде.

Бүгінгі күні Корпоративтік орталықтың 30% қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуге көшірілген.

Тұтас алғанда, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның электр энергетикасы және көмір өндіру салаларындағы жұмысы қазіргі кезде штаттық режимде іске асырылуда.

 

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.   

_____________________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі 

Тел: (7172) 55-30-62; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. 

«Самұрық-Энерго» АҚ электр станцияларында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдері өзгереді

 «Самұрық-Энерго» АҚ өндірістегі жазатайым оқиғаларды азайтуға тырысады. Компанияның «Өндірістік қауіпсіздікті басқарудың жаңа моделін ендіру» цифрлық трансформациялау бағдарламасының жобасы кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған. «АлЭС» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ және «Samruk Green Energy» ЖШС-да болатын өзгерістер туралы жоба демеушісі – «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Жоламанов хабарлады.

          Қоғамның еншілес және тәуелді ұйымдарының басшыларымен өткен бейнеконференция барысында Бақытжан Жоламанов өндірісте еңбек қауіпсіздігі мәдениетін арттыру бойынша алда тұрған іс-шаралар туралы хабарлады.

          «Жоба еңбек қауіпсіздігі мәдениетін арттыруға, жарақат алуды азайтуға және жалпы алғанда, өндірісте қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған. Ол қызметкерлердің сана-сезімінің деңгейін арттыруға және ескірген тәсілдерді өзгертуге көмектесетін жаңа стандарттарды, практикалық құралдарды енгізуді қамтиды», - деп атап өтті демеуші.

2

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның ірі еншілес компаниялары мен 6 мыңнан астам жұмысшыларын қамтитын жоба көлемінің ауқымдылығын ескере отырып, Бақытжан Жоламанов Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директор Еділ Көпеновті жобаның тең демеушісі етіп тағайындады. Оған инновацияларды ендіру процесін басқару үшін барлық өкілеттіктер берілген.

Электр станциялары басшыларының алдында сөйлеген сөзінде, тең демеуші топ-менеджердің жеке басының мысалы мен еңбек қауіпсіздігі мәселелеріндегі өзінің жеке жауапкершілігі кәсіпорындарда жобаны сәтті жүзеге асыруға ықпал ете алатынын атап өтті.

«Өндірістік қауіпсіздікті басқарудың жаңа моделін енгізу» жобасының басшысы Төлеген Максилов қауіпсіздік мәселелеріне көп көңіл бөлінетін кәсіпорындардың бірінен мынадай мысал келтірді: «Бұл кәсіпорында кіріспе нұсқаманы бірінші басшы өткізді. Алдын ала бейнежазба түсіріліп, ол келушілерге, қызметкерлерге және т.б. көрсетілді. Осы фактінің өзі оның еңбекті қорғау жүйесіне көзқарасының қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Осыған қарап, оның қол астындағы адамдар да ережені бұзбауға тырысады».

5

«Самұрық-Энерго» АҚ Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Серік Түйтебаев жекелеген процестердің қауіпсіздік және еңбекті қорғау жүйесіне тигізетін әсерін атап өтті.

        «Конкурс рәсімдерін уақытылы өткізу және тиісті қаржы бөлу үшін еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау мәселелеріне бюджетті жоспарлауға, тауарлар мен қызметтерді сатып алуды ұйымдастыруға және тендерлер өткізуге жауапты адамдарды тарту қажет», - деді Серік Түйтебаев.

Бейнеконференция барысында бюджеттеуді уақытылы жасамау немесе арнайы киімдерді уақытылы сатып алмау сияқты қатерлердің болуы өндірісте жазатайым оқиғалардың орын алуына себеп болуы мүмкін екендігі айтылды.

Кездесу соңында Бақытжан Жоламанов еншілес және тәуелді ұйымдардың басшыларына жобаны өз жауапкершілігіне алып, жоба тобына жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.

Тең демеуші Еділ Көпенов Хаттамада жоба тобын жұмылдыру, қажетті құжаттарды дайындау және Жобаны бастау туралы бұйрық мерзімдерін белгілеуді ұсынды.

«АлЭС» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ және «Samruk Green Energy» ЖШС кәсіпорындарында «Өндірістік қауіпсіздікті басқарудың жаңа моделін ендіру» жобасын іске қосу ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін жоспарланып отыр.

COVID-19 карантині жағдайында энергетиктер қалай жұмыс істегені туралы

Коронавирус індеті қазақстандық энергетиктердің кәсіби шеберлігін және қолда бар жабдықтың тозығы жеткеніне қарамастан, саланың жоғары ұйымшылдық мүмкіндігін көрсетті.

ТЖ режимі кезінде "Самұрық-Энерго" АҚ-ның Екібастұз энергия кешеніндегі кәсіпорындарда КВИ-дің 11 расталған жағдайы тіркелді. Бүгінгі таңда 2 жұмыскер сауығып шықты, 272 адам үй жағдайындағы карантинде. Бұл жерде сөз "Богатырь Көмір" ЖШС, "Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС және "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ туралы болып отыр.

Бүгінгі таңда электр энергетикалық холдинг - "Самұрық-Энерго" АҚ-ның өндіруші, жіберуші және бөліп-таратушы компаниялары штаттық режимде жұмыс істеп, тұтынушыларға электр энергиясын жеткізіп беру және көмір жөнелту жөніндегі өздерінің міндеттемелерін толығымен орындауда. Төтенше жағдай режимі кезінде, 2020 жылғы наурыз - 11 мамыр аралығында "Самұрық-Энерго" АҚ- ның электр станциялары өндірген электр энергиясының көлемі 4 984 109 мың кВтсағатты, сол кезеңде сатылған көмірдің көлемі 9 462 590 тоннаны құрады. ГРЭС-1, ГРЭС-2 және АлЭС тұтынушыларға 1 млн. Гкал. астам көлемде жылу жіберілуін қамтамасыз етті.

Аяқталған төтенше жағдай режимі кезінде де, бүгіндері жалғасып жатқан карантин жағдайында да энергетикалық кәсіпорындарда коронавирус инфекциясы тарқалуына жол бермеу үшін мүмкін болған шаралардың бәрі қолға алынды. Бұл орайда энергетиктер тұтынушыларды электр энергиясымен, жылумен және жылы сумен қамтамасыз ету жөніндегі өздерінің міндетін толығымен орындау үшін станциялардың штаттық режимде жұмыс істеуін қамтамасыз етті. Енді энергетиктер карантиннен абыроймен өтті деп айтуға болады.

Көмір өндіруші аса ірі кәсіпорын "Богатырь Көмірде" 6500-ден астам адам жұмыс істейді. ТЖ режимі кезінде 251 жұмыскер үй жағдайындағы карантинде болды. Кеншілердің тиянақты жұмыс істеуі арқасында көмірдің өндірілуі мен жөнелтілуі штаттық режимде өтті. Үйде орындай алатын қызметкерлер қашықтан жұмыс істеуге жіберілді. Жұмыс орнына қауіпсіз жеткізу үшін қосымша 16 автобус жұмылдырылды.

Екібастұз ГРЭС-2-де жұмыс процесінің үзілмеүін қамтамасыз ету мақсатында, қатерлі топқа жататын жұмыскерлердің 12,4%- ін үйде оқшаулау үшін оларға демалыс күндері берілді; персонал жетіспегендіктен және уақытша ауыстыратын адам болмағандықтан, станцияның ауысым бастықтары, сондай-ақ электр цехы мен химия цехы жұмыскерлерінің бір бөлігі үш ауысымды жұмысқа (демалыссыз) көшірілді; персонал үнемі қызмет көрсетуге тиіс осал учаскелер мен жабдықтар айқындалды; жедел жөндеуді жоспарлау жиналыстары қашықтық режиміне көшірілді.

Екібастұз ГРЭС-1-де жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау бағытындағы іс-шаралар әзірленіп, жүзеге асырылуда, "Санитарлық-эпидемияға қарсы кешенді іс-шаралар жоспары" қолданысқа енгізілді. Бүгіндері 90 жұмыскер карантинде жүр. Персоналдың жетіспеушілігі станция жұмысының қуаттылығы мен жұмыс кестесіне әсер етпеді. Бұл жағдай

технологиялық процеске де әсерін тигізген жоқ. Өндіру көлемі "КЕГОК" АҚ ЖО ҰДО-ның кестелеріне сай қамтамасыз етілуде.

"Самұрық-Энерго" АҚ-ның өндіруші компаниясы - "Алматы электр станциялары" АҚ-да (АлЭС) жұмыскерлердің бір бөлігі қаланың сыртында тұрады. Олардың біразы бір күннің ішінде қашықтан жұмыс істеу режиміне көшірілді. Тікелей өндіріспен байланысты және жөндеу жұмыстарымен айналысатын, бірақ қаланың сыртында тұратын жұмыскерлер қалада орналастырылды. Компания олардың үй жалдау шығыстарын өтеді. Карантин мерзімінде, жұмыскерлердің өтініші бойынша, компанияның кәсіподағы барлығы болып 200-ден астам жалға берушімен шарт жасасып, қаржы аударды.

 

 «Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.   

______________________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі 

Тел: (7172) 55-30-62; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.