Алматы ЖЭО-2 газбен істейтін станция болады

Оңтүстік мегаполистегі жылудың және электр энергиясының негізгі көзі саналатын Алматы ЖЭО-2 толығымен газға көшіріледі. Бұл туралы бүгінде қоршаған ортаға тигізетін әсерді мейлінше азайту бойынша жұмыс жүргізіп отырған «Самұрық-Энерго» АҚ-да айтылды.

Сайып келгенде, Алматы қаласының экологиясын жақсарту ісінде маңызды қадам жасалуды, өйткені атмосфералық ауаның сапасына жұмысы кері әсер ететін  нысандар қалада баршылық (автокөлік, қоғамдық көлік және жеке сектордың ауаға зиянды шығарулары, жылу мен энергияны көмірмен істеу арқылы өндіретін өзге де кәсіпорындар). Оның үстіне, қаланың алдында көгалдандырумен, жел режимін ескере отырып құрылыс жүргізумен,  отынның сапасымен және т.б. байланысты мәселелерді шешу тұр.

ЖЭО-2-ні жаңғыртудың көптеген нұсқалары қарастырылды. «АлЭС» АҚ-ның тапсырысы бойынша бұл жұмысты энергетика саласында құрылыс жүргізудің 60 жылдық тарихына ие, жылу энергетикасы саласындағы жобаға дайындық және жобалау жұмыстарының кең ауқымын атқаратын «ҚазЭнергоөнеркәсіптікҒЗЖІ» жобалау институты жүргізді.

ЖЭО-2-ні табиғи газ жағуға көшіру атмосфераға зиянды заттар шығаруды азайтудың және станция әсерін тигізетін зонада ауаның сапасын жақсартудың ең тиімді жолы екені еш күмәнсіз. Сол арқылы атмосфераға ластаушы заттар шығарудың жылдық саны 80%-тен астамға қысқарады.

Қазіргі уақытта «Самұрық-Энерго» АҚ тарифтік салмақтың мейлінше төмендеуі міндетті түрде қамтамасыз етілуін және жобаның толық ақталуын ескере отырып, оны қаржыландырудың тиімді көздері мен қаржыландыру тәсілдерін тарту бойынша жұмысты жалғастыруда. Осылайша, компания жылу және электр энергиясының негізгі тұтынушылары болып табылатын қала тұрғындарының барлық мүдделерін ескереді.

Анықтама:

Алматы ЖЭО-2 – Қазақстандағы электр және жылу энергиясын қатар өндіретін аса ірі жылу станциясы. Станция  Алматы қаласын жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етеді. ЖЭО-2-нің белгіленген электрлік қуаттылығы 510 МВтты, жылулық қуаттылығы - 1411 Гкал/сағатты құрайды.

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.

________________________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі 

Тел: (7172) 55-30-62; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

2-ЖЭО 40 - жылдық мерейтойын атап өтуде

2-ЖЭО Қазақстанның ең ірі жылу электр орталығы болып табылады. Бұл электр станциясы құрастырылу жағынан ерекше. Сейсмикалық қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында станция 12 метр тереңдікке тереңдетілді. Станцияда елімізде алғаш рет сейсмикалық орындаудағы бу өнімділігі сағатына 420 тонна қазандық агрегаттары іске қосылды.

2-ЖЭО энергетикалық қазандары бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес, көмір мен мазутпен жұмыс істейді. Қазіргі таңда станция оны газға ауыстыруды көздейтін жаңғыртуға дайындалуда.

2-ЖЭО орнатылған электр қуаты - 510 МВт, жылу қуаты - 1411 Гкал/сағ. Орташа жылдық өндіру-2,7 млрд кВт / сағ электр энергиясы және 3,2 млн Гкал жылу энергиясы. 2-ЖЭО стратегиялық маңызды объект болып табылады, өйткені ол Алматы қаласын жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етеді (жазғы кезеңде 100% ыстық сумен және жыл бойы 50% «АлЭС» АҚ өндірісінен электр энергиясымен қамтамасыз етеді).

2-ЖЭО  арқылы энергетиктердің бірнеше ұрпағы өтті. Оның алғашқы директоры Евгений Волков болды. Кейіннен станцияны 9за0 жылдар бой Қапыш Петр, Кравцов Валентин, Оразбаев Бірлік, Календарев Ахат, Төтебаев Серік, Сабырқұлов Бисембек, Салимов Фазоил басқарды. Қазір 2-ЖЭО-ны Шанлақбаев Асхар басқарады. 40 жыл бұрын станцияға электр цехының аға кезекші электр монтері Мұхамед-Рахимов Нұрлан келді.

Қазіргі таңда ол «Алматы электр станциялары» АҚ басқарады.

Қазір де тұтынушыларды үздіксіз энергиямен жабдықтауды станцияның кәсіби персоналы қамтамасыз етеді, онда тәжірибелі энергетиктермен қатар болашағы зор жастар да жұмыс істейді. - Біз 2-ЖЭО-де қызмет ететін энергетиктердің аға буыны мен жас қызметкерлерімізді мақтан тұтамыз,-дейді «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов. - Еліміздің жоғары оқу орындарының үздік түлектерін жұмысқа шақырып, ертеңгіге алаң болмау үшін, саналы,  дарынды ұрпақ сабақтастығына ерекше көңіл бөлеміз. Осылайша жастарға жол көрсетіп, тәлім –тәрбие берсек, келер ұрпаққа берері мол кәсіби мамандар болатынына кәміл сенемін.  

2-ЖЭО: тарихының бастауы

1980 жылы 26 тамызда Алматы 2-ЖЭО бірінші энергоблогының қазандығында алау жағылды

1980 жылы 26 тамызда Алматы 2-ЖЭО-нің көрінісі: ауыр мұнара крандарыны, шаң іздерін қалдырған тиелген жүк машиналары болашақ цехтар мен қызметтерге құрылыс материалдарын жеткізді. Ал 26 тамыз күні жаңа елордалық жылу электр орталығының тарихындағы алғашқы жұмыс күні ерекше болды. Кешке қарай қазандық агрегатына құрылысшылар, монтажшылар, т.б. жұмысшылар жиналды. Іске қосу бастығы, қабылдау комиссиясының төрағасы, «Алмаатаэнерго» АБ басқарушысы Жакутов Айтқали Жақұтұлы іске қосуға рұқсат беру туралы журналға соңғы жазба жасап, Алматы 2-ЖЭО бас инженері Виктор Андреевич Тюсинге қазандықты ерітуге өкім берді.

№1 қазандық агрегатын еріту кезінде алауды жағудың құрметті құқығын «Алмаатагрэсстрой» басқармасының кешенді бригадаларының бригадирлері, станция құрылысы басталған кезде бетонның бірінші текше метрін салуға қатысушылар – Амадье Асанов, Степан Пола, ағаш ұстасы Кирилл Бухарев, электр дәнекерлеуші Вера Долгополова, Покровский монтаждау басқармасының бригадирі Эрик Вихту, трест монтаждау басқармасының бригадирлері Брий Пласин мен Виктор Огородников алды.

23.00 қазандық агрегатының алғашқы алауы жағылды. Қазандықтың оттығында өрт шыққанына төрт сағат өтті. Қазандық агрегатының құбыр желісі аса берік құбырларының километрлері күш алуда. Өздігінен жазғыштар басқару қалқанында жүздеген құрылғылар металл беттерін жылыту жылдамдығы мен қысым температурасы туралы алғашқы ақпараттарды тіркеп отырды…

Уақыт түн ортасы, бірақ құрылыс жұмысын жалғастырды: екінші ауысымның құрылысшылары жұмыс істеді, дәнекердің ұшқыны, ал қазандық цехында қазандықтың аға машинисі Валерий Вержук, қазандық цехының ауысым бастығы Рудольф Вольф, станция ауысымының бастығы Владимир Сергеевте қызу жұмыс үстінде. Олар сағат сайын жабдықтар мен жабдықтардың қалыпты жұмысын хабардар етіп отырды.

Күрделі емтиханнан өтті: машиналар өздерінің сенімділігін көрсетті, мамандардың тәжірибесі мен білімі тәжірибеде расталды. Осылайша, жаңа жылу электр орталығы  1980 жылы 26тамызда өмірге жолдама алды.

Бүгін біз Алматы 2-ЖЭО-нің 40 жылдық мерейтойын атап өтудеміз. Бұл Қазақстандағы электр және жылу энергиясын аралас өндіру бойынша ең ірі жылу станциясы. 2-ЖЭО  Алматы қаласын жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етеді (жазғы кезеңде 100% ыстық сумен жабдықтау және 50% жыл бойы "Алматы электр станциялары"АҚ өндірісінен электр энергиясымен қамтамасыз етеді).

Қазір ЖЭО-2 жыл сайын 2,7 млрд кВт / сағ электр энергиясын және 3,2 млн Гкал жылу энергиясын өндіреді, ал алдымен станцияның іске қосылуы 78,5 млрд кВт / сағ электр энергиясын және 102,8 млн Гкал жылу энергиясын өндіреді.

 

Екібастұз ГРЭС-2 валюталық қатерді жойды.

«Самұрық-Қазына» АҚ мен «Самұрық-Энерго» АҚ тең акционерлері болып табылатын «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ жалпы сомасы шамамен 100 млрд. теңге болатын шетел валютасындағы барлық міндеттемелерін қайта қаржыландырды. Осылайша, станция валюталық қатердің бетін толығымен қайтарып, болуы ықтимал курстық шығындарды жойды.

Бұл іс-шара ел экономикасының долларға байланыстылығы деңгейін төмендету, Қазақстанның валюталық міндеттемелері мен сыртқы қарыздарын азайту жөніндегі мемлекеттің саясатын қолдау аясында өткізілді. Қайта қаржыландырудың көзі – Қазақстанның аса ірі банкі – «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ.

Бұл мәмілені іске асыру Екібастұз ГРЭС-2-ге валюталық қатерді толығымен жоюға, сыйақы мөлшерлемесін бекітуге, кепілдегі жылжитын және жылжымайтын мүлкін толығымен босатып алуға мүмкіндік берді, соның арқасында 1 млрд.теңгеден астам жыл сайынғы ілеспе шығыстар оңтайландырылды.

Қосымша мәміле ұлттық валютада бекітілген ұзақ мерзімді қарыз есебінен қорландыру шарттарын жақсартуға және қаржыландыру құрылымын оңайлатуға мүмкіндік берді.

Анықтама:

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ – инвестициялық холдинг, миссиясы – Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру және келешек ұрпақтар үшін ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету. 2008 жылы құрылған. Жалғыз акционері – Қазақстан Республикасының Үкіметі. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобына мұнай-газ, көлік-логистика секторларының, химия және атом өнеркәсібінің, тау-кен металлургиясы кешенінің, энергетика саласының кәсіпорындары кіреді.

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.   

 «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ – белгіленген қуаттылығының көлемі 1000 МВт болатын қазақстандық энергетикалық кәсіпорын, ол әрқайсысының қуаттылығы 500 МВтты құрайтын екі энергия блогі арқылы күлі көп екібастұз көмірінен электр энергиясын өндіреді.  Екібастұз қаласында орналасқан. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен «Самұрық-Энерго» АҚ тең акционерлері болып табылады.

____________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі.

Тел: (7172) 55-30-62; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Қазақстанда жаңа екі электр станциясы пайда болады

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы жаңа екі жоба іске асырылуда. Бұл жерде сөз «Самұрық-Энерго» АҚ-ға қарасты компаниялар құрылысын бастаған Алматы және Ақмола облыстарындағы жел электр станциялары (ЖЭС) туралы болып отыр.

«Келешекте 300 МВт-ға дейін кеңейте отырып, Шелек дәлізінде қуаты 60 МВт жел электр станциясын салу» жобасы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында іске асырылуда. Станция жиынтық қуаты 60 МВт болатын 24 жел энергетикалық қондырғыдан, қосалқы станциядан және электр беру желілерінен тұрады. Нысанның өндірістік алаңында құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Жобаны «Самұрық-Энерго» АҚ-ның құрамындағы «Энергия Семиречья» ЖШС жүргізуде.  ЖЭС-тің құрылысы кезінде 300 жұмыс орнын, ал станция пайдалануға берілгеннен кейін тұрақты түрде 14 жұмыс орнын ашу көзделген. ЖЭС жылына 225 750 мың кВтсағ. электр энергиясын өндіреді деп күтілуде. Компания мамандарының сөзінше, жел энергетикалық қондырғыларын суық континенталдық климат (–30…+43 С), сейсмикалық белсенділігі 10 балл және желдің жылдамдығы – II класс жағдайында пайдалануға болады. Жел турбиналары IEC 61400-series «Жел турбогенераторлық жүйелері» халықаралық стандарттарына сәйкес келетін техникалық және экологиялық қасиеттерге ие.

Екінші жел электр станциясы Ақмола облысындағы Ерейментау қаласының маңында орналасқан. Ол жердегі желдің әлеуетін ескере отырып, станцияның алаңында германдық «ENO Energy GmbH» фирмасы жасап шығарған. әрқайсысының қуаты 4,8 МВт және белгіленген жиынтық қуаты 50 МВт болатын 11 ЖЭҚ орнату жоспарланған. Нысанның құрылысы оған осы уақыт ішінде жергілікті тұрғындардан 100 адамды жұмысқа тартуға мүмкіндік береді. Пайдалану кезінде станцияға 16 адам қызмет көрсететін болады. Жобаны «Самұрық-Энерго» холдингіне қарасты, жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруге маманданған  «Ereymentau Wind Power» ЖШС іске асыруда.

Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстанның жаңартылатын көздерді пайдаланудағы әлеуеті зор, және де, атап өтілгендей, «жасыл» энергетикаға  көшу, «жасыл» технологияларды енгізу – бұл жаһандық экономиканың өсіп келе жатқан векторы.

Мәселен, Алматы облысында, «Самұрық-Энерго» мамандарының бағалауынша, электр энергиясының негізгі көздері – Алматы ЖЭО-лары, Қапшағай және Алматы СЭС-інің каскадтары, Есік СЭС-і, Мойнақ СЭС-і, Қаратал СЭС-і. Өзінде өндіруші қуат көздері жетіспегендіктен, облыстың электр энергиясына деген қажеттілігі қолда бар энергия көздерімен 50%-ке ғана жабылады. Жел энергиясы ресурстарының әлеуеті жоғары өңірде ЖЭК-тің кезекті нысанын пайдалануға беру, қоршаған ортаға тигізетін әсерін неғұрлым азайта отырып, электр энергиясына деген тапшылықты ішінара шешуге мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның ЖЭК нысандары – күн электр станциялары (КЭС), жел электр станциялары (ЖЭС), биогаз станциялары (БГС), шағын СЭС-тер 2019 жылы 342,5 млн. кВтсағ. электр энергиясын өндірді, бұл Қазақстан Республикасында ЖЭК-терді пайдалана отырып өндірілген электр энергиясының жалпы көлемінің 14,3%-тін құрайды, ал компанияның «таза» электр энергиясын өндірудегі (КЭС, ЖЭС, шағын және ірі СЭС-тер) 2019 жылғы үлесі 2018 жылмен салыстырғанда 1,2%-ке ұлғайып, 2 924,2 млн. кВтсағатты құрады.

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.

________________________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі 

Тел: (7172) 55-30-62; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Жобалар портфелін жаңарту

Трансформацияның жобалар портфелін жаңарту – бұл үздіксіз жетілдіру процесі. Жыл сайын оның мазмұны компания қажеттіліктерін ескере отырып жаңартылады.

"Самұрық-Энерго" АҚ-да Жаңғырту жөніндегі кеңейтілген кеңестің (ЖКК) онлайн-отырысы өтті. Оған "Энергетика" секторы активтерді басқару дирекциясы, "Самұрық-Қазына" АҚ Қорының Цифрландыру офисінің өкілдері, Стратегиялық дамыту жөніндегі басқарушы директор Лязат Боранқұлова, сондай-ақ Стратегиялық дамыту департаментінің директоры Марал Шашкенова, энергия холдингі ЕТҰ-ларының бірінші басшылары, Корпоративтік орталықтың басқарушы директорлары және әлеуетті жобалар мен іс-шаралардың басшылары қатысты.

Жаңғырту жөніндегі кеңестің отырысын "Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма Төрағасы Бақытжан Жоламанов ашты: «Негізгі назар өндірістік міндеттерді шешуге, "төменнен-жоғарыға" қағидаты бойынша идеялар мен ұсыныстарды жинақтау тактикасын қолдануға бағытталды, бұл компаниялар тобы ЕТҰ-ларының өзекті қажеттіліктерін анықтауға көмектесті. Осылайша, бүгін біз бастамалардың қысқа тізімін қалыптастырдық».

Жарты жыл бойы портфельді жаңарту бойынша дайындық жұмыстары барлық ЕТҰ-лармен қарым-қатынасты, идеялар мен ұсыныстарды жинақтау арналарын кеңейтуді, 60-тан астам әлеуетті жобалар мен іс-шаралардың орындылығы мен экономикалық тиімділігін талдауды қамтыды.

"Іріктеуден" 15 жоба өтті, олар Жаңғырту жөніндегі кеңес мүшелерінің қарауына шығарылды. Талқылау мен дауыс беру нәтижесінде Жаңартылған жобалар портфелінің 10 бизнес-ұсынысын кейіннен іске асыру үшін бюджет пен басқа да ресурстарды бөлу мүмкіндігін қарастыру туралы шешім қабылданды. Қалған бес жобаны Цифрлық трансформация бағдарламасынан тыс жүзеге асыру жоспарланады.

"Бірқатар жобалар цифрлық технологиялар саласындағы озық шешімдерді қамтиды және өндірістік тиімділікті арттыруға бағытталған. Пандемияға байланысты жағдай қызметтерді автоматтандыруды, қағазсыз айналымды қамтитын Жобалар портфелінің мазмұнына да әсер етті. Біз қарауға ұсынған жобалар мен іс-шаралар стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге, компанияның құнын арттыруға және операциялық шығындарды азайтуға бағытталған", - деп атап өтті отырыс барысында "Самұрық-Энерго" АҚ Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Еділ Копенов.

Еділ Копенов "Самұрық-Энерго" АҚ ЕТҰ-ларының басшыларын жобаларды іске асыруға белсенді қатысуға, ол үшін ресурстар бөлуді қарауға және жобалық басқару әдіснамасын ұстануға шақырды: "КО деңгейінде де, ЕТҰ деңгейінде де Портфельді басқару құрылымының нұсқаларын қарауға ұсынуды сұраймын».

Энергия холдинг құрылымына кіретін кәсіпорындардың бірінші басшыларына Жаңғырту жөніндегі кеңес шешімдерінің орындалуын бақылау және пысықталған қаржы-экономикалық модельдерге сәйкес бюджеттерді дайындау тапсырылды. Қазан айында «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің жобалар портфелін келісуі жоспарланады.

Электр станцияларында кешенді қауіпсіздікті басқарудың жаңа моделін енгізу жалғасуда

Трансформациялау бағдарламасы жобасының мақсаты - өндірістегі жарақаттану көрсеткішін 30%-ға азайту

6 мыңнан астам адам жұмыс істейтін «Алматы электр станциялары» АҚ (АлЭС), «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ (АЖК) және «Samruk Green Energy» ЖШС (SGE) «Самұрық-Энерго» АҚ Трансформациялау бағдарламасының кешенді қауіпсіздігін басқарудың жаңа моделін ендіру жобасының үшінші толқынының периметріне кірді. Жаңа тәсілдер қауіпсіздік мәдениетін көтеруге және оқыс оқиғаларды болдырмау арқылы жұмыс орындарындағы жарақаттануды азайтуға бағытталған.

«Кешенді қауіпсіздікті басқарудың жаңа моделін ендіру» жобасын іске асыруды бастау туралы «Самұрық-Энерго» АҚ ЕТҰ энергетикалық холдингінің еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне жауап беретін топ-менеджерлері мен желілік басшыларының қатысуымен өткен старттық онлайн-отырыста жарияланды.

«Мен еңбек қауіпсіздігі мәселелерінің басымдығын атап өткім келеді. Бұл жоба «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің ерекше бақылауында. «Самұрық-Энерго» АҚ жобасының демеушісі сонымен қатар бірінші басшы - Басқарма Төрағасы Бақытжан Жоламанов », - деді Жобаның тең демеушісі, Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директор Еділ Көпенов.

Жоба электр станцияларының қызметкерлеріне қауіпсіздік ережелерін сақтауға деген көзқарасты өзгертуге, сана деңгейін көтеруге және ескірген көзқарастарды өзгертуге көмектесетін жаңа стандарттар мен практикалық құралдарды енгізуді қамтиды.

Тәжірибе көрсеткендей, тәуекелдердің алдын алу бойынша жұмыс өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша 6 жазатайым оқиға тіркелді. Егер 2019 жылдың дәл осы кезеңінде кәсіпорындарда 7 қайғылы оқиға орын алған болса, оның 1-еуі өлімге әкеліп соқтырған жағдай еді. 2019 жылдан бастап оқиғаларды тіркеудің ашық жүйесі енгізілді, оның аясында жарақаттануға әкеп соқпаған ықтимал қауіпті оқиғалар тіркеліп, тексерілуде. Сонымен қатар жазатайым оқиғаларды жасырғаны үшін жауапкершілік күшейтілді, ал ықтимал қауіпті жағдайларды хабарлағаны үшін ақшалай ынталандыру қарастырылды. 2020 жылдың 1 жартыжылдығында 16 ықтимал қауіпті оқиға тіркеліп, тексерілді. Өткен жылдың дәл осы кезеңінде 23 оқиға тіркелді.

123

2020 жылдың І жартыжылдығындағы оқиғалар

2019 жылдың І жартыжылдығы

2020 жылдың І жартыжылдығы

Оқиғалар      Жазатайым оқиғалар Өлімге әкеп соқтырған жағдайлар

Жоба жетекшісі, «Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау» департаментінің директоры Төлеген Максиловтің айтуынша, жоба жүзеге асырылғаннан кейінгі үш жылдың ішінде кәсіпорындардағы жарақаттану деңгейін 30 %-ға азайту жоспарланып отыр.

«Өндірістегі ықтимал қауіп-қатерлерге сапалы талдау жасау қажет. Жұмыста бюрократиялық көзқарас болмауы керек. Есеп берудің ашық жүйесін енгізу, өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне белсенді көзқарас – жобаны іске асырудағы маңызды міндеттер», - деді Төлеген Максилов.

2019 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ Корпоративтік орталығында, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-да, «Мойнақ ГЭС» АҚ-да, «Шардара ГЭС» АҚ-да кешенді қауіпсіздікті басқарудың жаңа моделін енгізу бойынша жобаның бірінші толқыны аяқталды. 2020 жылдың соңына дейін бұл жобаның екінші кезеңі «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС мен «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-да жүзеге асырылады.

Қазанама

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ және  «Самұрық-Энерго» АҚ ұжымы  «АЖК» АҚ-ның Режимдер және теңгерімдер жөніндегі атқарушы   директоры Абдрахманов Алтай Аймұхаметұлының қайтыс болуына байланысты туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Біздің құрметті әріптесіміз, ұстаз және тәлімгер Абдрахманов Алтай Аймухаметұлы 63 жасында осы әлемді тастап кете барды. Оның қазасы - бүкіл компания үшін орны толмас өкініш екені анық.

Алтай Аймұхаметұлы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-да 40 жылдан астам уақыт еңбек етті.

Еңбек жолын 1978 жылы Жамбыл тарату тораптары кәсіпорнының электр монтері қызметінен бастаған.

1980 жылдан бастап 2001 жылға дейін релелік қорғау және автоматтандыру қызметінің инженері, кезекші инженер, жедел-диспетчерлік қызмет бастығының орынбасары және кейін сол қызметтің бастығы болып жұмыс істеді.

2001 жылдан 2003 жылға дейін  «АПК» АҚ-да жедел жұмыс жөніндегі менеджер болып қызмет атқарды.

2003-2012 жылдар аралығында компанияның басқарушы құрамында басшылық қызметтерде болды және 2014 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін  «АЖК» АҚ-ның  Режимдер мен теңгерімдер жөніндегі атқарушы директоры лауазымында еңбек етіп жүрді.

Алтай Аймұхаметұлы еңбек жолын электр монтері лауазмынан бастап Компанияның атқарушы директоры лауазымына дейін қажырлы еңбегі мен өз ісіне деген адалдығы арқасында жетті. Ол бір өңірдің ғана емес, жалпы еліміздің электр энергетикасының дамуына зор үлесін қосты.

А.А.Абдрахманов жаңадан салынған және қайта құрылымданған 35кВ және одан жоғары қосалқы станцияларды, «Қоянкөз», «Ерменсай», «Бесағаш»  220кВ-ҚС-ны, «Медеу-Новая», «Шымбұлақ», «Южная», «Геологострой», «КазГУ-Новая» және т.б. 110кВ-ҚС-ны ("АЖК" АҚ-ның 32-ден астам қосалқы станцияларын) пайдалануға беру кезіндегі жұмыстарға белсене қатысты. Сондай-ақ, ол Ресей мен Орта Азия елдерінің мемлекетаралық электр энергиясының ағындарын реттеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі болатын. Осы жұмыстың нәтижесі ретінде 2012 жылы қабылданған, жиілік пен қуатты реттеу жөніндегі мемлекетаралық келісімді айтуға болады, бұл Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік берген еді.

Елеулі табыстары үшін жоғары мемлекеттік наградалармен лайықты марапатталды: «Құрмет» ордені, «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі, Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасы берілді. «ТМД еңбек сіңірген энергетигі», «ҚЭҚ еңбек сіңірген энергетигі», «2017 жылдың үздік инженері» құрметті атақтарын беру – оныың энергетика саласын дамытуға қосқан қомақты үлесін мойындау болып табылады. Сондай-ақ, 2018 жылы оның есімі «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның Құрмет кітабына енгізілді.

Алтай Аймухаметұлының айрықша ерекшелігі – оның еңбекқорлығы мен кәсібилігінде еді. Ол өзі жаны жайсаң, мейірімді және елгезек жан еді, әрқашан әріптестеріне ерекше ықыласын білдіретін, ал жас қызметкерлер үшін құрметті тәлімгер болатын.

Осындай ауыр қазаға байланысты оның отбасына және туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.

«Самұрық-Энерго» Қазақстанның 2020 жылғы 5 айдағы электр энергиясы мен көмір нарығы туралы.

Жүйелік оператордың деректері бойынша ҚР электр станциялары 2020 жылғы қаңтар-мамыр аралығында 45 577,5 млн.кВтсағ. электр энергиясын  өндірген, бұл 2019 жылдың дәл осындай кезеңінен 3,3%-ке көп. Артығымен өндіру Қазақстан БЭЖ-інің барлық зоналарында байқалды. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның ресми сайтында орналастырылған, Қазақстанның   2020 жылғы қаңтар-мамыр аралығындағы электр энергиясы мен көмірінің нарығына жасалған талдау-есепте осы туралы айтылған.

2020 жылғы бес айда генерациямен байланыстырылған электр энергиясын өндіру 22,5 млрд. кВтсағатты құрады, бұл 2019 жылдың осындай кезеңімен барабар (22,8 млрд. кВтс). Сонымен бірге, 2019 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда байланыстырылған генерацияның үлесі кіші-гірім өсіп, ҚР-да өндірілген электр энергиясының жалпы көлемінің  49,6%-тін  құрады.

Угольный разрез Богатырь ТОО Богатырь Комир

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның энергия өндіретін ұйымдары 2020 жылғы қаңтар-мамырда өндірген электр энергиясының көлемі 12 225,7 млн. кВтсағатты құрады немесе     2019 жылғы осындай кезеңнің көрсеткіштерімен салыстырғанда 7%-ке ұлғайды.  

Жүйелік оператордың деректерінше, өткен жылғы осындай кезеңнің көрсеткіштерімен салыстырғанда 2020 жылғы қаңтар-мамырда республиканың электр энергиясын пайдалану динамикасында 2% өсім байқалды. Мәселен, республиканың солтүстік зонасында тұтыну 2%-ке, батыс зонасында 5%-ке және оңтүстік зонасында 1%-ке өскен.

ҚР ҰЭМ Статистика жөніндегі комитетінің ақпаратынша, 2020 жылғы қаңтар-мамыр аралығында Қазақстанда 44 951,9 мың тонна тас көмір өндірілген, бұл 2019 жылғы осындай кезеңнен 2%-ке жоғары (43 874,7 мың тонна).

«Самұрық-Энерго» АҚ мен ресейлік «РусАЛ» БК тең негізде басқаратын, көмір өндіруші «Богатырь Көмір» ЖШС 2020 жылғы қаңтар-мамырда 19 428 мың тонна көмір өндірді, бұл  2019 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 6%-ке көп (18 328 мың тонна). Осы кезең ішінде 19 498 мың тонна көмір сатылды, соның ішінде:

- ҚР-ның ішкі нарығына 15 151 мың тонна, бұл 2019 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 8,8%-ке көп (13 923 мың тонна);

- экспортқа (РФ) – 4 346 мың тонна, бұл 2019 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 1,8%-ке көп (4 271 мың тонна).

ЖЭК-терді пайдаланатын нысандар (КЭС, ЖЭС, БГС, шағын СЭС-тер) 2020 жылғы қаңтар-мамырда өндірген электр энергиясының көлемі  1 170,2 млн. кВтсағатты құрады.     2019 жылдың 5 айымен салыстырғанда (643,5 млн. кВтсағ.) өсім 81,8%-ті құрады.

Ағымдағы жылдың бес айында БГҚ-лардың және шағын СЭС-тердің электр энергиясын өндіруі төмендегені байқалады, ал ЖЭС және КЭС нысандарының электр энергиясын өндіруі артқан.  

 «Самұрық-Энерго» АҚ-ның жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) нысандары (КЭС, ЖЭС, шағын СЭС-тер) 2020 жылғы қаңтар-мамырда өндірген электр энергиясының көлемі 143,5 млн. кВтсағатты немесе ЖЭК нысандары өндірген электр энергиясының жалпы көлемінің 12,3%-ін құрады, бұл 2019 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 9,1%-ке жоғары («Самұрық-Энерго» холдингіне қарасты компаниялардың 2019 жылғы қаңтар-мамырда өндірген ЖЭК көлемі 131,5 млн. кВтсағатты, ал холдингтің ЖЭК-тегі үлесі 20,4%-ті құрады).

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның ЖЭК нысандарында электр энегиясын өндірудің төмендеуіне себеп – ҚР ЖЭК-тің жаңа қуат көздерін іске қосу. 

                 Қазақстанның 2020 жылғы қаңтар-мамыр аралығындағы электр энергиясы мен көмір нарығы жөніндегі Есеп туралы толығырақ ақпаратпен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның сайтында                                                            мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.samruk-energy.kz/ru/press-center/analytical-review

Анықтама:

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.   

_____________________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі 

Тел: (7172) 55-30-62; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. 

Fitch Ratings Халықаралық рейтингтік агенттігі «Самұрық-Энерго» АҚ-ның бірқатар рейтингтерін жоғарылатып, растады

Fitch Ratings агенттігі Самұрық-Энергоның шетелдік және отандық валютадағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «BB» деңгейінде растады, сондай-ақ Самұрық-Энергоның кредитті өз бетінше төлеу қабілетін «B» -ден «B+» -ке дейін және қамтамасыз етілмеген кредиттер бойынша рейтингін  «BB-» -тен «BB» -ге дейін жоғарылатты. Болжам «Тұрақты».

Қаржыны анағұрлым тиімді пайдалана отырып, кредиттік көрсеткіштерді жақсартудың және Компанияның валюталық тәуекелдерін азайтудың арқасында кредитті өз бетінше төлеу қабілеті артты.

Мойнақ СЭС-інің АҚШ долларындағы несиесін Компанияның холдинг деңгейінде жергілікті валютада қайта қаржыландырып, АҚШ долларындағы несиені жергілікті валютаға конвертациялағаннан кейін, валюта бағамының құбылмалылығына ұшырау анағұрлым қысқарды. Бұл рейтингтердің расталуына ықпал етті. 2016 жылғы 60%-пен салыстырғанда, 2019 жылдың соңына қарай шетел валютасындағы қарыз небәрі 2%-ті құрады. Сол арқылы, Агенттіктің атап өтуінше, Компаниялар тобы қаржылық икемділігін және валюталық қатерлерге төтеп беру қабілеттілігін арттырды.

Расталған рейтингке қоса, Шардара СЭС-інің, Мойнақ СЭС-інің және Алматы электр станциясының жаңа энергия блоктары үшін Компаниялар тобының 2024-2028 жылдарға қуатқа жекелеген тарифтер алуы туралы Агенттіктің пікірі де берілген.

Агенттік, тұтас алғанда Компанияның табысы өсуімен қатар, қарызының едәуір азайғанын және соның арқасында қаржылық көрсеткіштерінің жақсарғанын атап өтті. Одан тыс, Компанияның кредиттік портфелінің құрамында халықаралық қаржылық институттардың үлесі 30%-тен 42%-ке ұлғайғаны атап өтілді, бұл қарыздар портфелінің сапасы жоғары екенін білдіреді және Компаниялар тобының қаржылық көрсеткіштерін бағалауға айтарлықтай әсер етеді. Компания бұл орайда халықаралық кредиторлармен әрі қарай тығыз ынтымақтасуды жоспарлап отыр.

Компания 100 процент мемлекет меншігіне қарасты. Елімізде 2019 жылы генерацияланған электр энергиясының шамамен 30%-і және жалпы өндірілген көмірдің шамамен 40%-і Самұрық-Энергоның үлесінде. Самұрық-Энерго дефолтқа ұшырай қалса, оның әлеуметтік-экономикалық салдарын Агенттік орташа деп бағалап, аналық компания өз міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда, еншілес құрылымдардың операциялық қызметінің басым бөлігі жалғаса береді деп пікір білдірді.

Сонымен бірге, Самұрық-Энерго жеткілікті деңгейдегі өтімділікке және өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін толық өтеу үшін қаражатқа ие, деп атап өтті Агенттік.

Анықтама:

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.   

____________________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі 

Тел: (7172) 55-30-62; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. 

«1 млрд-тан астам қаржылық пайда". "Самұрық-Энерго " АҚ "Біріктірілген жоспарлау жүйесі" жобасы бірінші толқынының қорытындысын жариялады»

Біріктірілген жоспарлау жүйесі шығындардың негізгі ауыспалы баптарын оңтайландыру арқылы энергохолдинг кәсіпорындарын дамытудың тиімді сценарийін әзірлеуге мүмкіндік береді.

Цифрлық трансформация бағдарламасын іске асыру барысында "Самұрық-Энерго" АҚ "Біріктірілген жоспарлау жүйесі"  (БЖЖ) жобасын табысты енгізді. Ол шығындардың негізгі ауыспалы баптарын оңтайландыру арқылы электр станцияларын дамытудың тиімді сценарийлерін әзірлеуге мүмкіндік береді.

IMG 5911

Жоба периметріне бірінші кезеңде холдингтің екі еншілес ұйымы кірді: "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС және "Мойнақ СЭС"АҚ. Қоғам басшылығы жаңа жобаны әзірлеу және енгізу жөніндегі команда мүшелерін қол жеткізген алғашқы нәтижелерімен құттықтады. "Самұрық-Энерго" АҚ-ның Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Еділ Көпенов қызметкерлердің - электр станцияларының жұмыс топтары мен Корпоративтік орталықтың 9 құрылымдық бөлімше мамандарының жобаны дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

"Самұрық-Энерго" АҚ-ның БЖЖ жобасы 2017 жылдан бастап бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясында іске асырылуда. 3 жыл бойы демеуші рөлін Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор Серік Түйтебаев атқарып келді.

IMG 5969 resized 20200617 115913622

"Барлық әріптестерімді жобаның алғашқы толқынының сәтті аяқталуымен құттықтаймын. Менің өзіме БЖЖ-ның табысты болатындығы айқын еді, өйткені бұл жүйе компания қызметін сценарийлік жоспарлауды айтарлықтай жеңілдетпек, ал әзірленетін графикалық модельдер қателіктерді мейлінше азайта отырып, іс-әрекеттердің ең тиімді деген жолдарын көрсететін болады. Осының барлығы Компания шығындарын айтарлықтай оңтайландыруға, сонымен қатар қосымша пайда алуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Серік Түйтебаев

Жобаны енгізу барысында жүйеге түзету енгізіліп, қаржылық көрсеткіштердің бір бөлігі алынып тасталды. Мамандардың айтуынша, БЖЖ - компания үшін тиімді жұмыс құралы. 2019 жылы бекітілген жылдық жоспарда - 977 млн. теңге мөлшерінде көрсетілген қаржылық пайда 1 365 млн теңгені құрады. Бұл көрсеткіш станция энергия блоктарының БЖЖ-да есептелген оңтайлы режиміндегі жұмысы нәтижесінде мүмкін болды.

Кеңесте "Біріктірілген жоспарлау жүйесі" жобасының жетекшісі Руслан Құсайынов жобаның екінші толқыны Екібастұз ГРЭС-2-де басталғанын атап өтті. Станциядағы жаңа құралдың көмегімен 2024 жылға дейін  шамамен 1 млрд теңге көлеміндегі шығынды оңтайландыру жоспарланып отыр.

"Самұрық-Қазына" АҚ Цифрлық трансформация офисінің Жобалар портфелін басқару жөніндегі директоры Индира Қыйлыбаева  БЖЖ енгізілген Қордың барлық портфелдік компанияларының арасында "Самұрық-Энерго" АҚ жоғары қаржылық пайданы көрсетіп отырғанын атап өтті. 

IMG 5964 resized 20200617 115136528

Жаңа құралды сәтті енгізгені үшін Жоба демеушісі мен командасы, электр станцияларының және Корпоративтік орталықтың қызметкерлері грамоталармен марапатталды.

Қазақстан энергетиктері сын-тегеуріннен сүрінбей өтті

Елімізде төтенше жағдайды енгізу Республиканың жылу-электр станцияларындағы  жылумен қамтамасыз ету науқанының аяқталуымен және жөндеу жұмыстарының басталуымен тұспа-тұс келді. Энергетиктердің жоғары кәсіби шеберлігі, қажыр-қайраты мен өзара көмекке қабілеті арқасында қалалар мен  елді мекендердегі халықтың тіршілігін қамтамасыз етудің стратегиялық  нысандарында апатты жағдайлар мен тоқтап қалудың бірден-бір оқиғасына жол берілмеді. Бүгінгі фильм осы жылғы көктемнің елеусіз батырлары – энергетиктерге арналады.

 

 

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.   

_____________________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі 

Тел: (7172) 55-30-62; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.