«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Интеграцияланған жылдық есебі 2024 жылғы Жылдық есептерді талдау нәтижелері бойынша PwC Kazakhstan дайындаған «ESG-ақпаратты ашу бойынша үздік 50 компания» жыл сайынғы рейтингінде 1-орынды иеленді.
PwC Kazakhstan рейтингі Қазақстан компанияларының экологиялық, әлеуметтік және басқару (ESG) қызметі туралы деректердің ашықтығы мен ашылу сапасын бағалаудың тәуелсіз құралы болып табылады. Рейтинг компаниялардың ESG есептілігінің жетілу деңгейін көрсетеді, қаржылық емес есептіліктің заманауи халықаралық стандарттарға сәйкестігін және ESG тәжірибелерін, тұрақты дамуды басқару жүйелерін бағалайды. Сонымен қатар рейтинг ESG аспектілерін корпоративтік стратегияларға біріктіру бойынша үздік тәжірибелерді анықтау, ақпаратты ашу сапасын арттыру құралы ретінде қызмет етеді.
«Самұрық-Энерго» АҚ рейтингінің қорытындысы бойынша жалпы есепте ғана емес, сонымен қатар 98 қазақстандық компания арасында ESG-ақпаратты ашудың мынадай бірнеше негізгі бағыттары бойынша көшбасшы болып танылды:
- Энергетика секторындағы ESG ақпаратын жақсы ашу
- Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін барынша толық ашу
- Орнықты даму саласындағы стратегияны жақсы ашу
- Әлеуметтік мәселелерді жақсы ашу.
Бұл нәтиже «Самұрық-Энерго» АҚ қызметіндегі корпоративтік есептілік мәдениетінің жоғары деңгейін, орнықты дамуға қатысты көзқарастың жүйелілігін және ашықтық қағидаттарына бейілділікті растайды.


