«Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысында «Самұрық-Энерго» күзгі-қысқы кезеңге дайындық туралы есеп берді

«Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысында «Самұрық-Энерго» күзгі-қысқы кезеңге дайындық туралы есеп берді

«Самұрық-Қазына» АҚ-да Болат Жәмішевтің төрағалығымен күзгі-қысқы кезеңнің өтуін қамтамасыз ету бойынша Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Отырысқа «Самұрық-Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ басшылығы, ҚР Парламентінің депутаттары, сондай-ақ сарапшылар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов энергетикалық станцияларда жөндеу жұмыстары бекітілген кестелерге сәйкес жүргізіліп жатқанын, бұл ағымдағы жылу беру маусымын уақтылы бастауға мүмкіндік бергенін атап өтті. Электр станцияларына отын жеткізу де кестеге сәйкес жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда көмір қоры 1504 мың тоннаны құрайды. ал норматив бойынша 791,5 мың тонна, мазут қоры - 33,6 мың тонна, норматив бойынша - 23,6 мың тонна. «Богатырь Көмір» ЖШС еншілес компаниясы келісімшарттарға сәйкес басқа да электр станцияларына көмірді үздіксіз жеткізеді.

«Самұрық-Энерго» АҚ жабдықтарды техникалық жаңғырту, тозу дәрежесін төмендету, сондай-ақ қоршаған ортаға әсерді азайту мәселелеріне ерекше назар аударады. Осыған байланысты компания жыл сайын өндірістік қуаттылықты сақтау мен жаңартуға инвестиция салуды ұлғайтуда.

Мәселен, егер 2024 жылы күрделі және ағымдағы жөндеуге салынған инвестиция көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 64% - ға ұлғайса, 2025 жылы 2024 жылдың деңгейіне қатысты тағы 78% - ға өсіру жоспарлануда. Бұл техникалық көрсеткіштерді жоспарлы түрде жақсартуға ықпал етеді:

  • техникалық дайындық коэффициенті 87,8% - дан 88,5% - ға дейін өсті
  • жабдықтың тозу деңгейі 62% - дан 59% - ға дейін төмендеді
  • технологиялық бұзушылықтар саны азайды

Жалпы алғанда, жабдықтың сенімділігі мен техникалық дайындығының деңгейі штаттық режимде. «Самұрық-Энерго» АҚ 2025-2026 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде станциялардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге дайын.