«Samruk-Kazyna Trust» кәсіби бағдарлау жобасы: балалар үйлерінің 30 тәрбиеленушісі жұмысшы мамандықтарын таңдады

«Samruk-Kazyna Trust» кәсіби бағдарлау жобасы: балалар үйлерінің 30 тәрбиеленушісі жұмысшы мамандықтарын таңдады

Биыл көктемде іске қосылған «Samruk Umiti» жобасы аясында Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарындағы балалар үйлерінің 100 тәрбиеленушісіне жұмысшы мамандықтарын таңдау, колледжге түсу, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына жұмысқа орналасу мәселелері бойынша қолдау көрсетілуде.

Бүгінгі күні 9-сыныпты аяқтаған 40 баланың 30-ы жергілікті колледждерде слесарь, механик, электрмонтер, IT-маманы, токарь, аспаз, дәнекерлеуші және басқа да мамандықтар бойынша оқуды жоспарлап отыр.

Жоба нәтижелері Топтың бірыңғай қайырымдылық операторы - «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева тарапынан вице-премьер Ермек Көшербаевтың төрағалығымен өткен Республикалық жастар форумында таныстырылды.

Жоба аясында балалар үйлерінің тәрбиеленушілері өндірістік кәсіпорындарға экскурсиялар мен кездесулерден бөлек, кәсіптік бағдарлау тестілеуінен өтіп, еңбек нарығымен және нақты бос жұмыс орындарымен танысады, сондай-ақ қаржылық және құқықтық сауаттылық, тұлғалық даму дағдыларын меңгереді. Әр қатысушыға ментор және куратор бекітілді.