Самұрық-Энерго мен China Huadian Overseas Investment ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

Самұрық-Энерго мен China Huadian Overseas Investment ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов China Huadian Overseas Investment Company Limited вице-президенті Чжоу Цинкэ мырзамен жұмыс кездесуін өткізді. Тараптар энергетика саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын, оның ішінде инвестициялық жобаларды іске асыруды және Қазақстанда жаңа генерациялау объектілерін салу мәселесін талқылады.

Озық технологияларды қолдана отырып, жұмыс істеп тұрған жылу станцияларын жаңғырту, цифрландыру және энергетикалық активтерді басқару үдерістеріне жасанды интеллектті енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тәжірибе алмасуды бастау және келіссөздердің келесі раундын Бейжіңде (ҚХР) өткізу туралы уағдаласты.

China Huadian Corporation Ltd. (CHD) - Қытайдағы ең ірі мемлекеттік энергетикалық холдингтердің бірі және электр энергиясын өндіру саласындағы бес ұлттық оператордың бірі. Компанияның белгіленген қуаты 240 ГВт-дан асады, оның 56,2%-ы таза энергетиканың үлесіне тиеді. Шетелде CHD 5,46 ГВт қуатты пайдаланады.

2024 жылы компания 23 ГВт ЖЭК объектісін іске қосты, тағы 36 ГВт салыну үстінде және 40 ГВт-дан астамы - пысықтауда.