«Самұрық-Энерго» АҚ «China Wind Рower 2023» халықаралық көрмесіне қатысты

«Самұрық-Энерго» АҚ «China Wind Рower 2023» халықаралық көрмесіне қатысты

se 201023 7

Қытай Халық Республикасына сапары аясында «Самұрық-Энерго» АҚ делегациясы Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығының өкілдерімен бірлесіп «China Wind Рower 2023» халықаралық көрмесіне барды.

se 201023 7

«China Wind Power» - Бейжіңнің Ұлттық көрме орталығында өтетін ауқымды дәстүрлі іс-шара. Оның тақырыбы энергетикаға, оның ішінде баламалы энергия көздеріне арналған.  Биылғы жылы көрмеге 30 елден 1000-нан астам экспонент қатысты. «Сhina Wind Рower 2023» көрмесіне келушілері 100 000-нан асты.

se 201023 7

Осы іс-шара барысында компанияның Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов бастаған «Самұрық-Энерго» АҚ өкілдері Қытайдың SANY компаниясының басшылығымен кездесу өткізді, ол мемлекетаралық байланыс аясында Қазақстанда жел генераторларын шығаратын зауыт ашуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, қазақстандық энергетиктер Қытайдың TBEA электр техникалық компаниясының стендін аралады. Осы кездесу барысында энергияны жинақтау жүйелеріне қатысты мәселелер қаралды.

se 201023 7

Энергияны жинақтау жүйелерінің технологияларын игеру, сондай-ақ энергетика саласында жасанды интеллектіні қолдану саласындағы ынтымақтастық перспективалары «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығының қатысуымен Huawei телекоммуникация саласындағы ірі әлемдік компаниялардың бірімен кездесу барысында талқылау тақырыбына айналды.

se 201023 7

Сонымен қатар, «Самұрық-Энерго» АҚ өкілдері Қытайдың Power China корпорациясына кіретін компаниялардың серіктестерімен кездесулер өткізді. Бұл - энергетикалық және көлік нысандарын, соның ішінде су электр станцияларын, жылу, жел және күн электр станцияларын, электр желілері мен қосалқы станцияларды жобалауға және салуға маманданған Қытайдағы ең ірі өнеркәсіптік ұйымдардың бірі.

Осы кездесу барысында Алматы облысындағы жел электр станциясының қуатын 60-тан 810 МВт-ға дейін кеңейту жөніндегі жобаны іске асыру мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды, ол туралы келісімге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға сапары қарсаңында қол қойылған.