«Үздік маман» конкурсындағы үздік жоба бойынша жеңіс

«Үздік маман» конкурсындағы үздік жоба бойынша жеңіс

«Самұрық-Қазына» АҚ өткізетін жыл сайынғы «Үздік маман» конкурсы шеңберінде «Үздік жоба» аталымы бойынша «Самұрық – Энерго» АҚ Екібастұз МАЭС-2 станциясы Бас схемасы тобының шебері Мәди Сағымбаев жеңімпаз атанды!

se 201023 2

Бүгін «Самұрық-Қазына» қорында «Үздік маман» корпоративтік конкурсының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.  

Байқауға Мәди Сағымбаев «ІҚМ-2 типті блок реле негізінде қашықтан қорғауды тексеру үшін «TestUniverse Omicron» бағдарламасы үшін әзірленген сынақ жоспарларын пайдалану» бойынша өз жобасын ұсынып, нәтижесінде ол үздік болып танылды.

se 201023 3

Жеңімпаз ең мықты және қызықты жобасы үшін лайықты марапаты мен ақшалай сертификатын «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыповтың қолынан алды.

se 201023 4

Сағымбаевты «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов та құттықтады. Электр энергетикалық холдингінің басшысы Екібастұз МАЭС-2 қызметкеріне еңбек жолына табыс және одан әрі де жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді.

Мәди Сағымбаев, электр инженері, энергетикада 18 жыл жұмыс өтілі бар, оның ішінде 7 жыл Бас схема тобының электр монтері және 11 жыл Екібастұз МАЭС-2-де Бас схема тобының шебері болып жұмыс істеген. Станция жабдықтарын жаңғырту саласында өнертапқыштық қызмет пен инновациялық ұсыныстар бойынша мол тәжірибесі бар.

se 201023 5

«Үздік маман» - дәстүрге айналған кәсіби шеберлік байқауы.  Ол жыл сайын «Самұрық-Қазына» қоры тобы компаниялары қызметкерлерінің арасында өткізіледі. Конкурстың финалистерін портфельдік компаниялар анықтайды, ал жеңімпаздар онлайн дауыс беру арқылы таңдалады.