«Алматы қаласының кабельдік желілерін қайта жаңарту» жобасы

 photo12 AJK podstanc

Жобаны іске асыру мақсаты:

Электр желілерінің тозу деңгейін төмендету.

Трансформаторлық қуатты ұлғайту, жаңа және жұмыс істеп тұрған тұтынушылар үшін қуат тапшылығын жабу мақсатында қайта жаңарту, жаңғырту және жаңа құрылыс салу.

Электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру және технологиялық бұзушылықтарды азайту мақсатында жаңа тұтынушыларды қосуды талап етпейтін артық жүктелген және нормативтік мерзімі өткен кабельдік желілерді ауыстыра отырып, электр желілерін реконструкциялау.

Жобаның сипаттамасы:

Алматы қаласы бойынша 10-6-0,4 кВ кабель желілерінің жалпы саны 4 424 км құрайды, МЕМСТ-ға сәйкес күштік кабельдердің қызмет ету мерзімі 30 жылды құрайды.

Қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша 10-6-0,4 кВ 2 478,76 км кабельдік желі немесе кабельдік желілердің барлық көлемінің 56%-ының пайдалану мерзімі 30 жылдан асады.

Жалпы Алматы қаласы бойынша 948 шақырым кабель желісінің пайдалану мерзімі 50 жылдан асады.

Желілердің тозуы жыл сайынғы апаттылықтың өсуіне және электрмен жабдықтаудағы жиі үзілістерге әкеледі, бұл электр энергиясының жетіспеуіне, апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына қосымша шығындарға әкеледі. Зақымданудың негізгі себептері: оқшаулаудың ескіруі, тығыздықтың бұзылуы, кабель қабығының коррозиялық тозуы.

Осы жобаны іске асыру шеңберінде жалпы көлемі шамамен 933 км желіні реконструкциялау бойынша ҚҚС-ны есептемегенде жалпы сомасы 91 600 000 мың теңгеге 10-6-0,4 кВ кабельдік желілерді реконструкциялау жөніндегі іс-шараларды орындау жоспарлануда.

Ағымдағы жағдайы:

Жыл басында ЖСҚ құжаттары негізінде 3 нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жобаның 7 нысаны бойынша тендерлік рәсімдер жүргізілуде. 3 нысан бойынша ЖСҚ әзірленуде.

Іске асыру мерзімі: 2022-2030 жж.

Жоспарланған іс-шаралар:

Кезең-кезеңмен жобалау және құрылыс-монтаж жұмыстары 2023-2030 жж.

Пайдалану: 2024-2030 жж.

«Іле өзенінде контрреттегіш Кербұлақ СЭС-ін салу» жобасы

photo8 Kerebulak GES 

Жобаның мақсаты: Қапшағай СЭС-інің апта-тәулік бойында суды әркелкі жіберуін теңестіру үшін Қапшағай СЭС-інің төменгі ағысында контрреттегіш су қоймасын салу және Қапшағай СЭС-ін қуаты мен энергиясы тапшы Алматы энергия жүйесі мен Қазақстанның оңтүстік энергетикалық өңірі жүйесінде барлық қолда бар қуатты пайдалана отырып, барынша жоғары жүктемелерді жабу режиміне көшіру. Контрреттегіш су қоймасынан тәулік ішінде суды біркелкі жіберу режимі арқылы Іле өзенінің төменгі ағысындағы экологиялық жағдайды жақсарту.

 

Іске асыру кезеңі: 2021-2026 жж.

Жобаның сипаттамасы:

  • Қапшағай СЭС-і реттеуші қуатын 110 МВт-ға ұлғайту;
  • Кербұлақ СЭС-і электр энергиясының қосымша көлемін өндіру;
  • Қапшағай СЭС-інің реттеуші қуатын сатудан 110 МВт мөлшерінде кіріс түсіру.

 

Қазіргі кездегі жағдайы:

Қазіргі уақытта жобаның ТЭН-ін әзірлеу және жобаның өтелімділігін қамтамасыз ететін тарифті алу бойынша жұмыс жүргізілуде.

«АлЭС» АҚ ГЭС каскадын қайта жаңарту» жобасы

photo4 KASKAD GES

Жобаның сипаттамасытұтынушыларды электр энергиясымен сенімді қамтамасыз ету және Үлкен Алматы өзенінің энергетикалық әлеуетін барынша пайдалану үшін физикалық және моральдық тұрғыдан ескірген жабдықты ауыстыру.

Жобаның мақсаттары: Электр энергиясын тұтынушыларды сенімді энергиямен қамтамасыз ету, пайдалану қауіпсіздігін арттыру және Үлкен Алматы өзенінің энергия әлеуетін барынша пайдалану мақсатында өз әлеуетін толығымен бітірген Каскад ГЭС негізгі және қосалқы жабдықтарын ауыстыру қажет. Жабдық жұмысының авариялық тоқтатылуын және су өткізгіш құрылғылар жұмысының бұзылуының алдын алу үшін оларды ауыстыру жұмыстарын жүргізу талап етіледі. Бұл ретте энергетикалық параметрлерді ішінара ұлғайту және агрегаттардың ПӘК-ін жоғарылату, агрегаттар конструкцияларында жаңа заманауи әзірлемелерді қолдану есебінен жоспарлы жөндеуге бөлінген уақыт аралықтарын ұлғайту есебінен жұмыс қабілетін арттыруға қол жеткізуге болады.

Жобаны іске асыру кезеңі: 2022-2028 жж.

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясын №3 энергия блогын орнату арқылы кеңейту және қайта жаңарту» жобасы

photo7 GRES 2

Жобаның мақсаты: Қазақстан Республикасының тұтынушыларын сенімді электрмен жабдықтау мақсатында станцияның белгіленген қуатын 636 МВт-ға ұлғайту.

Жобаның сипаттамасы: ҚР өнеркәсібін, коммуналдық-тұрмыстық секторын және халқын энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру, экспорттық әлеуетті ұлғайту, елдің энергия қауіпсіздігі мен энергияға тәуелділігін арттыру.

Іске асыру кезеңі: 2010-2025 жж.

Қазіргі кездегі жағдайы: Қазіргі уақытта ҚХР аумағында сақталған жабдықтарды жеткізу іс-шаралары жүргізілуде. Жобаның өтелімділігін қамтамасыз ететін тарифті алу бойынша іс-шаралар қатар жүргізілуде, 2022 жылғы 28 қаңтарда ҚР Нарық кеңесіне жеке тариф белгілеуге өтінім берілді. 2022 жылғы 30 наурызда ҚР ЭМ-мен Жобаның өзін-өзі ақтауы мақсатында инвестициялық келісім жасасуға ҚР Нарық кеңесінің мақұлдауы алынды. Жоба жабдықтарын орналастыру үшін ангарларда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Жоспарланатын іс-шаралар:

ҚР ЭМ-мен инвестициялық келісімге қол қою

Жабдықты жеткізуді аяқтау

Қарыздық қаржыландыруды тарту

Құрылыс-монтаждау жұмыстары

«Алматы ЖЭО-3 нысанын БГҚ базасында станцияның қуатын 450 МВт-ға дейін ұлғайта отырып қайта жаңарту» жобасы

photo3 TES 3

Жобаның мақсаты: Жобаның мақсаты: «Алматы ЖЭО-3 нысанын БГҚ базасында станцияның қуатын 450 МВт-ға дейін ұлғайта отырып қайта жаңарту» жобасы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі жол картасына сәйкес іске асырылуда.

Жобаның сипаттамасы: Алматы қаласы мен Алматы өңірінің тұтынушыларын жүктемелер кестесі мен температуралық режимдерге сәйкес электр және жылу энергиясымен сенімді әрі үздіксіз жабдықтаумен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның оңтүстік аймағында маневрлік қуаттардың тапшылығын ішінара жабу үшін қуаты 450 МВт-ға дейін БГҚ салу арқылы Алматы ЖЭО-3 нысанын қайта жаңарту.

Іске асыру мерзімі: 2021-2025 жж.

Қазіргі кездегі жағдайы: 2022 жылғы 14 қаңтарда Жобаның ТЭН-і құрамында қоршаған ортаға әсерді Алдын ала бағалау нәтижелері бойынша ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Қазіргі уақытта жобаның ТЭН-і әзірленіп жатыр. Жобаның ТЭН-інде маневрлік режимде жұмыс істеу мүмкіндігі бар белгіленген қуаты 450 МВт-ға дейінгі ГТҚ+КЖҚ және/немесе БГҚ технологияларын қолдану қарастырылады. «Мемсараптама» РМК - ның оң қорытындысын алуды ескере отырып, жобаның ТЭН-ін әзірлеу жөніндегі жұмыстарды аяқтаудың жоспарлы мерзімі - 2022 жылғы тамыз.

«Алматы ЖЭО-2 нысанын қоршаған ортаға әсерді мейлінше азайта отырып жаңғырту» жобасы

photo1 TES 1

Жобаның мақсаты: Алматы қаласы мен Алматы өңірінің тұтынушыларын жүктеме кестесіне сәйкес жылу және электр энергиясымен сенімді әрі үздіксіз жабдықтаумен қамтамасыз ету мақсатында Алматы ЖЭО-2 нысанының Алматы қаласының экологиялық жағдайына тигізетін теріс экологиялық әсерін станцияны табиғи газды жағуға көшіру есебінен төмендету.

Жобаның сипаттамасы: Алматы 2-ЖЭО алаңында қуаты 600 МВт-ға дейінгі газ турбиналық технологияларды пайдалана отырып, жаңа станция салу. Жоба ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 20 қыркүйектегі тапсырмасын орындау шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2021 жылғы 10 шілдедегі Алматы ЖЭО-2 нысанында 2026 жылғы желтоқсанда пайдалануға беру мерзімімен жаңа бу-газ қондырғысын салуды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында іске асырылуда.

Іске асыру мерзімі: 2020-2026 жж

Қаржыландыру:

«Самұрық-Энерго» АҚ қаржыландыруды ұйымдастыру бойынша келіссөздер мен дайындық шараларын жүргізуде. Қазіргі уақытта Еуропа қайта құру және даму банкімен (бұдан әрі - ЕҚДБ) қаржыландыруды ұйымдастыру бойынша егжей-тегжейлі пысықтау жүргізілуде.

Жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде ЕҚҚДБ Жобаны қаржыландыру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін егжей-тегжейлі зерделеумен айналысуда.

ЕҚҚДБ консультанттары кешенді экологиялық және әлеуметтік сараптама жүргізіп,  келесі материалдарды қамтитын есепті ұсынды:

  1. Экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспары;
  2. Есептің техникалық емес түйіндемесі;
  3. Қоныс аудару тұжырымдамасы;
  4. Жобаның дайындық (құрылыс алдындағы) кезеңі үшін мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспары;
  5. Қоршаған ортаға тигізетін ықтимал әсерлер туралы есеп.

Қазіргі кездегі жағдайы:

2021 жылғы 30 желтоқсанда жобаның ТЭН-іне «Мемсараптама» РМК-нің оң қорытындысы алынды.

АЖЭО-2 алаңында жаңа станцияның құрылысын аяқтауды қамтамасыз ету мақсатында жоспарланған мерзімде «АлЭС» АҚ жеке жоспармен кезең-кезеңімен әзірлеу және жобалау-сметалық құжаттаманы уәкілетті органмен сараптамалық сүйемелдеу режимінде келісу арқылы EPC-келісімшарт жасасуды жоспарлап отыр.

Жобаны ЕҚДБ-мен бірлесіп, тек қана ашық халықаралық екі кезеңді конкурс негізінде іске асыру ашықтықты және неғұрлым бәсекелі түпкілікті құнды алуды қамтамасыз етеді.

«Қуаты 200-250 МВт БГҚ салу арқылы Алматы ЖЭО-1 нысанын кеңейту» жобасы

photo1 TES 1

Жобаны іске асыру мақсаты: Алматы қаласын жылумен және электрмен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету үшін қуаты 200-250 МВт БГҚ салу арқылы Алматы ЖЭО-1 нысанын кеңейту.

Жобаның сипаттамасы: Алматы қаласы мен Алматы өңірінің тұтынушыларын жүктемелер кестесі мен температуралық режимдерге сәйкес электр және жылу энергиясымен сенімді әрі үздіксіз жабдықтаумен қамтамасыз ету үшін қуатты 145 МВт-дан 200-250 МВт-ға дейін ұлғайту жоспарлануда. Жобаның түпкілікті қуаты мен құны ТЭН әзірлеу қорытындылары бойынша анықталады.

Іске асыру мерзімі: 2021-2026 жж.

Қазіргі кездегі жағдайы: 2022 жылғы 22 ақпанда Жобаның ТЭН-і құрамында қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау нәтижелері бойынша ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Қазіргі уақытта жобаның ТЭН-ін әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. ТЭН әзірлеу жұмыстарын аяқтаудың жоспарланған мерзімі - 2022 жылғы қазан.