Самұрық-Энерго компаниялар тобының HR мамандары өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады

Корпоративтік мәдениетті нығайту, ұжымдардағы әлеуметтік тұрақтылықты, инклюзивтілікті, гендерлік теңдікті және компаниялар тобы ішіндегі ынтымақтастықты қамтамасыз ету. Осы және басқа да мәселелер «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының HR басшылары мен мамандарының жыл сайынғы есеп беру бойынша кездесуінде қаралды.

Іс-шараны «Самұрық-Энерго» АҚ «Адам ресурстарын басқару» департаменті ұйымдастырды. Оған еншілес ұйымдардың 50-ден астам қызметкері, сондай-ақ Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникациялар орталығы өкілдері қатысты.

Кездесудің мақсаты – өзекті мәселелерді талқылау, компаниялар арасында коммуникацияның тиімділігін арттыру, HR саласында тәжірибе алмасу және іс-тәжірибемен бөлісу. Кездесу барысында «Самұрық-Энерго» АҚ кадр саясатының міндеттері мен негізгі бағыттарын ескере отырып, болашаққа арналған жоспарлар айқындалды.

Айта кетейік, 2023 жылдың қыркүйегінде "Самұрық-Энерго" АҚ-ның кадрлық саясаты қайта қаралып, кадрлық әлеуетті дамытуда және қызметкерлердің біліктілігін арттыруда жаңа негізгі бағыттар анықталды.

Асқар Балтабаев «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының құрамына сайланды

Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 12 сәуірдегі шешімімен Қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегібасқарушы директор Асқар Балтабаев «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының құрамына сайланды.

Асқар Қуатбайұлы Балтабаев 1979 жылы 16 қыркүйекте дүниеге келген.

Білімі: жоғары құқықтық және экономикалық.

2001-2012 жылдар аралығында Ішкі істер және қаржы полициясы органдарында басшылық лауазымдарды атқарды.

2012-2018 жылдары «Самұрық-Энерго» АҚ бас менеджері, «Сатып алу» департаментінің директоры, Басқарма Төрағасының кеңесшісі, коммерциялық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры болды.

2018-2023 жылдары құрылыс секторында жұмыс істеді, жеке компаниялардың басшысы қызметін атқарды.

2023 жылдың шілдесінен бастап «Самұрық-Энерго» АҚ Қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегібасқарушы директоры қызметін атқарады.

Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының құрамына сайланды

Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 12 сәуірдегі шешімімен Инвестициялар жөніндегі бас директор Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының құрамына сайланды.

Аңсар Айдарұлы Айдаров 1986 жылы 24 сәуірде дүниеге келген.

2008 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша, 2012 жылы - Д. Қонаев атындағы Көлік және құқық гуманитарлық университетін бітіріп, заң ғылымдарының магистрі дәрежесін алған.

2013 жылы Гуманитарлық-техникалық академияны «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірді.

Ансар Айдаров IPMA International Project Management Association «В» деңгейіндегі жобалар портфелінің сертификатталған басшысы болып табылады.

2013 жылы «Энергия Семиречья» ЖШС Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. 2014-2020 жылдары «Энергия Семиречья» ЖШС Бас директоры қызметін атқарды.

2020 жылы Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» АҚ-да Жобалау офисінің басшысы ретінде еңбек жолын жалғастырды.

2023 жылдың қыркүйегінде «Самұрық-Энерго» АҚ Инвестициялар жөніндегі бас директоры лауазымына тағайындалды.

Самұрық-Энерго, CHN Energy және ЭН+ ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойды

«Самұрық-Энерго», «CHN Energy Investment Corporation» және «ЭН+Холдинг» компаниялары басшылары бейнеконференцбайланыс арқылы кездесу өткізді. Тараптар Қазақстанда жобаларды іске асыру, атап айтқанда, «Богатырь» кесігінде көмір өндіру көлемін кеңейту, Екібастұз МАЭС-3-ті және Алматы облысында ЖЭС салу бойынша бірлескен ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
 
«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов көмір химиясын дамыту және көмір ЖЭО шығарындыларын азайту жобалары бойынша ынтымақтастықтың болашағы зор екенін атап өтті. Ол компания өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобын құрып, бірлескен жұмысты одан әрі жалғастыруды ұсынды.
 
Кездесу қорытындысы бойынша компания басшылары Самұрық-Энерго, СHN Energy және Эн+ арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойды.
 
ЭН+ Холдинг төмен көміртекті металлургия және жаңартылатын энергетика бойынша әлемдік көшбасшы болып табылады. Компания ең ірі алюминий өндіруші болып табылады, сонымен қатар энергия өндіретін активтер және жылу активтерін басқарады.
 
СHN Energy China Energy Investment Corporation - Қытайдағы ең ірі энергетикалық және тау-кен компаниясы. Оның электр станциялары және өндіру көлемі бойынша әлемдегі ең ірі көмір шахталары бар.

АлЭС-тің әйелдер клубы: жаңа идеялар мен кәсіби даму алаңы

Әйелдердің рөлін күшейту және олардың өндірістегі мүмкіндіктерін кеңейту үшін 2022 жылы «АлЭС» АҚ-та әйелдер клубы құрылды. Аз уақыттың ішінде клуб қатысушыларының саны 600-ден асты.

Олар өзекті мәселелерді талқылап ғана коймай, ұтымды шешімдерді тауып, оларды іске асыруда. Осылайша әйелдер клубы жаңа идеялар, жеке және кәсіби даму алаңына айналды.

Клубтың кезекті отырысы Б. Оразбаев атындығы 1-ЖЭО-да өтті. Күн тәртібінде өткен кезеңдегі жұмыс қорытындылары мен ағымдағы жоспарлар талқыланды. Сонымен қатар балаларды тәрбиелеу, кері байланыс, кітап оқу тағы да басқа тақырыптар бойынша ой-пікірлер айтылды.

«Әйелдер клубы – бірлесіп жұмыс істеуге, тәжірибе алмасуға, жаңа нәрселерді үйренуге және кәсіби маман ретінде дамуға мүмкіндік беретін тамаша бастама. Мұндай кездесулер ұжымды нығайтуға ықпал етіп қана қоймай, әр қатысушыға өз әлеуетін ашуға көмектеседі», - деп есептейді ЖЭО-1 Баптау және табиғатты қорғау цехының инженер-технологы Дина Әбдімәжит.

А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО Жөндеу және табиғатты қорғау цехының химиялық талдау зертханашысы Ұлар Рысқұлова кездесуден кейін көркем әдебиетті оқуға қызығушылық танытып, көптеген пайдалы дағдыларды үйренгенін айтты. ЖЭО-3 экономисі Анастасия Быкова клуб жиынына екінші рет қатысты. «Маған «гамбургер қағидаты» бойынша пікірталас ұнады. Әріптестердің өз тәжірибесімен бөліскені қызықты. Әр оқиғадан өзімізге қажетті ойларды түйіп алдық. Сондай-ақ, уақытымызды үнемдеуге қатысты лайфхактармен бөлістік», - дейді Анастасия Быкова.

 

 

 

Самұрық-Энерго су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 1 млрд теңге жібереді

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы өңірлердегі су тасқыны салдарын жоюға 1 млрд теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді. Қаражат Samruk-Kazyna Trust қорына аударылады.

Бүгін портфельдік компаниялардың қатысуымен «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыповтың төрағалығымен ТЖ-ға ден қою жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті. Отырыс барысында су тасқынының алдын алу және жою жөніндегі шаралар қаралды.

«Самұрық-Энерго» АҚ кәсіпорындарында энергетикалық нысандарды су басу фактілері жоқ. Барлық еншілес ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеуде. Су тасқыны қаупі жоқ, жағдай бақылауда.

Шүлбі және Өскемен СЭС-те жабдықтарды, ғимараттар мен гидротехникалық құрылыстарды көктемгі табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберуден өтуге дайындау бойынша жоспарлар әзірленіп, бекітілді.

Күн сайын су қоймаларының деңгейлік режиміне мониторинг жүргізіледі, ҚР Су шаруашылығы комитеті тарапынан берілген шығыстарға СЭС су жіберу мөлшерінің  сәйкестігіне және СЭС-тің төменгі бьефінде су басудың болмауына бақылау жүргізілуде.

 

 

Самұрық-Энерго мен Acwa Power ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады

Жетісу облысында қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салу жөніндегі жобаны іске асыру бойынша негізгі мәселелерді талқылау үшін «Acwa Power» компаниясымен кездесу өткізілді. Тараптар жобаны іске асыруда ілгерілеушіліктің бар екенін, оның ішінде 2024 жылғы 7 наурызда Сауд Арабиясы Корольдігі мен Қазақстан Республикасы арасында үкіметаралық келісімге қол қойылғанын атап өтті.

Сондай-ақ, тараптар «Acwa Power» компаниясымен көміртексіз генерация саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігін талқылады. Тараптар энергетикалық жобалардан басқа адами капиталды дамыту бағытындағы бірлескен қадамдарды қарастырды. Acwa Power энергетика саласында жаңа кадрлар даярлау және жергілікті персоналдың біліктілігін арттыру бойынша жәрдем көрсетуге дайын екенін білдірді.

se 271223 2

se 271223 2

se 271223 2

Көкшетауда ЖЭО салу жобасын іске асыру бойынша кеңес өтті

Ақмола облысында өткен кеңесте Көкшетау қаласында ЖЭО салу жобасын іске асыру мәселелері талқыланды. Оған Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов және «Интер РАО Экспорт» ЖШҚ өкілдері қатысты.

«Самұрық-Энерго» АҚ Инвестициялар жөніндегі бас директоры Аңсар Айдаров кеңеске қатысушыларды жобалау алды, жобалау жұмыстарының басталғаны және жобаны іске асыру бойынша алдағы жоспарлар туралы хабардар етті. Ол қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеудің аяқталғанын атап өтті.

Кеңес барысында ЖЭО құрылысының кезеңдері мен жобаны қаржыландыру мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша Көкшетауда жылу электр орталығын салу бойынша Жол картасының жобасы әзірленді..

2023 жылдың қараша айында Қазақстан мен Ресей мемлекеттері басшыларының кездесуі аясында ҚР және РФ министрліктері арасында Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында ЖЭО салу жобалары бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын естеріңізге сала кетейік. Жобаларды іске асыруға «Самұрық-Энерго» АҚ мен «ИНТЕР РАО Экспорт» ЖШҚ уәкілетті ұйымдар болып белгіленді.

se 271223 2

se 271223 2

se 271223 2

Самұрық-Энерго басшысы Италияның Ansaldo Energia зауытына барды

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов Италияның Генуя қаласындағы «Ansaldo Energia» зауытында болып, газ турбиналарын өндіру процесімен танысты. Осы жылдың қаңтар айында Қазақстан Президентінің Италияға сапары аясында «Ansaldo Energia» компаниясымен Алматы 3-ЖЭО-ны қайта құру үшін 2 газ-турбина қондырғысы жиынтығын жеткізу үшін келісімге қол қойылды. Газ турбиналары мен генераторларды жеткізу 2025 жылға жоспарланған.

Жұмыс сапары барысында Самұрық-Энерго басшысы Қайрат Мақсұтов «Ansaldo Energia S.p.A» Бас директоры Фабрицио Фаббримен кездесті. Тараптар жоғары технологиялық энергетикалық жабдықтарды өндіру, газ турбиналық жабдықтар өндірісін оқшаулау және Қазақстан аумағында сервистік орталықтарды ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Бұл өз кезегінде энергетикалық жабдықтардың құнын төмендету, тәжірибе алмасу және қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Ansaldo Energia S.p.A – Еуропадағы электр станцияларының жабдықтарын жобалаумен, өндірумен және оларға қызмет көрсетумен айналысатын ең ірі энергетикалық компания.

se 271223 2

se 271223 2

se 271223 2

se 271223 2

se 271223 2

TBEA компаниясы «Самұрық-Энерго» АҚ-мен жобаларды бірлесіп іске асыруға дайын екенін білдірді

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов қытайдың «ТВЕА» компаниясының басшысы Чжан Синмен кездесу өткізді. Тараптар энергетикалық жобаларды іске асыруға байланысты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

«ТВЕА» Басқарма төрағасы Чжан Син дәстүрлі энергетика, жаңартылатын энергия көздері және қосалқы станциялар құрылысы саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екенін білдірді. Ол компанияның атмосфераға шығаратын зиянды заттар шығарындыларын азайту жөніндегі жетістіктері туралы хабардар етіп, қазақстандық мамандармен тәжірибе алмасу үшін өз сарапшыларын жіберуді ұсынды.

Өткізілген кездесу қорытындысы бойынша Самұрық-Энерго мен TBEA көмірді газдандыру технологиясын зерделеу, атмосфераға бөлінетін зиянды шығарындыларды азайту және энергия қондырғыларын қайта құру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға келісті.

ТВЕА – күн энергетикасына арналған жабдықтар мен жиынтық құралдарды, сондай-ақ трансформаторлар мен басқа да электр жабдықтарын өндіруге маманданған қытай электр техникалық компаниясы.

se 271223 2

se 271223 2

se 271223 2

Бүгін «Самұрық-Энерго» АҚ ұжымы Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесін атап өтті

Ұлттық киім киіп келген компания қызметкерлері мерекелік іс-шараның сән-салтанатын аша түсті.

Қонақтар үшін арнайы жайылған дастархан наурыз көже мен ұлттық тағамдарға толы болды.

Мерекелік іс-шарада әсем ән шырқалып, ұлттық күй орындалды және шашу шашылды.

Қызметкерлер арасында ұлттық ойындар ойнатылып, салт-дәстүріміздің бірі «Тұсар кесер» рәсімі өткізілді.

Кішкентай бүлдіршіннің тұсауын «Самұрық-Энерго» жергілікті кәсіподағы» ҚБ басшысы Бекбас Оразбек Телбайұлы кесіп, батасын берді.

se 271223 2

se 271223 2

se 271223 2

se 271223 2

se 271223 2

se 271223 2

se 271223 2

se 271223 2

se 271223 2

se 271223 2