«Самұрық-Энерго» АҚ-да этика, мүдделер қақтығысы және жедел байланыс желісі мәселелері бойынша оқыту іс-шарасы өтті

«Самұрық-Энерго» АҚ-да этика, мүдделер қақтығысы және жедел байланыс желісі мәселелері бойынша оқыту іс-шарасы өтті

«Самұрық-Энерго» АҚ-да Қоғам қызметкерлері үшін Мінез-құлық кодексі, мүдделер қақтығысын реттеу және Жедел байланыс желісінің жұмыс істеуі мәселелеріне арналған оқыту іс-шарасы өтті.

Оқыту іс-шарасын «Комплаенс» қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту және Компаниядағы этикалық стандарттарды нығайту бойынша жүйелі жұмыс шеңберінде жүргізді.

Оқыту барысында «Самұрық-Энерго» АҚ Мінез-құлық кодексінің негізгі ережелері, қызметкерлердің мінез-құлқына қойылатын талаптар, мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу тәртібі, сондай-ақ жедел байланыс желісі жұмысының тетіктері мен өтініш берушілердің құпиялылығы мен қорғалуына кепілдік мәселелері қарастырылды.

Оқыту «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлерінің хабардарлығын арттыруға және адал мінез-құлықтың орнықты мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.