«Самұрық-Энерго» АҚ 2024 жылғы жылдық есебі үшін Рublications | Annual Report | Government санатындағы беделді Marcom Awards 2025 халықаралық конкурсында алтын мүсіншеге лайық деп танылды. Марапат әлемдік деңгейде танылған корпоративтік коммуникациялардың, ашықтықтың және ашылатын ақпараттың деңгейінің жоғары екенін растайды.
Маркетинг және коммуникация кәсіпқойларының қауымдастығы (Association of Marketing and Communication Professionals, AMCP) өткізетін Marcom Awards халықаралық конкурсы маркетинг және коммуникация материалдары саласындағы ең маңызды конкурс болып табылады. 2004 жылы құрылғаннан бері ол жобалардың креативтілігін, стратегиясын, мазмұнын және визуалды іске асырылуын бағалай отырып, ондаған елдерден жыл сайын мыңдаған жұмыстарды тартады.
Бұл халықаралық марапат «Самұрық-Энерго» АҚ есептілігінің жоғары сапа стандарттарына, инновациялық мазмұнына және негізгі деректердің тиімді таныстырылымына сәйкестігін растайды. Ол компанияның ашықтық деңгейін арттыруға, стейкхолдерлердің сенімін нығайтуға және корпоративтік коммуникациялардың жаһандық аренасында позицияларды нығайтуға деген ұмтылысын атап көрсетеді.
