«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов Shanghai Electric Group Co., Ltd. партия комитетінің хатшысы және Басқарма Төрағасы У Лэй мырзамен кездесті.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Өзара түсіністік, стратегиялық әріптестік және Қазақстан энергетикасы саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және инновациялық технологияларды енгізу саласындағы ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Басымдықтардың қатарында бірлескен жұмыс тобын құру, жергілікті өндірісті және жеткізу тізбегін дамыту, сондай - ақ жел, күн, гидро және газ энергетикасы және waste-to-energy технологиялары саласындағы жобаларды іске асыру бар.
«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов Shanghai Electric-пен серіктестік отандық кәсіпорындар үшін жаңа мүмкіндіктер туғызатынын және салада озық шешімдерді енгізуге ықпал ететінін атап өтті.
Меморандумға қол қою ҚР мен ҚХР арасындағы стратегиялық өзара іс-қимылды нығайтудағы маңызды қадам болды және энергетика саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін негіз қалыптастырады.