«Самұрық-Энерго» АҚ еншілес компанияларының 2025 жылдың 6 айында электр энергиясын жиынтық өндіру мөлшері 20,5 млрд кВтсағ құрады, бұл жылдық жоспардың 50%-ын құрайды және 2024 жылдың 6 айының нақты көрсеткішінен жоғары.
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниясының Қазақстанның электр энергиясы нарығындағы үлесі басым болып табылады және 33%-ды құрайды.
2025 жылдың қаңтар-маусым айларында жылу энергиясын босату 3,9 млн Гкал немесе жоспарлы жылдық мәннің 54% -ын құрады және өткен жылдың 6 айындағы нақты көрсеткіштен жоғары.
«Богатырь Көмір» ЖШС 2025 жылдың 6 айында 21,2 млн тонна көмір өндірді, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,1%-ға артық. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында көмірді өткізу көлемі 21,2 млн тоннаны құрады.
Электр энергиясын беру көлемі («АЖК» АҚ) 4,83 млрд кВтсағ немесе жылдық жоспардың 52,5%-ы, бұл 2024 жылдың 6 айындағы нақты көрсеткіштен жоғары.
Электр энергиясын өткізу көлемі (АЖК филиалы - «Энергосбыт») 4,76 млрд кВтсағ, бұл жылдық жоспардың 53,8% – ын құрайды.