«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов China Construction Eighth Engineering Division Бас директоры Инь Вэньи мырзамен кездесті. Келіссөздер Қазақстанда генерациялайтын объектілерді салу бойынша ынтымақтастық перспективаларына арналды.
Инь Вэньи компанияның Қазақстандағы ЖЭК объектілері мен жылу станцияларын салу жөніндегі жобаларға қатысуға мүдделілігін растады. Тараптар сондай-ақ техникалық және жобалық ақпаратпен алмасуға дайын екендіктерін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша Құпиялылықты жария етпеу туралы келісім (NDA) жасасу және өзара іс-қимылдың ықтимал бағыттарын егжей-тегжейлі пысықтауды бастау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
China Construction Eighth Engineering Division – ҚХР Мемлекеттік кеңесіне ведомстволық бағынысты әлемдегі ең ірі инвестициялық-құрылыс тобы China State Construction Engineering Corporation (CSCEC) еншілес компаниясы. Компания 43 елде және өңірлерде 180-ден астам жобаны жүзеге асырды. Энергетика саласында Компанияның Қытайда 100-ден астам жобаны іске асыру, оның ішінде күн және жел генерациясы объектілерін, ГЭС салу, сондай-ақ электр желілерін, оның ішінде Орталық Азия аумағында жаңғырту бойынша тәжірибесі бар.
Қазақстанда компания Қарағандыда ластанған жерлерді қалпына келтіру жобасына қатысты, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының (AIFC) құрылыс жобасын іске асырды.