Энергия қуатын – тек электр желілерінен ғана емес, сахнададан да байқауға болады! «Самұрық-Энерго» компаниялар тобының қызметкерлері жарық пен жылу беріп қана қоймай, көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға да шебер екенін дәлелдеді.
Әр команда өз өнерін ерекше көңіл-күймен ұсынды – әзіл-қалжың, шағын көріністер, музыкалық номерлер мен нағыз энергетикалық драйв көрермендерге шынайы қуаныш сыйлады. Бұл байқау күлкі мен креативке толы кешке айналып, қатысушылардың тапқырлығын, шығармашылығын және командалық рухын көрсетуге тамаша мүмкіндік болды.
Қазылар алқасы әр команданың сахнадағы шеберлігін, тапқырлығын және ерекше ойлау қабілетін жоғары бағалап, жылы лебіздерін білдірді.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені көпшілікті өзінің ерекше әзілдерімен және тартымдылығымен баурап алған Корпоративтік орталықтың «Астана» құрама командасы жеңіп алды. Бірінші орынды АЖК-ның «220» командасы, екінші орынды – «Ең биік мұнара» командасы («Екібастұз 2-МАЭС станциясы» АҚ), үшінші орынды – «Жылу» командасы («АлЭС» АҚ) иеленді.
«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының Кубогы – ерекше шабытпен өнер көрсеткен «14 регион» командасына (ТОО «Богатырь Комир») табысталды.
Ал көрермендердің ыстық ықыласы мен зор қошеметіне бөленіп, «Гидра» командасы (Өскемен және Шүлбі ГЭС құрамасы) Көрермендер көзайымы жүлдесіне ие болды.