Самұрық-Энерго қызметкерлері Түркістанда өткен жастар форумына қатысты
Биыл 24 қазан – 2 қараша аралығында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бойынша белсенді, ынталы қызметкерлерді анықтау мақсатында Қор жас мамандарға арналған 10 күндік челлендж өткізген болатын.
Соның қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» компаниялар тобынан, атап айтқанда «АлЭС» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Energy Solutions Center» ЖШС білдірген 31 қатысушы қазанның 10 - 13 аралығында Түркістан қаласында өткен жастар форумына шақырылды.
«Форум өте қызықты, сапалы мазмұнды болды! Сондықтан болар 3-4 күн тез өте шықты. Көңіл-күйіміз өте жақсы. Пайдалы білім мен қатар жаңа достық қатым-қатынастар орнатып қайттық, - деп форумнан алған әсерімен «АЖК» АҚ «Серіктес» жергілікті кәсіподағы» төрағасы Сабыржан Қали бөлісті.
Форум бағдарламасы шеңберінде біздің жастар ұжымдық жұмыс, қоғам алдында сөз сөйлеу шеберлігі сынды тақырыптарда пайдалы ақпарат алды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған квест ойындары аясында арнайы жасақталған этноауылға барып, киіз үй тігіп, ұлттық тағамдар әзірледі. Тарихи-танымдық және өлкентану тақырыбында ақпарат алып, садақ ату, теңге ілі, асық ату, арқан тарту сынды ұлттық ойындардан жарысқа түсті.
«Форум бір деммен өте шыққандай болды, өз басым біраз толғандыратын сұрақтарға жауап алдым. Бір бағытта еңбек етіп жүргендер қаншалықты үйлесімді әрекет есте, жұмыстың нәтижесі соншалықты жоғары деңгейде болады. Ал ол үшін бізге берілген барлық мүмкіндіктерді толыққанды пайдалануымыз қажет. Әрекет түбі – берекет! – дейді «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС қашықтықта қызмет көрсету жөніндегі департаментінің директоры Чингиз Жүйріков.
Форумның соңғы бөлігінде қатысушылар жастар саясатын дамыту мәселелерін талқылады, жастар ұйымының құндылықтары мен қағидаттарын анықтап, өз ұсыныстарын білдірді.
«Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік орталығында «Самұрық-Қазын» АҚ портфельдік компанияларының жекешелендіру және IPO мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде компания қызметкерлерімен кездесу өтті. Қордың, «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, қазақстандық AIX және KASE қор биржаларының және брокерлік-дилерлік ұйымдардың өкілдері спикерлер ретінде сөз сөйледі.
Сарапшылар бағалы қағаздарды сатып алу тетіктері, олардың кірістілігі, акциялар саудасына байланысты ықтимал тәуекелдер, процеске қатысатын компаниялар туралы мәліметтерді қоса алғанда, IPO бағдарламасын іске асырудың ерекшеліктерін егжей-тегжейлі баяндап берді. Кездесудің соңғы бөлігінде іс-шараға қатысушылар бағалы қағаздарға инвестиция салуға қатысты өздерін қызықтыратын сұрақтардың барлығын қоюға мүмкіндік алды.
«Биржаның қатысуымен, инвестициялық банктердің, брокерлердің қатысуымен өтетін мұндай кездесулер біздің қызметкерлеріміздің қаржылық сауаттылығын дамыту үшін өте пайдалы, қызметкерлеріміздің Қорды дамытуға, елдің дамытуға, оның ішінде өзінің де әл-ауқатын жақсартуға қатысуын арттырады. Сондықтан, біз Самұрық-Энергоның қаржы блогы ретінде корпоративтік орталық қызметкерлерінің де, еншілес ұйымдар қызметкерлерінің де қатысуын қолдаймыз» - деп атап өтті кездесуге қатысушы «Самұрық-Энерго» АҚ «Қазынашылық және корпоративтік қаржы» департаментінің бас сарапшысы Сұлтан Мұқаев.
Ағымдағы жылдың жазында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ны 2022 жылдың соңына дейін IPO-ға шығаратынын хабарлағанын естеріңізге сала кетейік. Қор елдің жетекші мұнай-газ ұлттық компаниясының IPO-сын Қазақстанның барлық тұрғындары үшін қолжетімді етуді, сондай-ақ бөлшек және институционалдық инвесторларды барынша көп қамтуды жоспарлап отыр.