Трансформаторлар мен электротехникалық жабдықтар шығаратын зауыт толықтай роботтандырылған және жасанды интеллектті қолдана отырып жұмыс істейді. ТВЕА басшылығы көрме залында өндірілетін өнім түрлерімен таныстырып, Алматы облысында зауыт салу жоспары туралы баяндады.
Сонымен қатар, Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру аясындағы ынтымақтастықтың әлеуетті мүмкіндіктерін талқылау бойынша кеңес өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Астана қаласында техникалық командалардың қатысуымен кеңейтілген кеңес өткізуге келісті. Онда көмір мен аршыма тау жыныстарын тасымалдауға арналған конвейерлік желілерді салу, көмір станцияларына газ тазарту жүйелерін орнату, қосалқы станцияларды жаңғырту, сондай-ақ жасанды интеллектті пайдалану бойынша инвестициялық жобалар талқыланатын болады.