26 сәуірде Астана қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Самұрық-Энерго қызметкерлері іс-шараға белсенді қатысты. Олар С.Нұрмағамбетов көшесі мен Р. Қошқарбаев даңғылының қиылысындағы аумақта ағаш көшеттерін отырғызып, көгалдандыруға өз үлестерін қосты.
Орнықты даму және экологиялық жауапкершілік – «Самұрық-Энерго» АҚ басты басымдықтарының бірі!