Самұрық-Энерго және Подольск машина жасау зауыты ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Самұрық-Энерго және Подольск машина жасау зауыты ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

"Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов және "Подольск машина жасау зауыты" АҚ ("ЗиО" АҚ) Директорлар кеңесінің Төрағасы Артем Зуев энергетика саласындағы жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Кездесу барысында тараптар энергетикалық нысандарды салу, қайта құру, жаңғырту және жабдықтарды жеткізу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ тиімді техникалық-экономикалық шешімдерді пысықтау және іске асыру бойынша кеңес беру, тәжірибе алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

"ЗиО" АҚ ТМД-дағы энергетикалық машина жасау нарығы көшбасшыларының бірі және энергетика саласындағы жобаларды барлық кезеңдерде іске асыруда мол тәжірибеге ие.