1-ЖЭО: Жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүріп жатыр

1-ЖЭО: Жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүріп жатыр

Алматы 1-ЖЭО-да алдағы 2024-2025 жылдардың жылыту маусымына дайындық басталды. Жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде.

 

Қазіргі уақытта №10 қазандық агрегаты мен №2 су жылыту қазандығына ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Сорғы жабдығына, №9 қазандық агрегатына және №4 су жылыту қазандығына қосалқы жабдықпен бірге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Орындалатын жұмыстардың сапасына пайдалану персоналының өкілдері тұрақты бақылау жүргізеді.

«2024 жылдың жөндеу науқанында сорғы жабдықтарын, жылу беру жабдықтары жөндеуден өтеді. Сондай-ақ, кестеге сәйкес 6 қазандық агрегаты, 7 су жылыту қазандығы және қосалқы жабдығы бар 3 турбиналық агрегат жөнделеді», - деді 1-ЖЭО бас инженерінің орынбасары Владимир Сизов.

2023-2024 жылдардағы жылыту кезеңінде станция 368 млн кВт*сағат электр энергиясын және 1 359 млн Гкал жылу энергиясын өндірді. ЖЭО өткен 2023 жылды да сәтті аяқтады. Жоспардағы 392 млн кВт*сағат электр энергиясын өндіру орнына станция 428 млн кВт*сағат энергия берді. Жылдық жоспар 109%-ға орындалды. Жылуды босатудың жылдық жоспары 105%-ға орындалды: жоспарланған көлемі 1 405 мың Гкал болса, ал нақты өндіру 1 484 мың Гкал құрады.

“2025 жылы Алматы 1-ЖЭО өзінің 90 жылдығын атап өтеді. Іске қосылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін 1-ЖЭО 39 млрд кВт*сағаттан астам электр энергиясын және 150 млн Гкал астам жылу энергиясын өндірді», – деп атап өтті станция директоры Әлібек Тастанбеков.