Самұрық-Энерго басшысы «АЛЭС» АҚ-да жиналыс өткізді

Самұрық-Энерго басшысы «АЛЭС» АҚ-да жиналыс өткізді

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовтың төрағалығымен «АлЭС» АҚ-да көшпелі жиын өткізілді.

Жиналыс барысында АлЭС-те іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың ағымдағы жағдайы бойынша  есеп тыңдалды.  2024-2028 жылдарға арналған бизнес-жоспарға түзетулер енгізу аясында «АЖЭО-2-ні жаңғырту», «АЖЭО-3-ті реконструкциялау» жобаларын дамыту және қаржыландыру жоспарлары қарастырылды. Сондай-ақ, алдағы уақытта су электр станциясын жаңғырту бойынша атқарылатын іс-шаралар талқыланды.

Қайрат Мақсұтов жиналысты қорытындылап, жобаны дамыту жоспарын жүзеге асыру және Жол карталарын жаңарту шеңберінде нақты тапсырмалар берді.