АЖК, ЕГРЭС-2, АлЭС және Самұрық-Энерго жастар кеңесі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті

АЖК, ЕГРЭС-2, АлЭС және Самұрық-Энерго жастар кеңесі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметкерлері өз еріктерімен су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударуға шешім қабылдады. Олар «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына 29,4 млн. аударды.

Екібастұз ГРЭС-2 қызметкерлері Солнечный ауылының тұрғындарымен бірлесе қаржы жинап, Атырау мен Оралға гуманитарлық көмек жөнелтті.  Станция ұжымы ең қажетті заттардан тұратын жинақтарды Атбасар қаласы тұрғындарына да жіберді. Сонымен қатар, олар табиғи апаттан зардап шеккен аймақтар үшін гуманитарлық көмек қабылдау пунктін ұйымдастырды.

«Самұрық-Энерго» АҚ жастар кеңесі белсенділік танытып, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарына жағалауды нығайту жұмыстары үшін қапшықтар жөнелтті. Сонымен қатар, «АлЭС» АҚ жүктерді тасымалдауға арнайы көлік ұсынды, ал компания жастары гуманитарлық көмекті тиеуге атсалысты.