«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша айлық өтуде

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша айлық өтуде

Іс-шара Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орайластырылған. Осыған байланысты барлық еншілес ұйымдарда қауіпсіздік техникасы бойынша семинарлар, тренингтер және алғашқы медициналық көмек көрсету сабақтары өтуде.

Сонымен қатар ЕТҰ құрылымдық бөлімшелері арасында «Зияткерлік конкурс бойынша үздік команда», «Спорттық-тактикалық жарыстар бойынша үздік команда», «Үздік GIF-дизайн, бейнеролик» конкурстары өткізіледі. Сонымен қатар, «Ашық есік күндері», балалар конкурстары мен еңбекті қорғау бойынша викториналар өтіп жатыр.

Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен үздік қызметкерлер құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.