Мойнақ, Шардара және Шүлбі СЭС су тасқынынан зардап шеккендерге азық-түлік және бірінші кезекте қажетті заттарды жіберді

Мойнақ, Шардара және Шүлбі СЭС су тасқынынан зардап шеккендерге азық-түлік және бірінші кезекте қажетті заттарды жіберді

«Самұрық-Энерго» АҚ еншілес ұйымдары су тасқыны салдарынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына көмек көрсетуді жалғастыруда.

О.Д.Қантаев атындағы Мойнақ СЭС қызметкерлері бірінші кезектегі қажетті заттарды  жинастырып, су тасқынынан зардап шеккен Орал тұрғындарына гуманитарлық көмек жолдады.  Қиын жағдайға тап болған отандастар үшін мойнақтықтар ауыз су, тамақ, гигиена құралдары, төсек-орын жабдықтары және басқа да тұрмыстық заттарды жөнелтті.

Шардара СЭС ұжымы табиғи апаттан зардап шеккендерге азық-түлік тауарларын, олардың ішінде ұн, қант, жарма, көкөністер және басқа да азық-түлік өнімдерін жіберді. Жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізу үшін қажетті материалдар мен гигиена құралдары да жіберілді.

Шүлбі СЭС қызметкерлері де қолдау білдіріп, қаражат жинады. Әрбір қызметкер зардап шеккендерге көмек қолын созып, өз үлесін қосты. Материалдық көмек Biz birgemiz Qazaqstan қоғамдық қорына жіберілді.