АлЭС-тің әйелдер клубы: жаңа идеялар мен кәсіби даму алаңы

АлЭС-тің әйелдер клубы: жаңа идеялар мен кәсіби даму алаңы

Әйелдердің рөлін күшейту және олардың өндірістегі мүмкіндіктерін кеңейту үшін 2022 жылы «АлЭС» АҚ-та әйелдер клубы құрылды. Аз уақыттың ішінде клуб қатысушыларының саны 600-ден асты.

Олар өзекті мәселелерді талқылап ғана коймай, ұтымды шешімдерді тауып, оларды іске асыруда. Осылайша әйелдер клубы жаңа идеялар, жеке және кәсіби даму алаңына айналды.

Клубтың кезекті отырысы Б. Оразбаев атындығы 1-ЖЭО-да өтті. Күн тәртібінде өткен кезеңдегі жұмыс қорытындылары мен ағымдағы жоспарлар талқыланды. Сонымен қатар балаларды тәрбиелеу, кері байланыс, кітап оқу тағы да басқа тақырыптар бойынша ой-пікірлер айтылды.

«Әйелдер клубы – бірлесіп жұмыс істеуге, тәжірибе алмасуға, жаңа нәрселерді үйренуге және кәсіби маман ретінде дамуға мүмкіндік беретін тамаша бастама. Мұндай кездесулер ұжымды нығайтуға ықпал етіп қана қоймай, әр қатысушыға өз әлеуетін ашуға көмектеседі», - деп есептейді ЖЭО-1 Баптау және табиғатты қорғау цехының инженер-технологы Дина Әбдімәжит.

А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО Жөндеу және табиғатты қорғау цехының химиялық талдау зертханашысы Ұлар Рысқұлова кездесуден кейін көркем әдебиетті оқуға қызығушылық танытып, көптеген пайдалы дағдыларды үйренгенін айтты. ЖЭО-3 экономисі Анастасия Быкова клуб жиынына екінші рет қатысты. «Маған «гамбургер қағидаты» бойынша пікірталас ұнады. Әріптестердің өз тәжірибесімен бөліскені қызықты. Әр оқиғадан өзімізге қажетті ойларды түйіп алдық. Сондай-ақ, уақытымызды үнемдеуге қатысты лайфхактармен бөлістік», - дейді Анастасия Быкова.