Самұрық-Энерго мен Power China қуаты 810 МВт жел электр станциясын салады

Самұрық-Энерго мен Power China қуаты 810 МВт жел электр станциясын салады

se 181023 1

Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға ресми сапары барысында жалпы сомасы 16,54 млрд доллар болатын 30 коммерциялық құжатқа қол қойылды.

Қол қойылған құжаттардың қатарында – «Самұрық-Энерго» АҚ мен Рower China Resources Ltd арасындағы жобаны бірлесіп әзірлеу туралы келісім бар.

se 181023 1

Жобаны бірлесіп әзірлеу туралы келісім өткен жылы салынған Алматы облысының Шелек дәлізіндегі жел электр станциясының қуатын 810 МВт-ға дейін арттыруды көздейді.

 «Шелек дәлізінде келешекте кеңейту арқылы қуаты 60 МВт жел электр станциясын салу» жобасын 2022 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ қазақстандық электр энергетикалық холдингі «Power China» қытай корпорациясымен серіктестікте іске асырған болатын. Жоба қазақстан және қытай компанияларының энергетика саласындағы халықаралық ынтымақтастығының ойдағыдай жүзеге асқан үлгісі болғанын естеріңізге сала кетейік.

ҚХР-да қол қойылған жаңа құжат жобаны практикалық тұрғыдан іске асыру шеңберінде жел мониторингі мен қажетті жобалық құжаттаманы әзірлеуді қоса алғанда, кең ауқымдағы жұмыстарды жүргізуді көздейді.

se 181023 1

Сондай-ақ, «Самұрық-Энерго» АҚ делегациясы «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық форумы аясында өткен жоғары деңгейдегі басшылар конференциясының жұмысына қатысты. Бұл іс-шарада 300-ден астам делегация құрамындағы қатысушылар сутегі энергетикасын, жаңартылатын энергия көздерін, көлік-логистикалық бағдарларды және жасанды интеллектіні дамытуға қатысты көптеген мәселелерді талқылады.