Жас энергетиктер «Самұрық-Энерго» АҚ ІІ Жастар форумы туының астына жиналды!

Жас энергетиктер «Самұрық-Энерго» АҚ ІІ Жастар форумы туының астына жиналды!

news se 150923 2

news se 150923 2

Өткен бейсенбіде Астанада «Самұрық-Энерго» АҚ екінші Жастар форумы өтті.  Іс-шара ірі қазақстандық электр энергетикалық холдингінің жүзден астам жас қызметкерлерін жинап, компаниялар тобы мамандарының өзара іс-қимылын нығайту және жаңа буынын қолдау бағытындағы маңызды қадам болды. «Самұрық-Энерго» жас энергетиктерінің слеті «Jas Energy» компаниясы жастар қозғалысының белсенді қатысуымен өтті.

news se 150923 2

Форумның негізгі мақсаты компанияның жалпы ұйымдастырушылық дамуын қамтамасыз ету мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарының жастарын жақындастыру болды. Форум қатысушыларға әріптестер арасында жаңа достық және кәсіби байланыстар жасауға, олардың жеке және кәсіби өсуіне ықпал ете отырып, тәжірибе мен идеяларын алмасуға ерекше мүмкіндік берді.

news se 150923 2

Форумды «Самұрық-Энерго» АҚ Өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Руслан Тұрғамбаев салтанатты түрде ашты. Руслан Елубайұлы өзінің құттықтау сөзінде компанияның Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтовтың құттықтау сөздерін форумның жұмысына жеміс тілей отырып жеткізді. Сонымен қатар, Руслан Тұрғамбаев компанияның болашақ жобаларына драйвер бола алатын жаңа таныстықтардың, шығармашылық жаңалықтар мен бастамалардың маңыздылығын атап өтті.

news se 150923 2

news se 150923 2

Форум жұмысын ұйымдастырушылар мен «Жеті қадам» модульдік бағдарламасының қатысушылары жалғастырды. Бұл бастама «Самұрық-Қазына» қоры мен портфельдік компаниялардың жас және тиімді қызметкерлерін дамытуға бағытталды. Әр түрлі компаниялардың 49 белсенді қатысушысы өздерінің коммуникативтік дағдыларын, командада жұмыс істей қабілетін дамыту, қаржылық жоспарлаудың негізгі қағидаттарын түсіну үшін басқарушылық құзыреттерді енгізу техникасын оқыту мақсатында іріктеуден өтті.

news se 150923 2

Форумда «Самұрық-Энерго» АҚ-ның «Жеті қадам» бағдарламасына қатысушылар - Әселия Меңдібаева (Екібастұз МАЭС-1), Шыңғыс Жүйріков (АлматыЭнергоСбыт), Гүлманат Жұман және Мадияр Құлқашев (АЖК) алған тәжірибелерімен бөлісіп, оқу кезеңіндегі қиындықтар, жетістіктер және бастан кешкен эмоциялар туралы айтып берді. Спикерлер өздерінің энергетик әріптестерін холдинг кәсіпорындарында көбірек бастамашылық танытуға шақырып, залдан берілген сұрақтарға жауап берді.

news se 150923 2

news se 150923 2

Әрі қарай форум қатысушылары «Qwiz» зияткерлік ойынында өз қабілеттерін көрсетті. Көпшіліктің пікірі бойынша, викторинадағы сұрақтары ең қиыны «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма мүшелерінің сұрақтары болды.

news se 150923 2

news se 150923 2

news se 150923 2

news se 150923 2

Күннің бағдарламасына әйгілі «Форт Боярд» телебағдарламасы желісінде ұйымдастырылған белсенді команда (тимбилдинг) құру кірді. Қатысушылар командаларға бөлініп, әртүрлі ойын жарыстарында тапсырмаларды орындады. Мұндай бірлескен жұмыс ортақ мақсатқа жету үшін ұжымды біріктіруге бағытталды.

news se 150923 2

news se 150923 2

news se 150923 2

news se 150923 2

news se 150923 2

news se 150923 2

news se 150923 2

news se 150923 2

news se 150923 2

Форум күні бойы жалғасып, интерактивті ойындармен, байқаулармен және түрлі-түсті дискотекамен, көңілді гала-кешкі аспен аяқталды. Іс-шараның барлық қатысушылары бұл күннен көл-көсір эмоция мен мықты қуат алды. Жас энергетиктер жаңа достар тауып, құрдастарымен жақынырақ танысты.

news se 150923 2

news se 150923 2

news se 150923 2

news se 150923 2

news se 150923 2

news se 150923 2

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның II Жастар форумы жас кадрларға, олардың жеке дамуы мен кәсіби жетілуіне назар аударудың маңыздылығын растады. Форум ұйымның жетілу және даму жолында қолайлы орта қалыптастыруға деген ұмтылыстың қаншалықты маңызды екенін тағы да бір көрсетті.