Самұрық-Энерго 2025 жылы отандық өндірушілермен 25,8 млрд теңгеге офтейк-келісімшарттар жасасты

«Самұрық-Энерго» АҚ жергілікті тауар өндірушілермен офтейк-келісімшарттардың көлемін 2,5 есеге арттырды. 2025 жылы компаниялар тобы жалпы сомасы 25,8 млрд теңгеге 26 офтейк-келісімшарт жасасты. 2024 жылы 10,2 млрд теңге сомасына 41 офтейк-келісімшарт жасалды.

Сатып алудағы жергілікті қамту үлесі де артты. 2025 жылы шамамен 80% елішілік құндылық үлесімен 200 млрд теңгеге жуық сомаға тауарларды жеткізу бойынша шарттар жасалды.

«Самұрық-Энерго» АҚ отандық өндірісті қолдауды және жергілікті тауар өндірушілермен әріптестікті нығайтуды жалғастыруда.

 

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның өндірістік көрсеткіштері тарихи ең жоғары деңгейге жетті

2025 жылғы қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес кәсіпорындарының электр энергиясын жиынтық өндіру көлемі 40,4 млрд кВт•сағатты құрады. Бұл көрсеткіш 2024 жылғы деңгейден 2%-ға артық және соңғы 20 жылдағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады.

Компания Қазақстанның электр энергиясы нарығында көшбасшылық позициясын нық сақтап келеді: «Самұрық-Энерго» АҚ-ның үлесі шамамен 33%-ды құрайды.

Есепті кезеңде жылу энергиясын өндіру 7,2 млн Гкал құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6%-ға артық.

Көмірді өндіру мен сату да тұрақты өсуді көрсетті. «Богатырь Көмір» ЖШС көмір өндіру көлемін 2024 жылмен салыстырғанда 6%-ға арттырып, көрсеткішті 45,3 млн тоннаға жеткізді. Көмір сату 44,3 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-ға жоғары.

«АЖК» АҚ электр энергиясын беру көлемі 9,9 млрд кВт·сағ жетті, бұл 2024 жылғы деңгейге қарағанда 7%-ға өсімді көрсетті. «Энергосбыт» АЖК филиалының электр энергиясын өткізу көлемі 10%-ға ұлғайып, 9,6 млрд кВт·сағ құрады.

«Самұрық-Энерго» АҚ биылғы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша негізгі өндірістік көрсеткіштерді арттырды

«Самұрық-Энерго» АҚ еншілес кәсіпорындарының электр энергиясын өндіруінің жалпы көлемі 2025 жылдың тоғыз айында 29,4 млрд кВтсағ құрады, бұл жоспарлы мәннен 1,3%-ға артық және 2024 жылдың 9 айындағы нақты көрсеткіштен жоғары.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Қазақстанның электр энергиясы нарығындағы үлесі көшбасшылық орында қала береді және 32,7%-ды құрайды.

2025 жылғы қаңтардан қыркүйекті қоса алғандағы кезеңде жылу энергиясын босату 3,7 млн Гкал құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 5%-ға жоғары.

Көмірді өндіру мен сату да өсуді көрсетті. «Богатырь Көмір» ЖШС 32 165 мың тонна көмір өндірді, бұл 2024 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 3,1%-ға артық. Көмір өткізу көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға ұлғайып, 31 885 мың тоннаға жетті.

«АЖК» АҚ-ның электр энергиясын беру көлемі 7,3 млрд кВтсағ құрады, бұл жылдық жоспардың 75%-ын құрайды және 2024 жылғы тоғыз айдағы көрсеткіштен 8%-ға артық.

АЖК «Энергосбыт» филиалының электр энергиясын өткізу көлемі 7,25 млрд кВтсағ құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ға артық.

 

Богатырь Көмір 2025 жылдың I тоқсанында көмір өндіру және оны жөнелту көлемін ұлғайтты

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанның көмір саласы сенімді өсім көрсетіп отыр. 2025 жылғы қаңтар-наурызда елімізде 28,5 млн тонна тас көмір өндірілді, бұл - өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,6% - ға артық.
«Богатырь Көмір» ЖШС осы оң динамикаға елеулі үлес қосып келеді. 2025 жылдың бірінші тоқсанында компания өндіру көлемін 12,4 млн тоннаға дейін ұлғайтты, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 6,8% - ға артық. 
Көмірді сату да өсуде: үш айда 12,4 млн тонна көмір жөнелтілді, бұл - өткен жылдың I тоқсанымен салыстырғанда 2,8% - ға артық. Осы көлемнің 9,9 млн тоннасы ішкі нарыққа, тағы 2,5 млн тоннасы экспортқа бағытталды.
Көмірді өндіру мен өткізу көлемінің өсуі компанияның тұрақты дамуын және оның елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі шешуші рөлін растайды.