Акционерлер мен инвесторлар үшін кері байланыс

hotline kz

«Самұрық-Энерго» АҚ беделге зор мән береді және өзінің қызметкерлері мен контрагенттерінен әдеп пен адалдықтың ең жоғары стандарттарын ұстануға талап етеді.​

Қолданыстағы заңнаманы, жалпы іскерлік қағидаттарды немесе «Самұрық-Энерго» АҚ Mінез-құлық туралы кодексі  бұзу туралы хабарлау және ондай бұзушылықтарға байланысты дер кезінде шара қабылдау біздің компаниямыздың беделін қорғау үшін маңызды.​

«Самұрық-Энерго» АҚ алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету саясатына сәйкес, Сіз орын алған немесе болжалды кез келген ұрлау, алаяқтық, сыбайлас жемқорлық фактілері жайлы, сондай-ақ жалпы іскерлік қағидаттарды немесе «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Әдеп кодексін бұзу фактілері жайлы келесі тәсілдермен хабарлай аласыз:​

  • төмендегі «Хабарлама қалдыру» батырмасын басу арқылы; немесе
  • Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. электрондық поштасына хат жіберу арқылы; немесе
  • 8 800 080 47 47 нөміріне қоңырау шалу арқылы; немесе
  • 8 771 191 88 16 WhatsApp; немесе
  • www.sk-hotline.kz  Сайтында.​

Барлық хабарламаларды тәуелсіз компания қабылдап, өңдейді.​

Жедел желі арқылы алынған хабарламалар Қордың Комплаенс кызметіне беріледі және олар ондай хабарламалардың кәсіби және құпиялы түрде қарастырылуын қамтамасыз етеді. Сіздің хабарламаңызды барынша тиімді түрде өңдеу үшін сізге байланысу ақпаратыңызды қалдыру ұсынылады, алайда Сіз сондай-ақ анонимді хабарлама жібере аласыз. Барлық анонимді хабарламалар қарастырылатын болады.​

Жедел желі Қордың қызметкерлері, Қордың еншілес кәсіпорындарының қызметкерлері, жеткізушілері мен серіктестері үшін қолжетімді.​

Ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз!

Даму стратегиясы

Дамудың стратегиялық бағыттары және Қоғам мақсаттары:

Энергия қауіпсіздігі

Тиімділік

Энергоауысу

Тұрақты даму

Қоғамның миссиясы, пайымдауы және Құндылықтары

Миссия:

Біз еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз және тұрақты даму, ресурстарды тиімді басқару қағидаттарын ұстана отырып, энергияға көшудің жедел өтуіне ықпал етеміз.

Пайымдау:

Электр энергетикасы саласының сенімді серіктестік, адамдарға және қоршаған ортаға қамқорлық қағидаттары негізінде барлық мүдделі тараптар үшін қолайлы экожүйені қалыптастыратын жоғары тиімді инновациялық көшбасшысы.

Стратегиялық мақсаттар:

1. Ел экономикасының электр қуаты мен электр энергиясына деген өсіп келе жатқан сұранысын қамтамасыз ету
2. Операциялық, қаржылық және инвестициялық қызметтің тиімділігін арттыру .
3. ЖЭК-ті қарқынды дамыту және қоршаған ортаға тиетін теріс әсерді азайту
4. ESG-дің ең озық тәжірибелерін ұстану

Құндылықтар:

poster

Әлеуметтік және экологиялық нормалар мен заңнамалардың сақталуына қатысты сауалнама

Құрметті Өнім беруші!

Біздің компания БҰҰ Жаһандық шартының он қағидатына өзінің адалдығын мәлімдейді, БҰҰ-ның Орнықты даму саласындағы мақсаттары мен бастамаларын қолдайды.

Біз ашықтық, заңды толық ұстанушылық, адалдық және тиімділік принциптері негізінде өзара іс-қимыл жасаймыз.

Осыған сәйкес, компаниямыз өнім берушілердің қызметіндегі мынадай принциптер мен ережелерді құптайды:

  • Кемсітушіліктің ешбір түрі орын алмайтын инклюзивті жұмыс ортасын құру және қолдау, сондай-ақ әрбір адамның қосқан үлесі танылады;
  • заңнамаға, БҰҰ Жалпыға бірдей декларациясына, сондай-ақ ХЕҰ-ның негізгі қағидаттарына сәйкес адам құқықтарын сақтау.
  • бизнесті қызметкерлердің және жұртшылықтың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ететіндей етіп басқару;
  • балалар еңбегіне немесе мәжбүрлі еңбектің кез келген түріне жол бермеу;
  • тиісті экологиялық және әлеуметтік нормалар мен стандарттарды сақтау;
  • орнықты даму қағидаттарына бейілділігін көрсету: экологиялық таза материалдарды пайдалану, энергия мен суды тұтынуға, парниктік газдар шығарындыларының көлеміне ерекше назар аудару, сондай-ақ қоршаған ортаға қауіпті заттармен (материалдармен, препараттармен және өнімдермен) жұмыс істеу кезінде мұндай заттардың таңбаланатынына, өңделетініне, тасымалданатынына, сақталатынына, қауіпсіз кәдеге жаратылатынына кепілдік беру;
  • экологиялық саясатты әзірлеу және енгізу, саясатқа сәйкес өзінің іскерлік қызметін жүзеге асыру;
  • сатып алынатын өнімнің шығарылатын жерін, оның құрамын, өндіріс және тасымалдау процесінің тұрақтылығын есепке алу. Мүмкіндігінше расталған этикалық және орнықты даму стандарттары мен жеткізу тізбегі сертификаттары бар материалдарды пайдалану (мысалы, бірақ ISO 14001, FSC, PEFC, EPD-мен шектелмей).
  • ресурстарды неғұрлым ақылға қонымды және жауапкершілікпен пайдалануға деген ұмтылыс, осы тәсілді өзінің жеткізу тізбегіне, сондай-ақ өзінің бизнес-операцияларына біріктіру.

        Біздің Компания іскер серіктестерге негізсіз артықшылықтар мен басымдықтар бермейді және олармен өзара тиімділік негізінде іскерлік қатынастар жасауға қолдау көрсетеді. Біз «Самұрық-Қазына»АҚ Директорлар кеңесі бекіткен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібі негізінде неғұрлым тиімді бағаға, тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің сапасына және өнім берушінің жақсы іскерлік беделіне артықшылық бере отырып, өнім берушілерді ашық түрде таңдаймыз.

Өнім берушілерге арналған бұл сауалнама өнім берушілердің әлеуметтік және экологиялық нормалар мен заңнамаларды сақтауына мониторинг жүргізу мақсатында әзірленді, сондай-ақ компанияның барлық өнім берушілерінің өтуі міндетті болып табылады.

«Самұрық-Энерго» АҚ өз қызметінде адам құқықтары мен экологиялық нормалардың бұзылуын болдырмауға ұмтылады және жеткізушілері мен мердігерлерінің өз ұйымдарында мыналарды: 

  • жұмысшылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін;
  • жұмыс уақытының ұзақтығы бойынша ҚР Еңбек кодексі нормаларының сақталуын;
  • қауымдастық еркіндігі мен ұжымдық келіссөздер жүргізу құқығын;
  • қолайлы өмір сүру жағдайларын;
  • экологиялық саладағы нормалар мен заңдардың сақталуын;
  • балалар еңбегін және мәжбүрлі еңбекті заңсыз пайдалануға жол бермеуді қамтамасыз етуге шақырады.

Үшінші тұлғалармен жұмыс істеудегі біздің ұстанымымыз мына сілтеме бойынша орналастырылған мінез-құлық Кодексінде көрсетілген: https://www.samruk-energy.kz/kz/company/corporate-governance/corporate-governance-main-kz/compliance-service 

Әлеуметтік және экологиялық нормалар мен заңнамалардың сақталуына қатысты сауалнама