Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы

Тәуелсіз директор, Аудит комитетінің Төрағасы, Тағайындау және сыйақы Комитетінің мүшесі, Cтартегиялық жоспарлау комитетінің мүшесі.

2022 жылы 6 қазанда «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (№ 56/22 хаттама) тәуелсіз директор, Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Азаматтығы: Қазақстан
Туған жылы: 28.01.1977

Білімі:
1997-1999 Дюкейн университеті (Питсбург қ., АҚШ), «Бизнесті басқару» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесі (BSBA).

2002-2003 Оксфорд университеті (Ұлыобритания).  Салыстырмалы әлеуметтік саясат жөніндегі ғылым магистрі (MSc Comparative Social Policy).

2005-2007 Калифорнияның Беркли университеті (АҚШ), МВА дәрежесі.

Сертификатты қаржы талдаушысы, CFA, 2012 жылдан.        

Жұмыс тәжірибесі:

2006-2008  SAP компаниясы (АҚШ), маркетинг жөніндегі маман

2009-2010  МакКинзи компаниясы (Мәскеу, РФ), консультант

2010-2012  Полиметалл компаниясы (Қазақстан)

2012-2013  КПМГ компаниясы (Қазақстан), аға менеджер.

2013-2020  PwC компаниясы (Қазақстан), аға менеджер, директор.

2020 жылдан қазіргі кезге дейін «Growth Initiatives Consulting» ЖШС консультациялық компаниясының директоры. «StrategyLab» ЖШС компаниясының негізін қалаушы.

Директорлар кеңестеріне қатысуы:

2023 жылдан қазіргі кезге дейін – «Қазатомөнеркәсіп» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Тау-Кен Самұрық»АҚ тәуелсіз директоры.

Шет тілдері:
Ағылшын – еркін
Қоғамның, өнім берушілердің және бәсекелестердің акцияларына иелік етпейді.