Жұмыс істеп тұрған генерациялаушы қуаттарды жаңарту және жаңаларын енгізу бойынша ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатты әзірлеу мен оны іске асыру мақсатында 2007 жылғы 18 сәуірде құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімімен «Самұрық - Энерго» акционерлік қоғамы құрылды (бұдан әрі - «Самұрық - Энерго» АҚ немесе Қоғам). Құру кезінде «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» АҚ және «ҚазТрансГаз» АҚ Қоғамның құрылтайшылары болып табылды.

“Компания алдында жоғары экономикалық тиімділік пен инновациялық жетілуді, әлеуметтік жауапкершіліктің озық стандарттарын үйлестіре отырып, ішкі тұтынушылар мен экспорт көлемін энергия ресурстарымен толық қамтамасыз ете алатын оңтайлы даму моделін қалыптастыру міндеті тұр.”

Жоламанов Бақытжан Төлеужанұлы

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы

Дамудың стратегиялық бағыттары және Қоғам мақсаттары:

Электр энергиясы мен көмірдің сенімді жеткізілуін қамтамасыз ету және ОЭЖ – нің тұрақтылығын қолдау

Акционерлер мүддесін қорғау және Қоғам акцияларын алғашқы рет табысты орналастыру (Халықтық IPO);
Холдингтің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету;
Холдинг активтерінің құрылымын оңтайландыру;
Коммерциялық жобаларға қатысу.

Әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету;
Өндірістік жарақаттануды жою;
Қоршаған ортаны қорғау.

Негізгі өндірілетін өнім:

Электр энергиясын өндіру;

Жылу энергиясын өндіру;

Электр энергиясын тарату және бөлісу;

Энергетикалық көмірді өндіру

Өндірістік қуаттар

2019 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ электр станцияларының орнатылған қуаты 6146 МВт-ны құрады, бұл ҚР БЭЖ электр станцияларының қуатының 26 %-ын құрайды.
Электр энергиясын өндіру көлемі 30 200 млн. кВтс құрады, ол 2019 ж. ҚР БЭЖ бойынша өндірілген электр энергияның 28 %-ын құрайды.
2019 жылы «Самрұқ-Энерго» АҚ электр станциялары 5 239,6 мың.Гкал жылу энергиясын тұтынушыларға жеткізді.

Кернеуі 0,4 - 220 кВ ЭТЖ ұзындығы, км:

25 188 км

Әуе ЭТЖ

5 083 км

Кабельдік ЭТЖ

30 271 км

ЭТЖ-нің жалпы ұзындығы

 

Кернеуі 220 кВ және одан төмен қосалқы станциялар бойынша деректер:

35 кВ

Кернеуі

7188 МВА

Толық қуаттылығы. Саны — 209.

6-10/04 кВ

Кернеуі

2503,12 МВА

Толық қуаттылығы. Саны — 6906.

Негізгі нарықтар

ҚР – ның ОЭЖ аймақтары бойынша «Самұрық - Энерго» АҚ ЕТҰ – ның өнімді және қызметтерді сатудың негізгі кілтті нарығы(электрлік энергияның сауда нарықтары және жылу энергиясының жергілікті нарықтары):
• Сотүстік аймақ – Ақмола, Ақтөбе, Шығыс - Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Астана қаласы
• Оңтүстік аймақ – Алматы, Жамбыл, Қызылорда,Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы
• Батыс аймақ – Маңғыстау облысы
Сонымен қатар, өндірілетін энергетикалық көмір Қазақстанның ішкі нарығында сатылып, Ресей Федерациясына экспортталады.

Акционерлер туралы ақпарат

«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» АҚ және «ҚазТрансГаз» АҚ тиесілі электр энергетикалық активтерді «Самұрық - Энерго» АҚ біріктіру жоспарланғанын есепке ала отырып, «Самұрық - Энерго» АҚ - ның құрылтайшылары болып шықты:
• «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» АҚ
2008 жылы 3 қарашада «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» АҚ және «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ қайта ұйымдастыру нәтижесінде,«Самұрық» мелекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» АҚ заңды құқық иеленушісі болып табылатын «Самұрық - Қазына» Ұлттық әлауқат қоры» АҚ Қоғамның акционері болды. «ҚазТрансГаз» АҚ акционерлер құрамында қалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1103 тамыз қаулысымен «ҚазТрансГаз» АҚ тиесілі «Самұрық - Энерго» АҚ – ның акциялары «Самұрық - Қазына» ҰӘҚ» АҚ – на өтті. Сөйтіп, қазіргі уақытта «Самұрық – Қазына» АҚ Қоғамның жалғыз акционері болып табылады.
Енді «Самұрық – Қазына» АҚ «Самұрық - Энерго» АҚ 100% акционері болып табылады.
2007 жылғы 18 сәуір «Самұрық - Энерго» АҚ – ның құрылтайшыларының жалпы жиналысымен бекітілген, «Самұрық - Энерго» АҚ – ның Жарғысына сәйкес мыналар Қоғам органдары болып табылады:
• Жалғыз акционер
• Директорлар кеңесі
• Басқару
• Ішкі аудит қызметі