«Жаңа электр сүзгілерін орнату арқылы № 1 энергия блогын қалпына келтіру» жобасы

«Жаңа электр сүзгілерін орнату арқылы № 1 энергия блогын қалпына келтіру» жобасы

photo6 GRES 1

Жобаның сипаттамасы: 1996 жылы қазанда энергия блогы пайдаланудан алынды. Энергия блогының консервациясыз тоқтап тұрғанына шамамен 24 жыл болды. Негізгі және қосалқы жабдық тораптарының көпшілігі бөлшектелген. Басқа энергия блоктарын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін пайдалануға байланысты блоктың қосалқы жабдығының басым бөлігі жоқ. Қазандық, турбина және қосалқы жабдықтардың қалған бөлігі моральдық тұрғыдан ескірді, коррозиялық және эрозиялық тозуға ұшырады, одан әрі пайдалануға жарамсыз.

«Жаңа электр сүзгілерін орнату арқылы № 1 энергия блогын қалпына келтіру» жобасы жаңа электр сүзгілерін орнату арқылы белгіленген қуаты 500 МВт энергия блогын салуға бағытталған, бұл ГРЭС-1-дің белгіленген қуатын 4 000 МВт-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жобаның мақсаттары:

  • қолда бар қуатты 4000 МВт-ға дейін арттыру;
  • жаңа жұмыс орындарын құру;
  • электр сүзгілерін орнату есебінен экологиялық нормативтердің орындалуын қамтамасыз ету;
  • жабдықты пайдалану сенімділігін арттыру және апаттылық тәуекелінің деңгейін төмендету;
  • Қазақстанның бірыңғай энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясының болжамды тапшылығын жабу.

Қазіргі кездегі жағдайы:

Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Іске қосу-жөндеу жұмыстары бойынша іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Іске асыру кезеңі: 2012-2023 жж.