Самұрық-Энергоның қызметкерлері BI Marathon-2018 жүгіріп өтті

Экстремалды ауа райы жағдайында жүгіру.

«Самұрық-Энерго» АҚ Корпоративтік орталығының 10 қызметкері 27 мамыр күні Астанада өткен үшінші халықаралық қайырымдылық BI-марафонында жүгірді. Оған 20 елден келген 7 мыңнан астам адам қатысты.

2

Жарысқа шыққан «Самұрық-Энерго» АҚ жүгіру клубының өкілдері 2018 жылғы наурыздан бастап жаттығып жүр. Оның құрылуына үлкен еңбек сіңірген «Самұрық-Энерго жергілікті кәсіподағы» ҚБ  марафоншыларды арнайы киіммен қамтамасыз етті. Энергия холдингінің тағы 4 қызметкері жарысқа аалғаш рет қатысып, өздерінің күшін байқап көрді.  

3

Жүгірушілер экстремалды ауа райы жағдайында 5, 10, 21 және 42 шақырым қашықтықты бағындырды. Бұл күні елордадағы таңғы ауа райы «жайсыз мінез танытып» - небәрі +2  градус жылылық, өкпек жел мен сіркіреген жауын жүгірушілердің күш-жігерін сынады. 

Жаңадан қосылғандардың қатарында – «Стратегиялық жоспарлау және экономикалық талдау» департаментінің бас менеджері Жаннұр Қалиев 10 шақырымдық қашықтыққа тіркелді.

«Бұл қашықтықты бағындыруыма әуелі сенімсіздеу болдым. Кейін жүгіре келе «бәрі де өз қолымда, бұл қашықтықты мен бағындыра аламын, деп өзімді іштей қайраумен болдым. Оның үстіне, бұл марафонға дайындалып, екі ай бойы жаттықтық», - деп өз әсерімен бөлісті Жаннұр Қалиев.

10 шақырымдық қашықтыққа жүгіруге энергия холдингі командасындағылардың көпшілігі, сондай-ақ BI-марафонға қатысушылардың тұтас алғанда  басым бөлігі тіркелді. Энергия холдингінің екі қызметкері – Дәурен Сағидолла мен Лаура Жұпанхан 21 шақырымдық қашықтыққа жүгіруден өздерінің мүміндіктерін алғаш рет тексеруге шешім қабылдады.

4

«Активтерді қайта құру және сату» департаментінің бас менеджері Лаура Жұпанхан дүбірлі жарысқа өзінің бауырымен бірге шықты. Оның айтуынша, әріптестерімен бірге үзбей жаттығу арқасында бұл жүгіру оған қиынға соқпады.

«Бапкеріміз айтқандай, 10 шақырымды қиналмай жүгіруге әрқашан дайын болу керек. Ауа райы ғана қолайсыздық туғызды – азынаған жел, біресе өкпеден, біресе арқадан соғады, саусақтарымды үсік шалды. Өте салқын болды, бірақ көрсеткен нәтижеме көңілім толады. Қашықтықты 2 сағат 30 минутта жүгіріп өтуді мақсат еткен болатынмын, оны 2 сағат 12 минутта  жүгіріп өткенімді көргенде өз көзіме сенбедім», - дейді Лаура Жұпанхан.

5

Салауатты өмір салтын белсенді насихаттаушы, «Самұрық-Энерго» АҚ жүгіру клубын құрушылардың бірі Дәурен аға спорттық ивентке осымен үшінші рет қатысуда. Бұған дейін ол Астана-2017 марафонына және Алматы марафонына қатысқан болатын. Бұл жолы жоба менеджері 21 шақырымдық қашықтықты бағындыруды өзіне мақсат етті.

6

«Бір белесті бағындырғандай сезімдемін. Бұл жаңа кезең. Енді триатлонға дайындаламыз – 1.5 шақырым жүзу, 40 шақырым велосипедте және 10 шақырым кросс. Алда келе жатқан өзімнің 50 жылдығыма сыйлық жасамақпын», - деп мәре сызығынан кейін жоспарымен бөлісті Дәурен Сағидолла.

7

«Самұрық-Энерго» командасымен бірге жарысқа оның бапкері,  «Sport Go Travel» спорттық клубының өкілі Денис Чурин де шықты. Кәсіби спортшы өзінің шәкірттеріне трассада ақыл-кеңес беріп, қолдап жүрді.

8

Оның сөзінше, бұл іс-шара команда мүшелеріне жүгіру техникасы бойынша алған білімдерін іс жүзінде тексеруге мүмкіндік беріп, өздерінің күш-жігерін шыңдауға жасалған тағы бір қадам болды.

9

«Самұрық-Энерго» жүгіру клубының тең ұйымдастырушысы Еркін Акенев BI-марафонда 10 шақырымды жүгіріп өтті.  «Активтерді қайта құру және сату» департаментінің директоры қайырымдылық спорттық ивентке команданың білек сыбана дайындалғанын атап өтті. 

10

«Маған әріптестерімнің бастапқыда қиын болады деп ойлағанымыздан бәрі де әлдеқайда жеңіл болды, деп айтқандары ұнады».  Нәтижесінде, олар көкейлерінде ұялаған таптаурын ойлардан арылып, іс жүзінде өздерін жеңе білді, - деп Еркін Акенев әріптестерінің жетістігі туралы ой қорытты. – Биылғы жүгіру мезгілінде біз осындай ивенттерге түгел қатысуға үміттіміз. Қалай болғанда да команданың көңіл-күйі көтеріңкі».

«Самұрық-Энерго» АҚ жүгіру клубының командасы дәл осындай қалыппен екі халықаралық спорттық іс-шараға – Алматы марафонына және  BI- марафонға қатысқанын атап өтейік.  

11

Впереди у коллег тренировки, укрепляющие силу, волю и дисциплину  и новый вызов – осенний  Астанинский Марафон-2018.

Дамир Айдаров

В материале использованы фотографии организаторов BI Marathon